25
алуларын қамтамасыз етеді. Оқу процесінің жоспары мен кестесіне сәйкес оқыту
бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады. Оқыту процесі кезінде білім
алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді. Жабдықтарды пайдалану
кезінде техника қауіпсіздігінің талаптарын орындайды.
Бастауыш әскери дайындықтың (БӘД) оқытушы -ұйымдастырушысы үшін қосымша:
Лауазымдық міндеттері: Оқытушылардың әскери-патриоттық тәрбиесін ұйымдастырады.
Басшының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарымен, сынып-жетекшілерімен бірлесе отырып, оқу
жылына арналған әскери-патриоттық жұмыстардың жоспарын әзірлейді және оның орындалуын
қамтамасыз етеді. Білім беру ұйымдарындағы бастауыш әскери дайындықтың материалдық
базасын дамыту мен нығайту, жабдықтар мен мүліктердің сақталуы, санитарлық-гигиеналық
талаптарды сақтау бойынша шаралар қолданады. Әскери істің негіздерін оқып-үйрену
жөніндегі үйірмелерді басқарады, төтенше жағдайлар кезінде әрекет етуге арналған
практикалық сабақтар мен жаттығулар өткізеді. Білім беру ұйымдарында азаматтық қорғаныс
бойынша сабақтар өткізеді, төтенше жағдайлардағы әрекеттер бойынша іс-шараларды жасайды,
қорғаныс ғимараттарының дайындығын төтенше жағдайларда азаматтық қорғаныстың жеке
құралдарымен қамтамасыз етеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан
Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары
туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", Қазақстан Республикасының "Әскери
міндеттілік және әскери қызмет туралы" заңдарын, Қазақстан Республикасы азаматтарының
әскери есеп мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілерін, білім алушыларға білім
және тәрбие беру мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілерін, ғылыми-әдістемелік,
ұйымдастыру-басқару мәселелерін шешу үшін қажетті көлемде жалпы теориялық пәндер
негіздерін; педагогика, психология жастық физиология, гигиена негіздерін; тәрбие жұмысы
мен оқытылатын пәннің әдістемесін, оқу жоспарлары мен бағдарламаларын; оқу кабинетін
жарақтау мен жабдықтау талаптарын; оқу құралдары мен олардың дидактикалық мүмкіндігі;
педагогтік ғылымның дамуының негізгі бағыттарын.
Біліктілікке қойылатын талаптар: біліктілігі жоғары деңгейлі маман:
жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі болуы тиіс және жұмыс өтіліне
талап қойылмайды;
біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ оқытушыға қойылатын жалпы талаптарға
жауап береді, пәнді оқыту әдістемесін өз бетінше әзірлей біледі, белсенді оқыту нысаны
мен әдісін қолдана біледі, білім алушылармен диагностикалық жұмысты ұйымдастыра біледі;
оқу-тәрбие процесінде тұрақты оң нәтижелерді қамтамасыз етеді, шығармашылық топ,
әдістемелік бірлестіктер, білім беру мекемесінің шеңберінде үздік тәжірибесі бар
мектептердің жұмысына белсенді қатысады.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі
және оқытушылық лауазымындағы еңбек өтілі кемінде 3 жыл;
біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты оқытушыға қойылатын жалпы талаптарға
жауап береді, пәнді оқыту әдістемесін өз бетінше әзірлей біледі, шығармашылық
семинарларды, шығармашылық топтардың жұмысын басқара біледі, өз жұмысында озық
педагогикалық тәжірибені қолдана біледі, жаңа білім беру бағдарламалары, оқулықтар мен
оқу-әдістемелерді енгізу жөніндегі жұмыстарға белсене қатысады.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі
және оқытушылық лауазымындағы еңбек өтілі кемінде 4 жыл немесе бейіні бойынша ғылым
кандидаты ғылыми дәрежесінің болуы тиіс және жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты оқытушыға қойылатын жалпы талаптарға
26
жауап береді, жаңа оқу бағдарламаларын, педагогикалық технологияларды, оқыту, тәрбиелеу
әдісін әзірлей біледі, оларды сынақтан өткізу жұмыстарын жүргізеді; өз пәні бойынша
эксперименттік тапсырмаларды құрай біледі, оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша
авторлық әзірлемелері болады, білім саласындағы өзекті проблемаларды әзірлеу жөніндегі
шығармашылық топтарды басқара біледі.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі
және оқытушы лауазымындағы еңбек өтілі кемінде 5 жыл болуы, немесе ғылым кандидаты
ғылыми дәрежесінің болуы және оқытушы лауазымындағы еңбек өтілі кемінде 1 жыл болуы
немесе ғылым докторы ғылыми дәрежесінің болуы тиіс және жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Педагог-психолог
Лауазымдық міндеттері: Білім алушылардың психикалық және әлеуметтік амандығын
сақтауға бағытталған кәсіптік қызметін жүзеге асырады. Әр түрлі бейінді және бағыттарда
психология-педагогикалық диагностика өткізеді. Білім алушылардың жеке тұлғасы мен
әлеуметтік мәселелерін шешуге педагогикалық ұжымын бағдарлау мақсатында психология-
педагогикалық қорытынды шығарады және оны талдайды. Білім алушылардың жеке және жас
ерекшеліктерін есепке ала отырып, білім беру қызметінің дамыту және түзету
бағдарламаларын жоспарлауға және әзірлеуге қатысады. Білім алушыларға психологиялық
қолдау көрсетуді жүзеге асырады, өмірлік және кәсіптік тағдырын өзі шешу де әртүрлі
жағдайларда бағдарлануға олардың дайын болуын дамытуға жәрдем етеді. Әлеуметтік
дизадаптацияның пайда болуын алдын алу іс-шараларын жүзеге асырады, психологиялық көмек
көрсету жөнінде шаралар қабылдайды (психокоррекциялық, сауықтыру және консультациялық).
Психологияны практикалық қолдану мәселелері жөнінде педагогтарға кеңес береді,
педагогтардың, ата-аналардың әлеуметтік-психологиялық құзыретін арттыруға жәрдем етеді.
Оқыту процесі кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді.
Техника қауіпсіздігі мен өртке қарсы қорғау талаптарын орындайды. Есептілік
құжаттамаларды белгіленген нысан бойынша жүргізеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан
Республикасының "Білім туралы" , " Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы
", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңдарын, педагогика және психология
теориясын, жастық физиологиясын, гигиенасын, белсенді оқытудың әдістерін, қарым-
қатынастың әлеуметтік-психологиялық тренингісін, оқу жоспарлары мен бағдарламаларын;
педагогтік ғылымның дамуы мен жетістіктерінің негізгі бағыттарын; экономика, еңбек
туралы заңнамалар негіздерін; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы
ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар: "Психология" мамандығы бойынша жоғары білімі
немесе бейін бойынша медициналық жоғары білімі.
Аға шебері
Лауазымдық міндеттері: Техникалық шығармашылық үйірмелер жетекшілерінің,
өндірістік оқыту сабақтарының кәсіби жоғары деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі өндірістік
оқыту шеберлерінің әдістемелік жұмыстарын үйлестіреді, нұсқау беру, жеке әдістемелік
жұмыстар жүргізеді. Өндірістік оқытудың мазмұнын, нысанын және әдістемесін жетілдіру
бойынша жұмысты ұйымдастырады. Оқытудың инновациялық, дамытушылық элементтерін,
өндірістік оқытудың үздік шеберлері жұмысының жаңа техникалық жетістіктерін және озық
әдістерін практикаға енгізеді және таратады, зерделейді. Өндірістік оқыту шеберлерінің
біліктілігін арттыруды ұйымдастырады.
Оқу шеберханаларын жабдықтармен, материалдармен, аспаптармен, техникалық
Достарыңызбен бөлісу: |