Методические рекомендации «читательская деятельность школьника»



жүктеу 4,69 Mb.
Pdf просмотр
бет16/127
Дата26.11.2018
өлшемі4,69 Mb.
#24594
түріМетодические рекомендации
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   127

37 
 
білім  мен  рухани  құндылықтарды  адамға  берудің,үйретудің,тәрбиелеудің 
тәсілдерінің бірі. 
Балалар  мен  жасөспірімдердің  зияткерлік  және  моральдық  дамуы  олар 
алған  ақпаратпен  тікелей  байланысты.  Бұқаралық  ақпарат  құралдары  мен 
кітаптар жеке тұлғаны қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Қазіргі уақытта оқу 
мәртебесі, оның рөлі, оған деген қарым-қатынасы көп өзгерді. 
Тек  кітап  қана  балаларға  моральдық  қағидалар  туралы  қазақ  халқының 
идеяларын  тасымалдаушы  әдебиет  пен  өнер  туындылары    бола  алатын  және 
болуға тиіс білім көзі болып табылады.
 
К
ейіпкерлердің әрекеттерін талқыламай, 
одан  бұрын  балаға  ойлануға  мүмкіндік  беріп,  бірақ  пікірін  тыңдамай,  кеңес 
бермей, ал кеңес бере отырып «клеймо» қоймай кетуге болмайды.  
Әдеби  кейіпкер  әрекеттерінің  себептері  мен  салдары    балаларды 
ойлантатын «дұрыс» шығарманы таңдау міндетін тек ересек адам ғана атқара 
алады.  
Отбасы  дегеніміз  -  әлеуметтік  институт.  Оның  негізі  сүйіспеншілік    пен 
қабылдау  болып  табылады.  Сондықтан,  бала  дамуының  алғашқы  кезеңдерде 
баланың оқу қабілетін дамытуға оған етене жақын олардың ата-аналары(көбіне 
анасы)  көмектеседі.  Бала өсе келе, бірлескен оқу мәдениеті  баланы мәдениет 
әлеміне жетелеп, кітапқа деген махаббатын оятады, оқырманға тән қасиеттерді 
меңгереді.    Анасымен  (әкесі,әжесімен)  бірге  оқу  ересек  адам  мен  баланы 
жақындата түседі, бұл  (ол тек ата-әжелерді әуреге салған домалаған Колобок 
болса да,) жақын жаннын оқыған шығармаға көзқарасын сезінуге көмектеседі.  
Тек  қана,  мектеп  пен  отбасының  бірлескен  еңбегі  арқасында  ғана  баланың 
кітапты  сүюіне  қол  жеткізуге  болады.  Кітап  оқуды  оның  мұқабасынан,  титул 
парағынан бастау керек. Сіздің үй ішілік кітапханаңыз жолдастарыңызбен кітап 
алмасуға  мүмкіндік  береді.  Бұл  кітап  оқуға  деген  қызығушылықты  арттыра 
түседі. 
Бала  мәтіннің  мағынасын  әлі  қабылдай  алмаса  да,  ертегілердің 
кейіпкерлерімен  қосылып  уайымдауды  үйренеді,  осылайша  оқудың  алғашқы 
тәжірибесін  жинақтайды.  Ересектердің  кітап  оқуға  араласуы    -  бұл  ерте 
жастағы (бір жастан үш жасқа дейін) және мектеп жасына дейінгі (үш жастан 
жеті  жасқа  дейін)  оқудың  балалармен  міндетті  тәрбиелеу  элементі  болып 
табылады.  
Бастауыш  мектептегі  баламен  бірлескен  оқудың  рөлі  азайып  кетпейді. 
Сондықтан отбасылық оқу дәстүрін қалыптастыру және сақтау өте маңызды. 
Отбасылық  оқу,  қазіргі  заманғы  балалар  мен  жасөспірімдерді  оқумен 
таныстыру  процесі мынадай негізгі  міндеттерді  шешуге  тиіс: кітаппен  жұмыс 
істеу дағдысын қалыптастыру, жұмыстың мәнін дербес ашып көрсету,  әдебиет 
туралы  сөздік  қорын  жетілдіру,  оқу  әдетінен  оқуға  деген  қажеттілікке  көшу,  
ата-аналармен  рухани  қарым-қатынас  жасау,  көзқарастар  мен  болжамдарды 
қалыптастыру, әмбебап және отбасылық құндылықтарды енгізу.
 
Қазіргі  заманғы  қоғамда  жаңа  білімді  өз  бетімен  қалай  меңгере 
алатындығын  және  оларды  түрлі  іс-шараларда  қолданатындығын  бағалайтын 
адам  бағаланады.  Бұл  білімнің  бәрін  дұрыс  таңдалған  ақпарат  көздері,  атап 
айтқанда,  оқулық  бере  ете  алады.  Кітапта  дербес  жұмыс  үшін  қойылған 


38 
 
сұрақтар  мен  тапсырмаларды  ұсынылады.  Кітаптан  біз  үшін  қызықты 
сұрақтарға жауаптар табамыз. Бірақ кітаппен жұмыс істегенде өзімізге қажетті 
ақпаратты  табуды  және  алуды  үйрену  керек.  Мұны  істеу  үшін  балаларға 
кітаппен дұрыс жұмыс істеуді үйретеміз. Балаға кітаппен жұмыс істеуді үйрету 

ең алдымен, жеке қасиеттерді ескере отырып, оқу материалдарын өз бетінше 
зерттеуде жақсы дағдылар мен білімдерге ие болу. 
Қазіргі уақытта кітапханалар кітапты насихаттау жұмыстары жүргізілуде: 
оқырмандармен  әртүрлі  кездесулер  ұйымдастырылады,  оқырмандардың 
әсерлерімен  бөлісетін  «Оқырман  мейман»  деп  аталатын  кездесуде  сәнге 
айналған.  Кітапхана  мектептермен  қатар  әртүрлі  жаңа  интерактивті  жұмыс 
формаларын  пайдаланады:  интернет  арқылы  форумдар,  түрлі  вебинарлар, 
тұсаукесерлер және фильмдер және т.б. 
Балалармен  жұмыс  істеу  барысында  нақты  сауатты  оқырмандарды 
тәрбиелеу  үшін  мұғалімге  көркем  туындыны  кешенді  талдауды  үйрету  керек, 
сондай-ақ,  сабақтарда  шығармашылық  ойлау  мен  қиялын  дамыту  үшін 
ынталандыру қажет. Ең бастысын ұмытпаңыз: кез келген сабақтың ортасында - 
мәтін  және  оның  айналасында  болып  жатқан  барлық  нәрселер  оның  түсінігін 
жинақтап туралайды. 
 
 
 
 
 
 
 


39 
 
2. 
Сауатты оқуға бейімдеудің заманауи технологиялары   
 
                                             
«Ең жақсы әдіс, ол сіз меңгерген әдіс, бірақ  
                                             
өзінің жасы  мен педагогикалық қызмет  
                                             
өтіліне қарамастан оқу техникасын жетілдіру  
                                            
әдісін әр мұғалім меңгеруі  қажет». 
                                                                                                    
Л.Н. Толстой 
 
Бүгінгі қоғам өз ісін жетік меңгерген  жоғары сапалы мамандарды талап 
етеді. 
Жұмыс  берушілер  де  толассыз  келетін  қатынас  қағаздарға  көміліп 
қалмайтын,  ақпараттарды  тез  айналдыра  білетін  мамандарды  таңдайды.  Адам 
тез  оқи  алатын  болса  ғана  бұл  шаруаны  атқара  алады.  Көптеген  елдерде 
басшылық қызметке баяу оқитын адамдарды қабылдамайды.  
Соңғы  уақытта  көптеген  оқушылардың  амалсыздан  және  аз  оқи 
бастағаны байқалуда. Олар үшін сабақ оқу көңілсіз істердің бірі болып келеді. 
Оған бірқатар себептер бар: 

Оқуға қызығушылықтың жалпы төмендеуі; 

Оқумен қатар мол ақпарат көздерінің болуы; 

Оқуға арналған уақыт санының азаюы. 
Алайда,  бұл  құбылыстың  басты  себебі  кітап  оқудың  жетілдірілмеуі, 
оқушының оқу жұмыстарын мақсатты түрде қалыптастыру жүйесінің болмауы. 
Бастауыш  мектептегі  әртүрлі  мәліметтерге  сәйкес,  балалардың  5%  -дан 
астамы  жақсы  оқуға  қабілетсіз,  психикалық  денсаулыққа  қатысты 
проблемалары бар және оқу дағдысын игере алмайтын оқушылар саны артып 
келеді. 
Мектептеріміздегі  оқушылардың  көпшілігі  баяу  оқиды.  Минутына  300 
сөзден  артық  оқу  шапшаң  оқуды  білдіреді.  Бірақ  солай  екен  деп  шапшаң 
оқудың соңына түсуге болмайды.  
Мұндай жылдамдықта дауыстап оқу мүмкін емес.  
Минутына 180 нен 300 сөзге дейін екпінмен шапшаң оқу, бұл да мүмкін 
емес. 
Теледидар  дикторлары  минутына  90-170  сөз  көлемінде  оқиды.  Орташа 
көлемі-130 сөз. 
Міне осы жылдамдық оңтайлы оқудың көлеміне келеді. 
Оңтайлы
 
оқу – бұл  ауызша  сөйлеу жылдамдығымен оқу,  яғни  қарқынмен 
минутына  120-дан  150  сөзге  дейін  оқу.  Көптеген  жылдар  бойы  адамның
 
артикуляциялық  аппараты  дәл  осындай  жылдамдыққа  үйреніп  қалды,  мәтінді  
дәл  осындай   жылдамдықта жақсы түсінуге болады. 
Нормативтік оқу, болашақ 5-сыныптар үшін оқу жылдамдығы минутына 
80-
90  сөзден  кем  емес  болмайтыны  белгілі.    Бірақ  бұл  оңтайлы  оқытудың 
ауызекі оқу жылдамдығымен сәйкес келмейді. Сондықтан норматив
 
тым төмен 
емес пе
 
деген күдікті тудырады.
  


жүктеу 4,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   127




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау