27
құралдармен, көрнекі құралдармен жарақтау жөніндегі жұмыстарын, станоктарды,
машиналарды, жабдықтарды,
аспаптарды, қарапайым құралдарды баптау және жөндеуін
ұйымдастырады. Білім беру ұйымдарының кәсіптік қызметін ұйымдастырады. Электрлік
жабдықтарды уақытында сынақтан өткізуді, электр тартылымы мен жермен қосудың жай-күйін,
шеберханалар мен жабдықтардың қауіпсіз жай-күйін, оқу шеберханаларындағы,
зертханалардағы, цехтардағы техника қауіпсіздігі, санитарлық-гигиеналық ережелердің
талаптарын сақтауды қамтамасыз етеді.
Техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаманың өткізілуіне бақылауды жүзеге асырады.
Өндірістік оқыту журналдарының жүргізілуін бақылайды, қажетті есептерді ұсынады. Білім
алушылардың өндірістік жұмыстарының орындалу нәтижелерін талдайды. Оқыту процесі кезінде
білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді. Техника қауіпсіздігі
мен өртке қарсы қорғау талаптарын орындайды. Есептілік құжаттамаларды белгіленген нысан
бойынша жүргізеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан
Республикасының "Білім туралы" Заңынын және білім алушыларға білім және тәрбие беру
мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілерін, педагогика, психология, физиология,
гигиена негіздерін, жұмыстың
технологиялық процестерін, жабдықтарда жұмыс істеудің
әдістері мен тәсілдерін, жаңаша техникалық жетістіктерін; экономика, еңбек туралы
заңнамалар негіздерін; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелері
мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім немесе техникалық және кәсіптік
білім (арнайы орта, кәсіптік орта) орта буын маманы біліктілігімен және
ұйымдарында
жетекші лауазымдағы білім беру ұйымының бейініне сәйкес ұйымдарда еңбек өтілі 3 жылдан
кем болмауы тиіс.
Оқу өндірістік (оқу) шеберхананың меңгерушісі
Лауазымдық міндеттері: Шеберхана қызметін басқарады, өндірістік оқыту бойынша
оқу кестесінің сақталуын қамтамасыз етеді. Шеберхананы оқу процесі үшін қажетті
жабдықтармен, материалдармен, аспаптармен, оқытудың техникалық құралдарымен, көрнекі
құралдармен қамтамасыз етеді, сақтауға мүліктік материалдық құндылықтарды қабылдайды.
Белгіленген тәртіппен олардың есебі мен есептілігін жүргізеді; жабдықтарды, аспаптар мен
қарапайым құралдарды сабаққа дайындауды ұйымдастырады. Шеберхана мен қолда бар
жабдықтарды, оқыту құралдарын дұрыс,
әрі тиімді пайдалануды, арнайы киімдерді қолдану
мен пайдалану ережелерін сақтауды қамтамасыз етеді. Станоктарды, машиналарды,
жабдықтарды, аспаптарды, қарапайым құралдарды баптау мен жөндеуді ұйымдастырады,
өндірістік оқыту сабақтарында техника қауіпсіздігі бойынша нұсқама өткізуді оқу-
өндірістік шеберлерімен бірлесіп бақылайды.
Оқыту процесі кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз
етеді. Техника қауіпсіздігі мен өртке қарсы қорғау талаптарын орындайды.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан
Республикасының "Білім туралы" Заңын , педагогика негіздерін, кәсіптік оқытудың
әдістерін, жұмыстың технологиялық процестерін, жабдықтарда жұмыс істеудің әдістері мен
тәсілдерін, жаңаша техникалық жетістіктерін; санитария мен гигиена негіздерін; экономика
және қаржы-шаруашылық қызметінің негіздерін, еңбек туралы заңнамалар негіздерін; еңбекті
қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім еңбек өтіліне қойылатын талаптарды
көрсетпей немесе техникалық және кәсіптік білім (арнайы орта, кәсіптік орта) орта буын
маманы біліктілігімен білім беру ұйымының бейініне сәйкес ұйымдарда еңбек өтілі 5 жылдан
кем болмауы тиіс.
28
Арнайы пән оқытушысы
Ескерту. Кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің
2011.06.09 N 241 (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн
өткен соң
қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
Лауазымдық міндеттері: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына
сәйкес оқу жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз етеді. Білім
алушылардың оқуын әдістемелік ғылыми деңгейде өткізеді, олардың өзіндік жұмыстарын
ұйымдастырады және бақылайды.
Оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес оқыту бағдарламаларын әзірлеу
және орындауға қатысады, білім алушылардың білім сапасына жауап береді. Оқу процесін
жетілдіру жөнінде ұсыныс жасайды.
Білім алушылардың жеке қабілеттерін, мүдделерін және бейімділіктерін зерделейді.
Білім алушыларда кәсіптік шеберліктер мен дағдыларды қалыптастырады, алған
білімдерді тәжірибелік қызметте қолдануға оларды дайындайды,
бітірушілерді даярлаудың
сапасын қамтамасыз етеді.
Оқыту процесі кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз
етеді. Техника қауіпсіздігі мен өртке қарсы қорғау талаптарын орындайды.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан
Республикасының "Білім туралы" , "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы"
, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" заңдарын, педагогика және психология
негіздерін, пәннің мазмұны және оны тәжірибеде пайдалануды; жұмыстың технологиялық
процестерін және мамандық бейіні бойынша жұмыстың тәсілдерін; экономика және өндірісті
ұйымдастыру мен басқару негіздерін; еңбек туралы заңнамалар негіздерін;
білім алушыларды
оқыту мен тәрбиелеудің нысандары, әдістері және алдыңғы қатарлы технологияларын; еңбекті
қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар: біліктілігі жоғары деңгейдегі маман: бейіні
бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі болуы тиіс, жұмыс өтіліне
талап қойылмайды;
біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ оқытушыға қойылатын талаптарға жауап
береді, өз бетінше пәнді оқыту әдістемесін
әзірлей біледі, белсенді оқытудың нысандары
мен әдістерін пайдаланады, білім алушылармен диагностикалық жұмыстарды ұйымдастыра
біледі; оқу-тәрбие жұмыстарындағы тұрақты оң нәтижелерді қамтамасыз етеді, білім беру
мекемесі шеңберінде шығармашылық топтардың, әдістемелік бірлестіктердің,
озат тәжірибе
мектебінің жұмыстарына белсене қатысады.
Біліктілікке қойылатын талаптар: бейіні бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан
кейінгі) білімі және оқытушы лауазымындағы еңбек өтілі кемінде 3 жыл болуы немесе бейіні
бойынша өндірістік өтілі кемінде 2 жыл болуы тиіс;
біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты оқытушыға қойылатын талаптарға жауап
береді, пән бойынша оқу-әдістемелік жұмыстарды талдау әдістемесін меңгереді, оқытудың
жеке бағдарламасын құрастырады және іске асырады, шығармашылық семинарларды,
шығармашылық топтардың жұмысын басқара біледі, өзінің жұмысында озық педагогикалық
тәжірибені пайдаланады, жаңа
білім беру бағдарламаларын, оқулықтарды, оқу құралдарын
енгізу жұмыстарына қатысады.
Біліктілікке қойылатын талаптар: бейіні бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан
кейінгі) білімі және оқытушы лауазымындағы еңбек өтілі кемінде 4 жыл болуы немесе бейіні