Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы



жүктеу 0,65 Mb.
Pdf просмотр
бет12/49
Дата20.11.2018
өлшемі0,65 Mb.
#22599
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   49

23 
 
 
енгізу бойынша білім беру ұйымының әдістемелік және циклдік комиссиясы, кафедрасының 
жұмысын үйлестіреді. Оқу-әдістемелік құжаттамаларды дайындау жөніндегі жұмысты 
бақылайды, оқу-жоспарлау құжаттамаларын жасауға қатысады. 
 
       Білім беру ұйымының әдістемелік, пәндік және циклдік комиссиясының, кафедраның 
жұмысына басшылық жасайды. Озық педагогикалық тәжірибелерді анықтайды және 
қорытындылайды, оқытудың инновациялық-дамытушылық элементтерін, үздік жаңашыл 
педагогтардың жұмыс тәжірибелерін практикаға енгізуге, педагогикалық қызметкерлерге 
авторлық бағдарламалар, оқулықтар мен оқу-әдістемелік әдебиеттер әзірлеуге жәрдемдеседі. 
Білім процестері мен әдістемелік жұмыстардың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар 
әзірлейді. Семинарлар, конференциялар, оқытушылардың біліктілігін арттыру мен қайта 
даярлау курстарын өткізу және дайындау жұмыстарына қатысады. Ашық сабақтар өткізуді және 
оларды талдауды ұйымдастырады. Әдістемелік кабинетті жабдықтармен, көрнекі құралдармен 
жабдықтауды қамтамасыз етеді. Шеберханаларда және өндірісте санитариялық-гигиена 
режимдері, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша жұмысты 
ұйымдастырады. Белгіленген есепті құжаттамаларды уақытылы дайындауды қамтамасыз етеді. 
 
        Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан 
Республикасының "Білім туралы" , "Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы күрес туралы" , "Қазақстан 
Республикасындағы баланың құқықтары туралы" , "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" 
заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушылардың білім 
және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін; педагогика 
және жастық психология негіздерін, басқарудың инновациялық әдістерін, әдістемелік және 
ақпараттық материалдарды жүйелеу принциптерін, баспалармен жұмыс негіздерін, оқу-
бағдарламалық құжаттарды әзірлеудің принциптері мен тәртібін; экономика, еңбек туралы 
заңнамалар негіздерін; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелері 
мен нормаларын. 
 
        Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім және білім беру ұйымдағы еңбек 
өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс. 
 
 
   Бөлімше меңгерушісі  
 
         Лауазымдық міндеттері: Бөлімшедегі оқу және тәрбие жұмысын ұйымдастыруды және 
тікелей басқаруды жүзеге асырады. Оқу жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуын 
қамтамасыз етеді. Сабақ кестесін жасауға арналған материалдарды дайындайды және олардың 
орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Оқу пәндерінің оқыту сапасын қамтамасыз етеді және 
бақылайды. Педагогикалық (әдістемелік) кеңесте қарастыру үшін материалдарды дайындауды 
қамтамасыз етеді. Кәсіптік бағдарлау жұмыстарын өткізуге қатысады, білім алушылар 
контингентін сақтау жөнінде шаралар қолданады. Жаңа оқу жылына, семестрдің, емтихан 
сессиясының басталуына дайындық бойынша жұмысты ұйымдастырады. Оқытушылардың есептілікті 
уақытында жасауын, қолданыстағы нормаларға сәйкес құжаттамаларды жүргізуді қамтамасыз 
етеді. Оқу-материалдық базалардың дамуы мен нығаюын, жабдықтар мен мүкаммалдардың 
сақталуын, санитарлық-гигиеналық талаптардың, еңбекті қорғау ережелерін қамтамасыз 
етеді. 
 
        Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының  Конституциясын , Қазақстан 
Республикасының "Білім туралы" , "Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы күрес туралы" , "Қазақстан 
Республикасындағы баланың құқықтары туралы" , "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" 
заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушылардың білім 
және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін; қазіргі 
заманғы педагогтік ғылым және тәжірибе жетістіктерін; социология, физиологоия, гигиена 
негіздерін; басқарудың инновациялық әдістерін, экономика, еңбек туралы заңнамалар 
негіздерін; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелері мен 


24 
 
 
нормаларын. 
 
        Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім және педагогикалық лауазымдағы 
өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс. 
 
 
   Оқу бөлімінің меңгерушісі  
 
         Лауазымдық міндеттері: Педагогтік ұжым қызметінің ағымдағы және болашақтағы 
жоспарлауын ұйымдастырады. Оқытушылардың, тәрбиешілердің, өндірістік оқыту шеберлерінің 
және басқа да педагог жұмыскерлердің оқу жоспарлары мен бағдарламаларын орындау жөнінде 
жұмысын, сонымен қатар қажетті әдістемелік құжаттарды әзірлеуді үйлестіреді. Білім 
алушылардың оқу жүктемесінің орындалуын, білім беру ұйымының сабақ кестесін жасау үшін 
материалдардың дайындалуын және олардың орындалуының бақылауын жүзеге асырады. Оқыту 
процесінің сапасын бақылауды және білім алушылардың білім алу даярлығының нәтижесін 
бағалаудың ақиқаттығын жүзеге асырады. Педагог жұмыскерлерге инновациялық бағдарламалар 
мен технологияларды зерделеу және әзірлеуге көмек көрсетеді. Педагогикалық (әдістемелік) 
кеңесте қарастыру үшін материалдарды дайындауды қамтамасыз етеді. Кәсіптік бағдарлау 
жұмыстарын өткізуге қатысады, білім алушылар контингентін сақтау жөнінде шаралар 
қолданады. 
 
       Оқу-материалдық базаларды нығайту бойынша, оқу кабинеттерін қазіргі жабдықтармен, 
көрнекі құралдармен және оқытудың техникалық құралдарымен жарақтау бойынша шаралар 
қолданады. Шеберханаларда және кәсіптік зертханаларда санитариялық-гигиена режимдерін, 
еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігін ұйымдастырады. 
 
       Жабдықтар мен мүкаммалдардың сақталуын, санитарлық-гигиеналық талаптардың, 
еңбекті қорғау ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді. 
 
       Оқытушылардың есептілікті уақытында жасауын, қолданыстағы нормаларға сәйкес 
құжаттамаларды жүргізуді қамтамасыз етеді. 
 
        Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының  Конституциясын , Қазақстан 
Республикасының "Білім туралы" , "Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы күрес туралы" , "Қазақстан 
Республикасындағы баланың құқықтары туралы" , "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" 
заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушылардың білім 
және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін; қазіргі 
заманғы педагогтік ғылым және тәжірибе жетістіктерін; социология, физиологоия, гигиена 
негіздерін; білім беру жүйесін басқарудың теориясы мен әдістерін, экономика, еңбек 
туралы заңнамалар негіздерін; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы 
ережелері мен нормаларын. 
 
        Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім және педагогикалық лауазымдағы 
өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс. 
 
 
   Жалпы білім беретін пәндердің оқытушысы 
 
      Ескерту. Кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 
2011.06.09 N 241 (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң 
қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен. 
 
 
         Лауазымдық міндеттері: Оқу және тәрбие жұмысын ұйымдастырады және өткізеді. 
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәндерді ескере 
отырып, оқушыларды тәрбиелеу мен оқытуды жүзеге асырады. Білім алушылардың жеке басының 
жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, жеке қабілеттерінің дамуына жәрдемдеседі 
және айқындайды. Оқытудың анағұрлым тиімді формаларын, әдістерін және құралдарын, жаңа 
педагогтік құралдарды қолданады. Білім алушылардың сапалы білім, білік пен дағды 


жүктеу 0,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   49




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау