Қазақстан республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылғАН



жүктеу 4,89 Mb.
Pdf просмотр
бет16/39
Дата23.11.2018
өлшемі4,89 Mb.
#24297
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   39

36

Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі 

мамандандырылған ауданаралық соттардың дамуы

5.3.  ПСИХОЛОГТАР,  ПЕДАГОГ  МАМАНДАР 

ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР 

Психологтар,  әлеуметтік  қызметкерлер  мен  педагог 

мамандар жасқа қарамастан барлық сот үдерістерінде 

баланың ең басты мүдделерінің басымдыққа ие бо-

лып қала беруін қамтамасыз етуде негізгі рөлге ие. 

Олар  мұны  балаларға  және  олардың  отбасылары-

на сот үдерістері барысында қажетті психологиялық 

және  әлеуметтік  қолдау  көрсету  арқылы;  егер 

бала  сотқа  қатысса,  дәнекер  ретінде  баланың  сот 

тыңдауларына  қатысуын  жеңілдету  үшін,  егер  бала-

дан дәлелдер сұраса және ол көрсете алса; баланың 

психологиялық  жағдайын  және/немесе  өмірлік 

жағдайы  туралы  сарапшының  есебін  сотқа  көрсету 

арқылы;  сонымен  қатар  сот  шараларының  балаға 

қалай әсер ететіні жөніндегі сарапшылардың пікірін 

ұсыну арқылы жасай алады.  Мысалы, Біріккен ұлттар 

ұйымының кәмелетке толмағандарға арналған әділсот 

бойынша  16  Минималды  стандарттық  ережелеріне 

(Пекин  ережелері

142


)  сәйкес,  кәмелетке  толмаған 

айыпталушылардың қатысуымен болатын қылмыстық 

істердің  барлығында  сәйкесінше  әлеуметтік  қызмет 

болуы  тиіс.  Ол  баланың  өміріндегі  жағдайларға 

қатысты  әлеуметтік  тексерудің  нәтижелерін  және 

тиісті  жаза  туралы  шешімнің  қабылдануында  сотқа 

көмек беру үшін қажет. 

5.3.1. ПСИХОЛОГ

ТАР МЕН ПЕДАГОГ МАМАНДАР 

КТМАС  судьяларымен  жүргізілген  интернет-сауал-

нама  шеңберінде  олардан  КТМАС-тағы  тыңдауларға 

психологтар  қаншалықты  жиі  қатысады деген  сұрақ 

қойылды. Алынған жауаптер төмендегі Кесте 12 – де 

берілген. 

Бір  жағынан  нәтижелерге  қарасақ,  әр  КТМАС-та 

психологтардың  қатысуы  әртүрлі.  Олардың  қатысуы 

төмендегі  әкімшілік  құқық  бұзушылық  жөніндегі 

істердің тыңдауларында байқалады

143

. Бұл нәтиже сот-



та жүргізілген бақылау жұмыстары кезінде жиналған 

мәліметтерге  негізделген;  бақылау  жүргізілген 

әкімшілік құқық бұзушылыққа қатысты тыңдалымның 

95,5%-ында  психологтар

144

.  Алайда  жауап  беруші 



КТМАС  судьялары  КТМАС-тағы  тыңдауларға  психо-

логтар  қатысқан  кезде  олардың  өте  пайдалы  рөл 

атқаратынын айтады. 

Кесте  13-те  көріп  отырғанымыздай,  жауап  беруші 

судьялардың  жартысынан  көбі  психологтардың 

тыңдауларға қатысуы не өте пайдалы немесе аса пай-

далы  деп  есептейді.  Жекелеген  сұхбаттарда  берген 

судьялардың жауаптары осы тұжырымды қайталайды. 

142

 Біріккен  ұлттар  ұйымының  кәмелетке  толмағандарға  арналған 



әділсот бойынша Минималды стандартттары, 29 қараша 1985 ж. 

Бас Ассамблеяның 40/33 қарары 

143

 Жауап берушілердің 58%-ы (31-дің 18-і) психологтар сирек не-



месе ешқашан қатыспады деді.

144


 Өтінеміз,  сот  тыңдалымдарына  жүргізілген  бақылаулар  өкілдік 

іріктеу мақсатын басымдық деп таппады, сол үшін бұл мәліметтер 

таңдалып алынған КТМАС-тар, жылпы Қазақстандағы КТМАС-тар 

үшін өкілдік емес болуы мүмкін екеніне назар аударыңыз.

Мысалы, бір судья айтқандай, олар «судьялар үшін өте 

қажет – өте маңызды, өйткені шешім қабылдауда көмек 

береді»

145


.  Алайда,  кейбір  судьялар  психологтардың 

«сылбыр рөлге ие, олар белсенді болулары қажет»

146

 

деген  де  пікір  білдірді.  Сол  сияқты  КТМАС  судьяла-



ры  психологтардың  көрсеткен  қызметінің  сапасын 

және сот тыңдауларына дайындық деңгейін әрқалай 

бағалайды

147


.

КТМАС  істерінің  тыңдауларына  психологтардың  аз 

қатысуы  келесідей  фактормен  түсіндіріледі.  Ішкі 

мемлекеттік  құқыққа  сәйкес,  олардың  КТМАС-

тың  барлық  тыңдауларына  қатысуы  міндетті  емес. 

Қазақстанның  заңнамасында  КТМАС-тың  барлық 

әкімшілік құқық бұзушылық істерінде психологтардың 

көмек көрсетуін міндеттейтін талап жоқ

148

. Нақтырақ 



айтсақ, психолог пен педагог маманның он төрт жасқа 

толмаған  куәгермен  сұхбаттасу  кезінде  қатысуы  та-

лап етілген

149


.

  Қылмыстық  істердегі  тыңдауларға  қатысты  ай-

тар  болсақ,  «он  алты  жасқа  толмаған,  сондай-ақ 

осы  жасқа  толған,  бiрақ  психикалық  дамуын-

да  мешеулiк  белгiлерi  бар  кәмелетке  толмаған 

күдіктiнiң,  айыпталушының  қатысуымен  iс  жүргiзу 

әрекетiн  жүргiзу  кезiнде»  педагог  маманның  неме-

се  психологтың  қатысуы  мiндеттi»

150

.  Алайда  кейбір 



жағдайларда  кәмелетке  толмаған  айыпталушының 

жасы  16-дан  төмен  болса  да,  психолог  барлық 

тыңдауларға  әрқашан  қатыспаған.  Өйткені  олар  заң 

бойынша міндетті емес деп ойлаған

151



145



 Жекелеген сұхбат, судья, Алматы қ. КТМАС, 10 июля 2014 ж.; же-

келеген сұхбатты қараңыз, судья 1, Ақтау қ. КТМАС, 23 қыркүйек 

2014 ж.; жекелеген сұхбат, судья 2, Ақтау қ. КТМАС, 23 қыркүйек 

2014 ж.


146

 Қараңыз, мысалы, жекелеген сұхбат, судья 2 [КТМАС-тың мекен-

жайы алынып тасталды] [уақыты белгісіз].

147


 КТМАС-тың 

кейбір 


судьялары 

психологтардың 

сот 

тыңдалымдарына  жақсы  әзірленгендерін  және  сапалы  қызмет 



көрсеткенін білдірді (Қараңыз, жекелеген сұхбат, судья 1, Ақтау 

қ.  КТМАС,  23  қыркүйек  2014  ж.);  кейбіреулері  психологтардың 

қанағаттандырарлық қызмет көрсеткендерін және сот тыңдауына 

да  қанағаттандырарлық  деңгейде  дайындалғандарын  білдірді 

(Қараңыз,  жекелеген  сұхбат,  судья  1  [КТМАС-тың  мекен-

жайы  көрсетілмеген],  17  қыркүйек  2014  ж.  );  кейбір  судьялар 

психологтардың төменгі деңгейде қызмет көрсеткендерін және 

сот  тыңдауына  жақсы  дайындалмағандарын  айтты  (жекеле-

ген  сұхбат,  судья  1,  [КТМАС-тың  мекен-жайы  алынып тасталды] 

[уақыты белгісіз]).

148

 Психологтың  әкімшілік  құқық  бұзушылық  бойынша  іске 



қатысу  үшін  мамандарды  тағайындау  ережелеріне  сәйкес 

белгіленуі мүмкін екенін аңғару қажет; 2014 ж.Әкімшілік құқық 

бұзушылықтар туралы кодекс, 756 бап.

149


 Әкімшілік  құқық  бұзушылықтар  туралы  кодекс,  754  баптың  6 

тармағы.


150

 2014 ж. Қылмыстық іс жүргізу кодексі, 538 (1) және 542 (4) бапта-

ры (немесе бұрынғы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 488 бабы). 

Он алты жастан асқан кәмелетке толмағандардың істеріне педа-

гог мамандар немесе психологтар тергеуші немесе сот (жағдайға 

байланысты)  немесе  қорғаушының/заңды  өкілінің  өтінішіне 

қарай  қатыса  алады  (2014  ж.  Қылмыстық  іс  жүргізу  кодексінің 

538 (2) бабы).

151

 Жекелеген  сұхбат,  судья  1  [КТМАС-тың  мекен-жайы 



көрсетілмеген], 19 қыркүйек 2014 ж.; судья 2, [КТМАС-тың мекен-

жайы көрсетілмеген], 19 қыркүйек 2014 ж., судья 1 [КТМАС-тың 

мекен-жайы көрсетілмеген], 22 қыркүйек 2014 ж.



жүктеу 4,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   39




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау