Қазақстан Республикасындағы кәмелетке
толмағандар істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық соттардың дамуы
69
•
Халықаралық стандарттармен қарастырылған дивергенция шарасын қолдану үшін құқықтық кепілдіктерді
заңнамаға енгізу, соның ішінде, төменде келтірілген талаптарды енгізуге кеңес беріледі:
•
бала ықтимал қылмысты жасағаны туралы
бұлтартпас дәлелдер бар;
•
бала еркін және ерікті түрде қылмыс жасағаны үшін жауапкершілігін мойындаған;
•
кез-келген кейінгі процессуалдық әрекеттер барысында осы мойындау оған қарсы қолданылмаған;
•
бала еркін және ерікті түрде дивергенция шарасын қолдануға жазбаша келісімін берген; және
•
осы дивергенция шарасын қолдануға берілген келісім аталмыш шараның сипаты, мазмұны және қолдану
ұзақтығы туралы және осы шараны аяқтаудан бас тарту салдары туралы сенімді және нақты ақпаратқа
негізделген.
•
Заңнамада іс қылмыстық әділсот жүйесінен соттан тыс инстанцияларға жолдану мүмкін болардан бұрын
кәмелетке толмаған тұлғаға немесе оның отбасына жәбірленушіге келтірілген кез-келген залал орнын толтыру
талабынан бас тартқан жөн.
•
Қоғамға қарсы және қылмыстық әрекеттермен күресу үшін жергілікті қоғамға сүйене отырып, бүкіл респу-
блика бойынша дивергенция шараларының кең ауқымын бірте-бірте тарату мүмкіндігін қарастырған жөн.
•
Бүкіл Қазақстан бойынша «Феникс» және «Шанс» орталықтарымен жүзеге асырылатын диверген-
ция бағдарламаларын (толығырақ ЮӘ тұжырымдамасы бойынша есептегі ұсынымдарды қараңыз) өткізу
мүмкіндігін қарастырған жөн.
ДИВЕРГЕНЦИЯ ШАРАЛАРЫНА ҚАТЫСТЫ
ҰСЫНЫМДАР
бұл қажетті соманы төлей алмайтын тұрмысы на-
шар отбасылардан шыққан кәмелетке толмаған
балаларға, сонымен қатар, ата-ана қамқорлығынсыз
қалған кәмелетке толмаған балаларға қатысты
кемсітушіліктің орын алуына әкеліп соғуы мүмкін. Дәл
осы кәмелетке толмаған балалар заңға қайшы әрекет
ету қаупіне бірінші болып шалдығады
328
. Міне, бір
қорғаушының пікірі:
«Егер бізге келтірілген залал үшін кінәні жуып-шая
алсақ, жақсы болады. Кейбір ата-аналар бұл істі
пайда табу көзіне айналдырады, бірақ бала бұған
қатыспайды»
329
.
КТМАС арасында істі қылмыстық соттардың юрисдик-
циясынан соттан тыс инстанцияларға қашан жолдауға
болатыны туралы пікір әртүрлі. Сұхбаттасқан КТМАС
судьялары арасындағы жауап берушілердің көпшілігі
істер сотта қаралғаннан кейін ғана жолдауға бола-
ды деп санайды, ал судьялардың қалған аз бөлігі істі
сот үдерісі басталғанға дейін жолдауға болады деп
есептейді. Шешім қабылдау тәжірибесі әркелкі болып
даму қаупі туады, себебі КТМАС судьялары істі жолдау
қажет пе, жоқ па деген мәселеге қатысты өз бетінше
шешім қабылдағанада әркелкі әдістемелер мен фак-
торларды пайдалануы мүмкін.
Әдістемелердің әртүрлілігіне қарамастан, жауап беру-
ші судьялардың бірнешеуі дивергенция шаралары-
ның құқық бұзушылықтардың қайталануының ал-
дын алуда, кәмелетке толмағандарды оңалтуда және
328
Ювеналды
құқықтық кеңес өкілі, Астана қ., 18 қыркүйек 2014 ж.
329
Қорғаушы 3 [КТМАС орналасқан жері туралы ақпарат алынып
тасталған], 18 қыркүйек 2014 ж.
жергілікті қоғам қатарына қайта қосуда тиімді екені
туралы өз пікірлерін білдірді. Бірақ бірнеше судья ди-
вергенция шаралары ретінде пайдаланыла алатын-
дай жергілікті деңгейде әлеуметтік бағдарламалар
жоқ екеніне назар аударды:
«Олар [балама шаралар] тиімсіз, себебі келешекте
қылмыстардың алдын алатын әлеуметтік институт-
тар жоқ, сондықтан кәмелетке толмағандар қайтадан
сол бұрынғы әлеуметтік тұрғыдан қорғансыз ортаға
оралады. Әлеуметтік қызметтердің жұмысы және
мониторингі кадр және қор жетіспеушілігінен тек
ресми түрде ғана жасалады»
330
.
«Осы (дивергенция) тетіктері, Сіздің пікіріңізше,
құқық бұзушылықтардың қайта жасалуының алдын
алуда, әрі кәмелетке толмағандарды оңалтуда және
жергілікті қоғам қатарына қайта қосуда қаншалықты
тиімді?
Тиімсіз, себебі осы бағытта жұмыс жасайтын
әлемуеттік тетіктер жоқ»
331
.
Осыған байланысты, Өскемен қ. «Феникс» орталығы
ұсынған «Шығыс Қазақстан облысындағы балалар ди-
вергенциясы бағдарламасына кәмелетке толмағандарға
дивергенция шарасын қолдану» және Астана қ. «Шанс»
орталығының дивергенция жобасы қылмыстардың
қайталануының алдын алуда елеулі табысқа жеткені
үміт ұялатады. Осы бағдарламалар туралы толығырақ
ЮӘ тұжырымдамасы бойынша Есепте айтылған.
330
Жекелеген сұхбат, судья КТМАС [КТМАС орналасқан жері туралы
ақпарат алынып тасталған], 2014 ж.
331
Судья 2 [КТМАС орналасқан жері туралы ақпарат алынып
тасталған], 2014 ж.
70
Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық соттардың дамуы
7.1. ГЕНДЕРЛІК ТЕҢДІК
Қыз балалар заңға қайшы әрекет жасағанда жы-
нысына және жасына байланысты ерекше осал
бола түседі. Мысалы, қыздар олардың жыныстық
ерекшеліктерін ескеретін санитарлық-гигиеналық
жағдай жасалмағандықтан немесе гендерлік зорлық-
зомбылық және қорлық көру қаупі салдарынан
тұтқынға алынғанда немесе бас бостандығынан
айырылғанда айрықша қауіп-қатерге шалдығуға
бейім
332
. Қыз балалар, сондай-ақ, қоғам тарапынан
кемсітушілікке душар болуы мүмкін, бұл бірінші ке-
зекте олардың әділ сот жүйесімен байланысына
қатысты, мысалы, олар гендерлік зорлық-зомбылық
немесе қиянат құрбаны болғанда айқын көрінеді.
Балаға қатысты қабылданатын барлық шешімдер
332
Қараңыз, мысалы, БҰҰ әйел тұтқындарға қарауға және құқық
бұзушы әйелдерге бас бостандығынан айыруға қатысы жоқ жа-
залау шараларына қатысты ережелері (Бангкок ережелері), 6
қазан 2010 ж.
оның жынысымен байланысты осалдығын ескеруі
тиіс. Бұл кез-келген теңсіздікді болдырмау және
балаға қатысты жалпы нәтижелерді жақсарту үшін
ұл балаларға қарағанда қыз балалардың өзгешерек
көзқарасты талап етуі мүмкін екенін білдіреді.
Жауап берушілердің барлығы бірдей КТМАС-та
істерді қарау кезінде гендерлік теңдікке негізделген
әдістемені ұстану маңызды екенінен хабардар болған
жоқ. Кейбір жауап берушілер іс жүзіндегі теңдік пен
кемсітпеушілікті бірдей қараумен шатастырды. Мы-
салы «Сот үдерісі барысында ұлдар мен қыздарға
бірдей қарай ма?” деген сұраққа бір КТМАС судьясы:
«Жоқ … барлығы тең»
333
деп жауап берді. Оған қоса,
жауаптар гендерлік теңдік мәні туралы жеткілікті
түрде хабардарлық жоқ екенін және оның іс жүзінде
қалай кепілдендіріле алатын көрсетіп отыр. Мыса-
333
Судья 2 [КТМАС орналасқан жері туралы ақпарат алынып
тасталған], 23 қыркүйек 2014 ж.
7. ТЕҢДІККЕ ҚАТЫСТЫ СҰРАҚТАР