Методические рекомендации «читательская деятельность школьника»



жүктеу 4,69 Mb.
Pdf просмотр
бет18/127
Дата26.11.2018
өлшемі4,69 Mb.
#24594
түріМетодические рекомендации
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   127

42 
 
көшкен  кезде  ақпараттар  көлемі  ұлғая  түседі.  Ал,    ежелеп  оқу  материалды 
меңгеруге мүмкіндік бермейді. Орта және жоғары сыныптарда да жоғалу бар. 
Бірақ  салыстырмалы  түрде аздау  болады.   Бастауыш  сыныпта  жоғалу  көбірек 
байқалады. 
Оқу жылдамдығы туралы көп нәрсе айта аламыз. 
Бастауыш  сынып  оқу  жылының  аяғында  оқу  жылдамдығы  нормативі 
минутына 80-90 сөз болатыны көрсетілген.  
Мәскеу  мемлекеттік  педагогикалық  институтының  доценті  Н.А. 
Лошкарёв  бастауыштың  соңында  оқушылар  минутына  120  сөз  оқығанды 
ұсынады.  
Көрнекті  педагог  В.А.  Сухомлинский    өзінің  «Разговор  с  молодым 
директором  школы»    кітабында  көз  жүгіртіп,  қалыпты  оқу  дегеніміз  – 
минутына  150-300  сөзді  екпінмен  оқу  деп  жазады.  Егерде  осының  төменгі 
шегін  алсақ  та  Сухомлинскийдің  көзқарасы  қазіргі  қолданыстағы  нормаға 
сәйкес келмейді. 
Біздің  балаларға  оқу  кезіндегі  бұл  қиындықтарды  жеңуге  қалай 
көмектесуге болады? 
Бастауыш  мектепті  әртүрлі  аяқтаған  балалардың  орта  буында  қалай 
оқитынын білетін боламыз.  
Орта  және  жоғары  буын  оқушыларының  оқу  үлгерімін  саралап  көрсек, 
онда бастауыш мектепті шамамен  минутына  130-170  сөз оқу жылдамдығымен 
бітірген балалар оқу үздіктері атанған деген қорытынды жасауға болады. Орта 
есеппен  алғанда,  шамамен  минутына  150  сөз.  6-8  сыныптардағы  оқу  үлгерімі 
жақсы  оқушы  атанған  оқушылардың  оқу  жылдамдығы  минутына  100-ден  140 
сөзге  дейін  болған.  «Үшке»  оқитын  балалардың  оқу  жылдамдығы  шамамен 
минутына  80-90  деген  сөз  құраған.  Заңдылық  осындай.  Бұл  заңдылықты 
жұмыста ескеру керек. 
Нақты  жағдайларда  әрбір  мұғалім  өзінің
 
оқушыларының  4  және  5-ке 
оқығандарын қаласа Сухомлинскийдің ұсынысын орындау керек. 
Егер  ол  бұдан  да  салмақтырақ  тапсырмалар  қойып  балалардың  жақсы 
оқушы атанғанын қаласа, онда А. Лошкарёвтің  ұсынысын тыңдағаны дұрыс.  
Ал  егер  ол  барлық  оқушылардың  орташа  оқығанын  қаласа,    онда  оған 
нормативті орындағаны жеткілікті.
 
Заңдылық осындай.
 
Шындығына  келгенде,  мектептегі    барлық  оқушыны  үздіктер  қатарына 
жеткізу  мүмкін  емес.  Психологиялық  залалдың  кесірінен  балалардың  сабаққа 
немкетті қарап, үшке оқи бастағаны мектеп ұжымын бей-жай қалдырмайды. 
Сондықтан  әрбір  мектеп  оқушылардың  басым  көпшілігі,  яғни  50%  дан 
артығы      4  пен  5  -  ке  оқығанын  қалайды.  Бұл  үшін  бастауышта  оқытудың 
соңында оқушылардың басым бөлігінің оқу жылдамдығы минутына 120 сөзден 
төмен  болмауына  ұмтылу  қажет.  Бірақ  бұл жүзеге  асатындай ма?  Бұл  бәлкім  
жақсы тілек қана болар,  ондай деңгейге өту мүмкін емес те болар?  Өйткені  әр 
оқушының темпераменті әртүрлі. 
Холериктер, әдетте тез сөйлейді және тез оқиды  екен. Флегматиктер баяу 
және ақырын оқиды. Мұнда қандай мүмкіндіктер? Минутына 180 тіпті одан да 


43 
 
көп  сөзді  екпінмен  жүгіртіп  дұрыс  оқып,  жаза    білетін  холериктер  болып 
шықты.  
Сангвиниктер  үшін көбірек типтік диапазони бұл минутына 120-130 сөз 
оңтайлы  оқу  диапазонымен  сәйкес  келеді.  Сонымен  холериктер  мен 
сангвиниктер минутына 120 сөз оқу деңгейіне көтеріле алады.  Флегматиктер 
және  меланхоликтердің  жағдайы  қиын  болады.  Олар  үшін  мұндай 
жылдамдыққа жету екіталай нәрсе. Бірақ табиғаттың өз сыйы бар. Гәп, біздің 
оқушылардың  көпшілігінің  холерик  және  сангвиник  болуында.  Украина  ҒЗИ-
ның  психологтарының  деректері  бойынша,  90%-  дан  астам  оқушылар 
холериктерге және сангвиниктерге жатады. Флегматиктер және меланхоликтер 
сыныпта 3-4 тен кем емес, 10% құрайды.  
Сонымен,  көптеген  оқушыларға  минутына  120  сөз  оқу  жылдамдығы 
қолжетімді. 
Онда  сұрақ  туындайды:  бұл  деңгейге  қалай  өтуге  болады.  Оңтайлы  оқу 
жылдамдығына  қалай  жетуге  болады?  Бұл  кезде  оқытудың  қандай  жолдарын 
қолдануға болады?   
Көбінесе  осы  мәселені  қарапайым  жолмен  және  амал-айласыз  шеше 
салуға тырысады: көбірек оқу керек деп санайды. 
Кейбір  ұсыныстар  –  ескірген,  бұрыннан  белгілі.  Басқалары  жаңадан 
келген. Ең бастысы, олар пайдалы. 
Сыныптағы  оқушылардың  санын  анағұрлым  еуропалық  деңгейге  дейін 
төмендету керек. Егер сыныпта 20 шақты адам болса. Мұғалімнің орташа оқу 
жылдамдығын  минутына  120  сөзге  дейін  жеткізетінін  күтуге  болады.  20 
адамнан асқан жағдайда максималды түрде минутына 90 сөз оқиды.  
Алайда, оқушылардың санын азайту – оқу дағдысын жақсартудың жалғыз 
жолы  емес.  Бұл  орайда  мәтінді  оқып  үйренудің  нәтижесіне  қызығушылық 
білдіретін  әрбір  зиялы  отбасыдан  шыққан  баланың  оқу  жылдамдығы  жоғары 
болатынын  ескеру  керек.  Оқушыларының  көпшілігі    тұрмысы  төмен,  толық 
емес, аз қамтылған отбасыдан шыққан сыныптарда оқу жылдамдығы  нәтижесі 
біршама  төмен  болады.  Осындай  отбасының  көпшілігінде  оқулықтан  басқа 
балаларға  арналған  ешқандай  кітап  жоқ  екені  белгілі.  Бұл  балалар  үйде 
оқымайды.  Ал  егер  сыныпта  психикалық  тоқырауға  ұшыраған  оқушылар  көп  
болса, онда нәтижеде соған сәйкес болады.  
Бірақ  осындай  сыныптарды  әрі  қарай  сөз  болатын  жұмыс  жүйесіне  жай 
ғана енгізу қажет.   
Оңтайлы оқуға үйретудің біршама тиімді резервтері. 
1. 
Ұзақтығы емес, жаттығу жұмыстарының жиілігі маңызды. 
 
Адамның  жады  үнемі  көз  алдындағы  нәрсені  емес,  қараңдап  тұратын, 
яғни бір де бар, бірде жоқ нәрсе есінде қалатындай құрылған.   Дәл осы нәрсе 
қоздыру  тудырады  және  есте  қалады.    Сондықтан,  кейбір  дағдыларды 
үйренгіміз  келсе,  оларды  автоматтандырғымыз  келсе  ұзақ  уақыт  алатын 
жаттығулар  жүргізбей,  аз  уақытқа  есептелген  жаттығуларды  жиі-жиі  жүргізу 
керек.    Біздер,  әдетте  үйде, отбасында баланы отырғызып,  (әңгімені,  ертегіні) 
оқып  болмай  тұрмайсың  деп  міндеттеп  қоямыз.  Бірінші  сынып  оқушысын 
кітапты  ұзақ  уақыт  бойы  соңына  дейін  оқуға  отырғызып  қоюға  болмайды. 


жүктеу 4,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   127




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау