Методические рекомендации «читательская деятельность школьника»



жүктеу 4,69 Mb.
Pdf просмотр
бет17/127
Дата26.11.2018
өлшемі4,69 Mb.
#24594
түріМетодические рекомендации
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   127

40 
 
Бастапқы  оңтайлы  оқу  жылдамдығына  қол  жеткізген  педагогтар  оқу 
жылдамдығының  сабақ  үлгеріміне  ықпал  ететін  маңызды  факторлардың  бірі 
екендігін біледі.  
Профессор    В.Н.  Зайцевтің  жетекшілігімен  Донецк  университетінің 
педагогикалық  диагностика  лабороториясында  мұғалімдердің  пікіріне  сүйене 
отырып  оқу  үлгеріміне  әсері  күшті  40  фактор  іріктелді;  содан  соң  оларды 
сауалнамалар,  сынақтарға  енгізіп  2000-нан  аса  оқушыдан  сауалнама  мен 
сынақтар  алынды.  Нәтижесінде  барлық  факторларға  қарағанда  оқу  үлгеріміне 
қатты  әсер  ететін  №1  фактор  бары  белгілі  болды.  №1  бұл  фактор  –оқу 
жылдамдығы екен.   
Оқу  техникасын  жетілдіру  әдістемесі  көптеген  ғалымдардың  идеяларын 
қамтитын  әдеби  шығарманы  оқытуға  арналған  заманауи  педагогикалық 
технологияларды қолдануды білдіреді. 
Олардың кейбірін қарастырайық. 
 
 
1. 
ОҢТАЙЛЫ 
ОҚУҒА 
ҮЙРЕТУ 
ТЕХНОЛОГИЯСЫ  
(
В. Н. ЗАЙЦЕВ) 
Оңтайлы  оқу не үшін қажет? 
Мәселені бірнеше аспектіде қарастырамыз. 
Оқыту аспектісі. 
1.03.  Егер  оқушы  нормадан  төмен  оқитын  болса,  онда  үй  тапсырмасын 
орындауға  бірнеше  сағат  жұмсайтын  болады.  Егер,  мысалы,  9  –  сынып 
оқушысы  минутына  40  сөз  оқиды  (мектепте  осындай  оқушылар  да    болады).  
Мұндай  оқу  жылдамдығын  1-сынып  оқушылары  оқу  жылының  соңында 
меңгеріп  шығады.  Үйге  берілген  мәтіндерді  бір  рет  оқу  үшін  оған  үш  сағат 
керек.  Бірақ  оқу  техникасының  осындай  төмендігінен  ол  бір  оқығаннан 
оқулықта не жазылғанын түсінбейді. Оған кем дегенде үш рет оқу керек, ал бұл 
9 сағат уақытты қамтиды. Егер оған жазбаша тапсырмаға кеткен уақытты және 
мектепте  болған  6  сағатты  қоссақ,  онда  оған  үй  тапсырмасын  орындауға  1 
тәулік,  яғни    24  сағат  жетпейді.  Бала  үлгерімі  нашар  оқушылар  санатына 
қосылуға  мәжбүр  болады.  Оған  қарапайым  оқу  дағдыларын  үйреткенше-  ең 
талантты деген мұғалімнің өзі көмектеуге қауқарсыз болады. 
Даму аспектісі 
Көп  оқитын  оқушылар  тез  оқиды.  Оқу  процесінде  белсенді  есте  сақтау 
мен  жады  тұрақтылығы  жетілдіріледі.  Ақыл-ой  жұмысқа  қабілеттілік  осы 
көрсеткіштерге  байланысты.  Жақсы  оқу  техникасынсыз  жоғары  білімділік 
мүмкін  болмайды.  1.05.  Кейде  дағды  және  ойлау  қарама-қарсы  тұрады.  Бұл 
мектеп  үшін    өте    қиын    түседі.    Шынында    да  бұл  жерде  альтернатива  жоқ, 
сонымен  қатар,  ойлауды  дағдыларға  сүйене  отырып,  дамытуға  болады.  Егер 
ойлаудың  дамуын  күрделі  дағдыларды  игеру  деңгейімен  салыстырсақ,  онда 
күрделі  дағдыларды  табысты  енгізу  үшін  қарапайым  дағдыларды  алдымен 
автоматтандыру  деңгейіне  жеткізе  білуіміз  керек.    Оқу  дағдысы  көптеген 
күрделі біліктердің құрамдас бөлігі болып табылады.  
 


41 
 
Тәрбиелік аспект: 
Тәрбие  жұмысының  оқушылардың  жауаптылығына  байланысты 
екендігіне ешкім күмән келтірмейді. 
Сондықтан  жыл  сайын  оқушылардың  жауаптылығы  қалай  өзгеретініне 
зерттеу  жүргізілді.  Нәтижесінде,  5-сыныпта  жауаптылығы  артады,  6-сыныпта 
одан  ары  арта  түседі,  ал  7-сыныпта  күрт  төмендейді,  8-сыныпта  төмендеу 
байқалмайды, 9-сыныпта жауаптылығы аздап арта бастайтын болып шықты. 
«Неліктен 7-сыныпта жауаптылық төмендейді?» деген сұрақ туындайды.  
Жауабын  іздедік.  26  фактор  бойынша  бірнеше  мектептен  сынақ  алынды, 
олардың  үлгерімі  жайлы  деректер  жинадық,  әр  түрлі  факторлардың 
жауаптылыққа қалай әсер ететінін зерделедік. Жауаптылыққа қатты әсер ететін 
міндеттілік  болып  шықты.  Сонымен  қатар,  жауаптылық  пен  міндеттілік  бір-
бірімен  тығыз  байланыста  болады.  Содан  соң  жауаптылыққа  әсер  етуші 
факторлар  табылды.  Оқу  жетістіктерімен  тығыз  байланысты  болғаны 
анықталды. Оқу жылдамдығы сабақ үлгеріміне қатты әсер етеді. Егер оқушы 3-
сыныпта нашар оқыса, онда 5-сыныпта үлгерімі төмендейді. Содан балалардың 
көбі  үшке  оқиды.  Сыныпта  үшке  оқитындардың  психологиясы  басымдық 
алады.  Бұл  зиянды  психология.  Олар  өздеріне  көбірек  балаларды  бағындыру 
арқылы, психологиялық залал тудырады.  
5-
сыныптағы  психологиялық  залалдың  мәні  қандай?  Оқушылардың 
көпшілігі.  Бәрібір  де  екі  қоймайды,  ал  жақсы  оқу  алынбайтын  асу  -  деп 
ойлайды. Сондықтан жалғыз жол – үшке оқу.  Оқы, оқы ма- бәрібір үш. Егер 
солай болса, оқығаннан, оқымаған жеңілдеу. 5-ші сыныптың соңында балалар 
мұны  жақсы  түсіне  бастайды,  ал  6  сыныпта  олардың  көпшілігі  үй 
тапсырмаларын  өз  бетімен  орындамайды,  сабаққа  немкетті  қарайды.  Егер  біз 
бұдан әрі қарай қарасақ, жауаптылықтың төмендеуі тәрбиелік жұмыстың ақсай 
бастауына  соқтыратынын  көреміз.  8  сыныпта  қиын  оқушылар  саны  артып,  9-
сыныпта олардың кейбіреулері құқық бұзушылық жасайды. 
Жақсы оқи алмайынша үздік оқу  мүмкін емес.  
Идеялық-саяси аспект.  
Егер 40 мың сөзді (бұл – 6 беттік газет көлемі) минутына 80 сөзге бөлсек, 
колледжге баратын 9-сынып оқушыларының көпшілігі осындай жылдамдықпен 
оқиды,  онда  500  минут,  немесе  8  сағаттық    жұмыс    күні  шығады.  Егер 
минутына  40  сөз  оқитын  оқушыны  еске  алсақ,  онда  оған  газетті  оқу  үшін  2 
жұмыс күні қажет болады.  
Осындай жағдайда ешқандай да жаппай идеялық-саяси тәрбие туралы сөз 
болмайды. 
1.06. 
Экономикалық аспект. 
Жақсы  оқу  техникасынсыз  жоғары  білімділік  мүмкін  болмайды.  Ал 
білімсіз жұмыссыз қалуын немесе қара жұмысқа жегілуін әбден мүмкін. 
Біз бірнеше аспектіде оңтайлы оқудың тиімділігін қажеттілігін зерделеп 
көрдік.
 
Оңтайлы оқудың шынында қажетті
 
екеніне жеткілікті мысал келтірдік 
деп білеміз. 
Бастауыш  сыныптар  –  ең  әлсіз  буын.  Мұнда  оқушылардың  60-70% 
ынтасын  жоғалтады.  Одан  әрі  олар  4-5-ке  оқи  алмайды,  балалар  5-сыныпқа 


жүктеу 4,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   127




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау