Қазақстан республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылғАН



жүктеу 4,89 Mb.
Pdf просмотр
бет31/39
Дата23.11.2018
өлшемі4,89 Mb.
#24297
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   39

Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі 

мамандандырылған ауданаралық соттардың дамуы

65

Сауалнамаға қатысқан КТМАС судьяларының әкімшілік құқық бұзушылық істерінде 

қолданылатын маңызды қағидаларға білдірген көзқарастары

Кесте 21. 

 

Балаға қатысы бар кез-келген шешімді қабылдау кезінде КТМАС судьялары бірінші кезекте ескерілетін жайт 



ретінде баланың ең биік мүддесінде әрекет етуі тиіс екені туралы талапты заңнамаға енгізуге кеңес беріледі;

 



Заңнан аттаған кәмелетке толмағандарға қарау олардың игілігін қамтамасыз ету талаптарына сай болуы 

және  қылмыстың  мән-жайына  және  сипатына  сай  болуы  тиіс  екені  туралы  жан-жақты  талапты  заңнамаға 

енгізуге кеңес беріледі. Оларға қоғамға қайта енуге қолғабыс ету қажеттілігін ескере отырып, олардың өз ар-

намысы мен маңыздылығы сезімін дамытуға ықпал ететіндей қараған абзал.

 

Бас бостандығынан айыру (соның ішінде, «девиантты» мінез-құлықты балаларға арналған арнайы білім беру 



ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына орналастыру) тек ақырғы шара ретінде және 

мүмкіндігінше  қысқа  уақыт  аралығында  ғана  қолданылуы тиіс  екені туралы  жаң-жақты талапты  заңнамаға 

енгізуге кеңес беріледі;

 



Судьяларға арналған жаза тағайындау және әртүрлі қылмыстар үшін тағайындалған жазалар мысалдарын 

келтіре отырып, жоғарыда айтылған шешім қабылдау қағидаларын жүзеге асыру туралы нұсқаулық әзірлеу 

мүмкіндігін қарастырған жөн

 



Судьяларға  арналған  жаза  тағайындау  туралы  нұсқаулықты  қолдану  бойынша  оқыту  бағдарламаларын 

әзірлеуге кеңес беріледі.

ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУҒА 

ҚАТЫСТЫ ҰСЫНЫМДАР

2014  ж.  Қылмыстық  іс  жүргізу  кодексінде  сот-

тан  «кәмелетке  толмаған  тұлғаны  тәрбиелік  әсері 

бар  мәжбүрлік  шараларын  қолдануға  байланы-

сты  қылмыстық  жазалаудан  босату  мүмкіндігін  

талқылауды және үкімде негіздеуді» талап ететін жал-

пы  ереже  бар,  әрі,  сот  кәмелетке толмаған тұлғаның 

өмірі мен тәрбиесі, білімі және өзге ерекше жағдайы 

туралы ақпарат алып, оны ескеруін талап ететін жалпы 

ережелер бар

307


. Сонымен қатар, 2014 г. Қылмыстық іс 

жүргізу кодексі барлық қылмыстық істерде белгілі бір 

факторлар, соның ішінде, «күдіктінің, айыпталушының 

тұлғасын 

сипаттайтын 

жағдайдар; 

жасалған 

қылмыстық  құқық  бұзушылықтың  салдары;  және 

307

 Қылмыстық іс жүргізу кодексі 2014 ж., 544 бап және Қылмыстық 



кодекс 2014 ж., 82 бап, сәйкесінше.

қылмыстық  құқық  бұзушылықпен  келтірілген  залал 

сипаты мен көлемі»

308


 дәлелденуін талап етеді. Бірақ 

талдауға  қолжетімді  заңдарда  және  нормативтік 

актілерде  сот  шешім  қабылдау  барысында  нақты 

қандай  факторларды  ескеруі  тиіс  екенін  туралы 

мәлімет жоқ

309


308


 Қылмыстық іс жүргізу кодексі 2014 ж., 113(1) бап.

309


 Мысалы,  2014  ж.  Қылмыстық  кодекстің  82  бабы  сот  тәрбиелеу 

жағдайларын және басқа да ерекше жайттарды ескеруге талап 

етеді,  бірақ,  қалай  жүзеге  асыру  қажет  екенін  түсіндірмейді. 

Осы сияқты, 2014 ж. Қылмыстық кодекстің 531 бабы кәмелетке 

толмағандардың  қатысы  бар  барлық  қылмыстық  істерде  сотқа 

дейінгі тергеу  өндірісінде  және  істі  сотта  қарауда  келесі  жайт-

тар  анықталуы  тиіс:  кәмелетке  толмаған  тұлғаның  жасы,  өмірі 

мен алған тәрбиесі, ой-өрісінің, ерік-жігерінің және психикалық 

дамуының  деңгейі,  мінезі  мен  темпераментінің  ерекшеліктері, 

қажеттіліктері  мен  мүдделері;  және  ересектердің  және  басқа 




66

Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі 

мамандандырылған ауданаралық соттардың дамуы

Сот  тәжірибесі  тұрғысынан,  КТМАС  судьялары 

арасындағы  интернет-сауалнама    барысында  олар-

дан кәмелетке толмаған құқық бұзушылардың қатысы 

бар  қылмыстық  істерде  қолданылатын  қағидаларды 

маңыздылығына қарай рет-ретпен көрсету сұратылды, 

оның  нәтижесі  Кесте  20-да  келтірілген.  Кес-те 

көрсетіп  тұрғандай,  жауап  беруші  судьялар  «жаза-

лауды»  маңызы  ең төмен  қағида деп  бағалаған,  бұл 

- халықаралық стандарттар ескерілетінінің айғағы.

Дегенмен,  жауап  беруші  судьялардың  сұхбат  ба-

рысында  алынған  жекелеген  жауаптары  кәмелетке 

толмаған  құқық  бұзушыларға  жаза  тағайындаудың 

негізгі  мақсатына  қатысты  пікірлері  әрқилы  екенін 

көрсетті,  ал  кәмелетке  толмаған  құқық  бұзушының 

ең биік мүдделерін қамтамасыз ету және кәмелетке 

толмаған  құқық  бұзушыларды  оңалту  ылғи  басым 

түсе  бермейтін  болып  шықты.  Мысалы,  өздері  жиі 

пайдаланатын  жазалау түрлерін  қолдануды  негіздеу 

сұратылғанда,  судьялар  әртүрлі  жауап  қайтарды, 

олардың  арасында:  мәжбүрлеп  тәрбиелеу  және 

түзету  қажеттілігі;  әлеуметтік  әділеттің  орнығуы; 

адамгершілік;  тиімділік;  кәмелетке  толмаған  тұлғаға 

қатысты орындылығы. 

КТМАС  судьялары  кәмелетке  толмаған  тұлғаға  жаза 

тағайындау  кезінде  әртүрлі  факторлардың  кең 

ауқымын әділ қарастырады. Көзбе-көз сұхбат кезінде 

олар  берген  жауаптар  бұл  факторларға  келесілер 

кіретінін  көрсетті:  әділдік  және  мөлшерлестік; 

заңнама  немесе  заңдылық  қағидасы;  қылмыстың 

ауырлық  дәрежесі  және  сипаты;  жеңілдететін  мән-

жайлар;  тараптардың,  соның  ішінде,  жәбірленушінің 

пікірі;  кәмелетке  толмаған  тұлғаның  өмірі  мен 

тәрбиесі; кәмелетке толмаған тұлғаның ақыл-ойының 

(психикалық)  даму  деңгейі;  ересектердің  ықпалы; 

кәмелетке  толмаған  тұлғаның  жеке  басындағы 

жағдайлар; адамгершілік; қоғамға қауіп тудыру қатері; 

қоғамға тигізетін оң әсері. Алайда, сұхбат барысында 

КТМАС  судьялары  арасындағы  жауап  берушілердің 

ешқайсысы аталмыш фактордың бірі ретінде баланың 

ең  биік  мүдделерін  қамтамасыз  ету  туралы  айтқан 

жоқ, тек бір КТМАС судьясы ғана оңалту мен қоғамға 

қайта енгізуді факторлар арасында атап өтті. 

Осы  іспеттес  нәтижелер  КТМАС  судьяларының 

әкімшілік  құқық  бұзушылықтар  туралы  істерде 

қолданылуы тиіс ең маңызды қағидаларға көзқарасы 

туралы  интернет-сауалнамадан  алуға  болады. 

Олардың жауаптары Кесте 21-де жиынтықталған.

  Жауап  беруші  судьялардың  шамамен  төрттен  үш 

бөлігі (75,9%) баланы қорғау және баланың қылмысты 

қайталауын тоқтатуы әкімшілік құқық бұзушылықтар 

туралы істердегі ең маңызды қағидалар болып табы-

лады деді. Судьялардың одан біршама төмен пайызы 

(72,4%)  «баланың  ең  биік  мүдделерінде  әрекет  ету» 

маңызды  қағида  болып  табылады  деп  санайтынын 

кәмелетке  толмаған  тұлғалардың  ықпалы.  Бірақ,  айта  кететіні, 

талдау жасау үшін барлық сәйкес заңдардың ағылшын тіліндегі 

аудармасы қолжетімді болған жоқ.

жеткізді.  Алайда    айта  кететіні,  судьялардың  жарты-

сынан көбі (55,2%) «отбасының ең биік мүдделерінде 

әрекет ету» ескерілуі тиіс маңызды жайт деп санай-

тынын  айтты,  ал  бұл  қағида  халықаралық  стандарт-

тар  балаға  қатысты  барлық  әрекеттерде  бірінші  ке-

зекте  ескерілетін  жайт  болуы  тиіс  деп  ерекше  атап 

өтетін  «баланың  ең  биік  мүдделерінде  әрекет  ету»  

қағидасына қайшы келуі әбден ықтимал

310

.

Азаматтық 



істерде 

жауап 


беруші 

КТМАС 


судьяларының  барлығы  дерлік  (96,6%)  «баланың  ең 

биік  мүдделерінде  әрекет  ету»    қағидасы  осындай 

істерді халықаралық стандарттарға сай қарау кезінде 

маңызды қағида болып табылады деп санайды

311

.

6.13. ДИВЕРГЕНЦИЯ



«Дивергенция»  қылмыстық  құқық  бұзушылық 

жасаған  кәмелетке  толмаған  тұлғаның  ісі  сот 

рәсімдеріне немесе сотқа жүгінусіз шешуді көздейді. 

Дивергенция –  ювеналды  әділ  сот  жүйесінің  негізгі 

қағидасы

312


,  себебі  ол  кәмелетке  толмаған  тұлғаның 

арына дақ түсірмеуге мүмкіндік береді, оның оңалуын 

жеңілдетеді,  әрі  өзін  экономикалық  тұрғыдан  ең 

тиімді  әдістеме  ретінде  көрсетті

313

.  Қазіргі  таңда 



дивергенция  жүйесін  Қазақстанда  енгізу  бойынша 

белсенді қадамдар жасалып жатыр, ол Қазақстан 

Республикасында 2009–2011 жж. Ювеналды әділсот 

жүйесінің даму тұжырымдамасының негізгі құрамдас 

бөлігі  болып  табылады.  Қазақстанда  дивергенция 

жүйесінің  қалыптасуына  берілген  баға  ЮӘ  дамыту 

тұжырымдасы  жөніндегі  есепте  мазмұндалған,  бірақ 

оның негізгі қорытындысы төменде сипатталған.

Жалпы  жауап  берушілер  арасында  дивергенцияның 

мәні мен мақсатына қатысты білімнің жетіспеушілігі 

байқалды, олардың кейбірі дивергенция шарасының 

мысалы  ретінде  кепіл  беруді  келтірді.  Дивергенция 

шарасының  мәні  мен  мақсатына  қатысты  ювенал-

ды  әділсот  жүйесіндегі  негізгі  мүдделі  тұлғалардың 

білімін байыту қажеттілігі айқын болып тұр.

Қазақстан 

заңнамасында 

құқық 


бұзушыны 

қылмыстық  жауапкершіліктен  босататын  бірнеше 

тетік  бар.  Осы  зерттеу  үшін  ең  өзекті  нормалардың 

бірі – бітімге келу. 2014 ж. ҚР Қылмыстық кодексінің 

68  (1) және (2) бабына сәйкес қылмыстық іс немесе 

өлімге алып келуге қатысы жоқ, ауырлығы аз не орта-

ша қылмыс жасаған тұлға немесе өлімге алып келуге 

не адам өміріне ауыр зиян келтіруге қатысы жоқ ауыр 

қылмысты  алғаш  рет  жасаған  кәмелетке  толмаған 

310


 Бала құқықтары туралы конвенция, 3(1) бап.

311


 Мәлімет көзі: интернет-сауалнамалар

312


 БҚК  40(3)  бабы  мүше  мемлекеттер  қылмыстық  заңнаманы 

бұзған деп саналатын, оны бұзды деп айыпталған немесе айып-

ты деп танылған балаларға қажет және жөн болған жағдайда істі 

сотта қараусыз, адам құқықтарын және құқықтық кепілдіктердің 

толығымен  сақталуын  қаматамсыз  ете  отырып,  шаралар 

қолданылуына  ықпал  етуін талап  етеді.    Пекин  ережелерінің  6 

және 11 ережелері.

313


 Адам  құқықтары  комитеті.  Жалпы  тәртіптегі  ескерту  10  (2007) 

«Кәмелетке толмағандарға қатысты әділ сот жүргізу шеңберіндегі 

бала құқықтары», 25 тармақ.



жүктеу 4,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   39




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау