78
Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық соттардың дамуы
әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойын-
ша сот тыңдаулары қалың бұқара қатыса алмайтын
жабық сот отырыстарында өтуін нақтылауға кеңес
беріледі.
•
Туынды нормативтік-құқықтық актіде осындай сот
процестеріне/тыңдауларына кімнің қатысуына рұқсат
берілетінін нақтылауға кеңес беріледі. Әдетте, оқудан
өтетін сот қызметкерлеріне, тағылымдамадан өтетін
прокурорларға және қорғаушыларға, сонымен қатар,
ҚР Әділет министрлігінен, ҚР Жоғарғы Сотынан және/
немесе істі қарайтын судьядан қол жеткізу құқығын
алған ғылыми қызметкерлерге жабық тыңдауларға
және сот істерін қарауға қатысуға рұқсат етіледі,
бірақ, сонда да қатысушы тараптардың рұқсатын
сұрау қажет.
10.2.7. БАЛАНЫҢ ҚАТЫСУЫ
•
Заңға өз көзқарасын тұжырымдай алатын бала
өзіне қатысты барлық мәселелер бойынша сол
көзқарасын еркін жеткізуге құқылы екені, әрі, бұл
ретте, осы көзқарастың баланың жасы мен өсіп-жетілу
деңгейіне сай болуына тиісінше көңіл бөлінуі туралы
ережені енгузіге кеңес беріледі.
•
Кәмелетке толмаған тұлғаға сот ісін қарау/тыңдау
жүргізілетін уақытта сот залында қалуға рұқсат ету
үшін кәмелетке толмаған айыпталушыны қылмыстық
сот өндірісі барысында сот залынан шығаруға рұқсат
беретін құқықты қайта қараған жөн.
•
Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу
жүргізуді жүзеге асыратын тұлғаны кәмелетке
толмаған айыпталушыға танысып шығу үшін оған
теріс әсер тигізетін іс материалдарын көрсетпеу ту-
ралы қаулы шығару құқығынан айыру қажет және
кәмелетке толмаған тұлғаны қорғауға дайындалу
үшін мүмкіндік беру мақсатында кәмелетке толмаған
айыпталушыға және оның қорғаушысына дәлелдерді
жария ету туралы жалпы ережені енгізу қажет.
•
БҚК 12 бабында «балаға, атап айтқанда, өзіне
қатысты кез-келген сот ісін немесе әкімшілік істі қарау
барысында тікелей өзі немесе өкілі не сәйкес орган
арқылы тыңдау мүмкіндігі берілетіні» белгіленген.
Бала істің өзіне тиімді нәтижемен қаралуына қатысты
пікірін білдіруі үшін жасы жеткілікті болып, бірақ,
ол толығымен қатысуға және өз пікірін білдіруге
қауқарсыз болса, соттың әлеуметтік қызметкері
дәнекер ретінде әрекет етіп, кәмелетке толмаған
баланың пікірі мен қалауын сотқа жеткізіп отыруы
қажет.
•
КТМАС-та жұмыс жасайтын судьяларға,
прокурорларға, қорғаушыларға, психологтарға және
әлеуметтік қызметкерлерге баланың қатысуына және
баланың дамуына ықпал ету мәселелері бойынша
міндетті оқыту курсын енгізу мүмкіндігін қарастырған
жөн.
10.2.8. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН
ЖӘБІРЛЕНУШІЛЕР МЕН КУӘГЕРЛЕР
•
Кәмелетке толмаған тұлғаны іс тыңдалатын сот за-
лымен сот тыңдауына немесе сот ісіне дейін танысты-
рып, кім қатысатынын, сот барысын және рәсімдерін,
сонымен бірге, оларды куәгер/жәбірленуші ретінде не
істеу керек екенін айтылатынын түсіндіруді қамтитын,
кәмелетке толмағандардың куәлік етуіне қолғабыс
ету үшін прокуратура немесе КТМАС кәмелетке
толмаған жәбірленушілерге және куәгерлерге
арналған қолдау көрсету бағдарламасын әзірлеу
мәселесін қарастыруға кеңес беріледі. Сондай-ақ,
бала өзін жайлырақ сезінуі үшін кәмелетке толмаған
тұлғаның судьямен алдын-ала кездесуіне мүмкіндік
беруді ойластырған жөн.
•
Әлеуметтік қызметкердің, психологтың неме-
се зардап шеккендерге қолдау көрсету жөніндегі
қызметкерлердің кәсіби қызметтері қайталанбауы
және қосарланбауы үшін заңда кәмелетке
толмаған жәбірленушінің/куәгердің ата-анасының/
қамқоршысының/педагог маманының немесе өзге
заңды өкілінің соттағы рөлін айқындаған жөн.
•
Кәмелетке толмаған жәбірленушілердің және
куәгерлердің қатысуына ықпал ету үшін оларға
арналған арнайы қорғау шараларын енгізу мүмкіндігін
қарастырған жөн. Аталмыш шараларға келесілер кіруі
мүмкін болар еді:
•
кәмелетке толмаған бала орын алған оқиғаны
кешірек өтетін сот ісін қарау барысында жадын-
да жаңғыртып, қайтадан басынан кешірудің ор-
нына, өткенін артқа тастап, әрі қарай өмір сүруін
жалғастыруға мүмкіндік беретіндей, қылмыс тура-
лы хабар түскеннен кейін көп ұзамай-ақ, кәмелетке
толмаған куәгердің беретін жауаптарын және
кәмелетке толмаған тұлғаның екі жақты тергелуін
бейнетаспаға жазу шарасын енгізу;
•
сотта кәмелетке толмаған тұлға қылмыскерді көре
алмауы үшін экрандар пайдалану және кәмелетке
толмаған тұлға сот залына кірмей-ақ, басқа
бөлмеде көмекшімен бірге отырып, куәлік етіп
және сұрақтарға жауап беріп, ал берген жауапта-
ры бейнебайланыс арқылы жеткізілуі үшін тікелей
эфирде бейнебайланыс орнату мүмкіндігін бар
бөлмелерді пайдалану. Бұл сотталушыға кәмелетке
толмаған тұлғаны көруге, бірақ, кәмелетке толмаған
тұлғаның өзі сот залында судья мен прокурордан/
қорғаушыдан басқа ешкімді көре алмайтындай
мүмкіндік тудыратын еді.
•
Егер прокуратура кәмелетке толмаған жәбір-
ленушілерге және куәгерлерге қолдау көрсету
бөлімшесін құру туралы шешім қабылдаса, кәмелетке
толмаған жәбірленуші немесе куәгер қатысатын әрбір
сот тыңдауына кәмелетке толмаған жәбірленушіге не-
месе куәгерге қатысты мәселелерді шешетін және
жергілікті прокуратурамен байланысын қамтамасыз
ететін нақты міндеттер жүктелген сот қызметкері
қатысу тиіс.