223
Оқыту тәжірибесін қадағалау – білім сапасын арттыруға
бағытталған негізгі қадам
Мұңайтбас Ө. О.,
Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы,
№1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясы
директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстар
жөніндегі орынбасары.
Бүгінгі таңдағы мектеп – жаңалық шеңберіндегі қарбалас, пікірталас туындатқан және
сол арқылы жаңаша жол іздеген, үздіксіз зерттеу үстіндегі білім ошағы. Заманауи мұғалім –
шәкіртін шиырлатқан білім жолына бағыттай білетін, жаңадан жаңаны табуға қабілетті, әр
ісіне шығармашылық тұрғыдан келетін тұлға. Жаңа заман шәкірті – білімді ізденіс арқылы
табуға ниеттенген, коммуникативті білігін осы жолда шыңдай түскен саналы жастар.
Жоғарыдағыдай анықтама бере отырып, мен осындай жан-жақты дамыған оқушыға
білім беретін мұғалімнің іс-тәжірибесін қалай зерттеу керектігін, олардың құзыреттілігін
қалай анықтау керектігін үнемі назардан түсіргенім жоқ. Бұл тарапта маған Lesson Study
зерттеуі зор көмегін тигізетінін білдім. Сондықтан директордың орынбасары ретінде осы
жұмысқа ерекше ден қойдым.
Lesson Study зерттеуі бірнеше бағытта жүзеге асырылады. Біріншіден, «Оқыту
дағдыларын дамыту», яғни, оқушының білім сапасын арттыруға бағытталған зерттеу ретінде
қарастырамыз. Екіншіден, «Бақылау дағдыларын дамыту» – мұғалімнің әдістемесін
жетілдіруді мақсат ете өткізілетін зерттеу. Үшіншіден, «Бірыңғай тақырыпқа байланысты»
мектептің түрлі зерттеулер арқылы анықтаған проблемасын шешуге бағытталады. Қай
жағдайда да, алдыңғы кезекте білім сапасы тұрады және барлығында да А, В, С деңгейіндегі
оқушылар зерттеу объектісі болады.
Осылайша, мен өзіміздің мектепте әр түрлі сыныптарда Lesson Study зерттеуін
ұйымдастырып жүрмін. Сөзім дәлелді әрі нақты болу үшін, 7-А сыныбындағы зерттеу
бойынша ойымды әрі қарай өрбітсем.
Алдымен, осы сыныпқа сабақ беретін мұғалімдерді жинап, Lesson Study зерттеуі
бойынша коучинг өткіздім. Әрине, коучингті қазіргі деңгейлік курстарды бітірген
мұғалімдердің өткізіп жүргеніндей шоу түрінде емес, нақты проблеманышешуге
бағыттадым: сыныптың білім деңгейін қай мұғалім қалай түсінеді, сыныптағы оқушылардың
білім алуына не кедергі келтіруі мүмкін, жалпы оқушылардағы ортақ проблема неде екенін
түсінуге тырыстым. Бекболат Тілеухановтың «Адамға баға беру» бейнебаянын көрсете
отырып, оқушыны қалай бағалау керектігімен (қатысушылардан сұрау арқылы)
байланыстырдым. Lesson Study-ді қалай өткізетініміз жөнінде мұғалімдермен ақылдасып,
проблеманы анықтап алдық, сабақ өткізетін мұғалімдер нақтыланды. Lesson Study зерттеуін
өткізу бойынша комиссия құрылды.
Алғашқы
отырыс