29
бойынша өндірістік өтілі кемінде 3 жыл болуы немесе ғылым кандидаты
ғылыми дәрежесінің
болуы тиіс және жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты оқытушыға қойылатын талаптарға жауап
береді, жаңа оқу бағдарламаларын, педагогикалық технологияларды, оқыту және тәрбиелеу
әдістемелерін әзірлейді; оларды апробациялау жұмыстарын жүргізеді; өзінің пәнінен
эксперименттік тапсырмаларды құрастырады, оқыту мен тәрбиелеу
мәселелері бойынша
авторлық әзірлемелері болады, білім беру саласындағы өзекті мәселелерді әзірлеу
жөніндегі шығармашылық топтарға жетекшілік жасай біледі.
Біліктілікке қойылатын талаптар: бейіні бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан
кейінгі) білімі және оқытушы лауазымындағы еңбек өтілі немесе бейіні бойынша өндірістік
өтілі кемінде 5 жыл болуы; немесе ғылым кандидаты дәрежесінің болуы және оқытушы
лауазымындағы еңбек өтілі кемінде 1 жыл болуы немесе ғылым докторы ғылыми дәрежесі болуы
тиіс және жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Өндірістік оқыту шебері
Ескерту. Кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің
2011.06.09 N 241 (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
Лауазымдық міндеттері: Өндірістік оқыту бойынша практикалық сабақтар мен оқу-
өндірістік жұмыстарды, кәсіпорындарда кәсіптік тәжірибені ұйымдастырады
және білім
алушылардың тәрбие жұмысын өткізеді және олардың топтарда орындалуын қамтамасыз етеді.
Сабақтарға құрал-саймандар мен тиісті жабдықтарды дайындайды, материалдық базаны
жетілдіреді. Білім алушыларды еңбек қауіпсіздігін сақтауды, жұмыстарды орындаудың,
жабдықтарды пайдалану мен қызмет көрсетудің, еңбек ұйымдарының озат нысандарын,
материалдық және энергетикалық ресурстарды ұқыпты жұмсаудың тиімді тәсілдері мен
амалдарына үйретеді.
Оқу (өндірістік) практикасын өткізу жөнінде әлеуметтік серіктестіктермен жұмысқа
қатысады. Білім алушыларды білікті жұмыстарды орындауға және біліктілік емтиханын
тапсыруға дайындайды. Өндірістік оқытуды және кәсіптік тәжірибені жоспарлау,
есепке алу
және есеп беру, топта тәрбие жұмысын жоспарлау, есепке алу және есеп беру жөніндегі
құжаттамаларды жүргізеді. Оқу шеберханаларын жабдықтармен және аспаптармен,
материалдармен, қосалқы бөлшектермен және оқыту құралдарымен уақытында қамтамасыз ету
жөнінде шаралар қолданады. Технологиялық құжаттамаларды, сызбаларды, нобайларды,
эталондарды дайындайды.
Оқу процесінде ғылыми-әдістемелік ұсынымдарды, озат педагогикалық және өндірістік
тәжірибелерді қолданады.
Білім алушылардың еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария
талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді. Техника қауіпсіздігі бойынша нұсқамалар
өткізеді.
Әдістемелік комиссия, бірлестіктердің жұмысына қатысады.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан
Республикасының "Білім туралы" , "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы"
заңдарын және кәсіптік оқыту мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін;
өндірістік оқыту бойынша оқу бағдарламаларын; өндіріс технологиясын, жабдықтарын, оларды
техникалық пайдалану техникасы мен ережесін; педагогика, психология, білім алушыларды
кәсіптік оқыту мен тәрбиелеудің әдістемелерінің негіздерін;
экономика, еңбек туралы
заңнамалар негіздерін; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелерін.
Біліктілікке қойылатын талаптар: біліктілігі жоғары деңгейдегі маман: бейіні
30
бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі болуы тиіс, жұмыс өтіліне
талап қойылмайды.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ өндірістік оқыту шеберіне қойылатын
талаптарға жауап береді, білім алушыларға берілетін кәсіптік
біліктіліктің деңгейіне
қарағанда едәуір жоғары деңгейдегі біліктілігі бар екенін растайды, оқу-өндірістік
процесті кешенді әдістемелік қамтамасыз ету міндеттерін белсенді түрде шеше біледі.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі
және аталған лауазымдағы еңбек өтілі кемінде 2 жыл болуы немесе бейіні бойынша
өндірістік өтілі кемінде 1 жыл болуы тиіс;
біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты өндірістік оқыту шеберіне қойылатын
талаптарға жауап береді,
әдістемелік комиссиялардың, секциялардың жұмысына тікелей
қатысады.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі
және аталған лауазымдағы еңбек өтілі кемінде 3 жыл
болуы немесе бейіні бойынша
өндірістік өтілі кемінде 2 жыл болуы тиіс;
біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты өндірістік оқыту шеберіне қойылатын
талаптарға жауап береді, кәсіптік оқудың жеке әдістемелерін әзірлей біледі, апробациялау
жұмыстарын жүргізеді; озық тәжірибені жинақтайды, жаңа оқыту бағдарламалары мен
технологияларын енгізуге қатысады.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі
және аталған лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл болуы немесе бейіні бойынша
өндірістік өтілі кемінде 3 жыл болуы тиіс;
біліктілігі орта деңгейдегі маман: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік
орта) білімі;
біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман:
біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маманға қойылатын талаптарға жауап береді,
білім алушыларға берілетін кәсіптік біліктіліктің деңгейіне қарағанда едәуір жоғары
деңгейдегі біліктілігі бар екенін растайды, оқу-өндірістік процесті кешенді әдістемелік
қамтамасыз ету міндеттерін белсенді түрде шеше біледі.
Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік білімі (арнаулы орта,
кәсіптік орта) орта буын маманы біліктілігімен және аталған лауазымдағы еңбек өтілі
кемінде 2 жыл болуы немесе бейіні бойынша өндірістік өтілі кемінде 1
жыл болуы тиіс;
біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман:
біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маманға қойылатын талаптарға жауап
береді, әдістемелік комиссиялардың, секциялардың жұмысына тікелей қатысады.
Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік білімі (арнаулы орта,
кәсіптік орта) орта буын маманы біліктілігімен және аталған лауазымдағы еңбек өтілі
кемінде 3 жыл болуы немесе бейіні бойынша өндірістік өтілі кемінде 2 жыл болуы тиіс;
біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты маман:
біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маманға қойылатын талаптарға жауап
береді, кәсіптік оқудың жеке әдістемелерін әзірлеуге қатысады, сынақтамадан өткізу
жұмыстарын жүргізеді; озық тәжірибені жинақтайды, жаңа оқыту бағдарламалары мен
технологияларын енгізуге қатысады.
Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік
орта) білімі орта буын маманы біліктілігімен және аталған лауазымдағы еңбек өтілі
кемінде 5 жыл болуы немесе бейіні бойынша өндірістік өтілі кемінде 3 жыл болуы тиіс.