«Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығы ақ Қазақстан республикасы білім беру жүйесінің басшы жәНЕ



жүктеу 4,39 Mb.
Pdf просмотр
бет111/146
Дата20.11.2018
өлшемі4,39 Mb.
#22371
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   146

 
 
229 
 
3.  Коучинг,  тәлімгерлік,  сабақты  зерттеу  үдерістері  және  кәсіби  қоғамдастық 
бойынша мұғалім  жұмысын эвалюациялау. 
4.  Осылайша  ұсынылып  отырған  Модель  мектеп  мұғалімдерінің  жұмыстарының 
тиімділігін бақылау  арқылы табыстылығы туралы қазіргі түсінікке сай ауқымды  білім мен 
тәжірибелік  дағдыларды  игеруіне,  сондай-  ақ  енгізілген  өзгерістерді  бағалау,  үнемі  кәсіби 
өсуіне  назар аудартуға бағытталған эвалюациялық үдерісті қамтиды.    
Заман көшіне ілесе отырып, жаңашыл бағытта жұмыс жүргізу – барша ұстаз алдында 
тұрған  негізгі  міндеттердің  бірі.  Осы  міндеттерді  жүзеге  асыруда   мектептің  әдістемелік 
жұмысының  алатын  орны  ерекше.  Мектеп  мұғалімдері  арасында  өтілетін  түрлі  әдістемелік 
отырыстар  жаңаша  түрде  ұйымдастырып  өткізуді  дәстүрге  айналдыру  керек. Әдіс  – 
тәсілдердің  бәрін  жүзеге  асыру  мүмкін  емес.  Ол  үшін  шығармашылық  тұрғыдағы  ізденіс, 
шыдамдылық,    жүйелі  жұмыс  жасалуы  керек.  Қазіргі  қоғам  алдындағы  қойылып  отырған 
міндеттердің    ең  өзектісі  бүкіл  білім  жүйесін    түбегейлі  жаңартып,  дүниежүзілік  деңгейге 
сәйкес келетін оқыту мазмұнын жаңартудың  куәсі болып  отырмыз. Жастарға сапалы білім 
беруге  жағдай  жасайтын  және  олардың  үйлесімді  дамуына,  жеке  бастың  тұлға    ретінде 
қалыптасуына бағытталған   жаңа үлгідегі  мектеп құру  – педагог ғалымдар мен тәжірибелі 
мұғалімдердің  бірлескен  жұмысының  нәтижесінде    қол  жеткізуге  болатын  ізденіс 
қорытындысы дегім келедеді. 
 
 
Білім беру ұйымдары менеджерлердің басқару мәдениетін дамыту жолдары 
 
Омарбекова  Ғ. Ш. 
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы  
оқу-әдістемелік кабинетінің «Білім сапасын  
басқару және менеджмент» бөлімінің жетекшісі 
 
Біз  әлемдік  білім  кеңістігіне  енуге  бағытталған  жаңа  білім  беру  жүйесінің  
қалыптасуына куә болып отырмыз. Барлық білім беру нәтижесіне халықаралық талаптардың 
күшеюіне  байланысты    Елбасы    Нұрсұлтан  Әбішұлы    Назарбаев  –  «Ұлтымыздың  әлеуетін 
оятуға  және  оны  жүзеге  асыруға  жағдай  жасайтын  интеллектуалды  төңкеріс  қажет», 
деп  барлық  білім  беру  жүйесінің  қарқынды  дамуына,  ертеңгі  болашағына  тұғыр  боларлық 
міндет жүктеп отыр. 
 Көз  алдымызда  білім  парадигмаларының  ауысуы  жүріп  жатыр:  баcқаша  мазмұн, 
басқаша  көзқарастар,  басқаша  қатынастар,  басқаша  педагогикалық  менталитет  ұсынылуда. 
Бүгінгі  күннің  сұраныстары  әр  маманнан  білімді  игерудің  барысында  жалпы  білім  беретін 
мектеппен және кәсіптік оқу орындарымен шектелмей, білім мен дағдыларды өмір бойы алу 
мен  жаңалау үдерісіне  қарай  бет  алуды  талап  етеді.  Сонымен  қатар  білім  беруді  басқаруға 
ғылыми  көзқарастың,  басқару  мәдениетінің  өзектілігін  қамтамасыз  ету  мен  негіздеуге, 
басқаруды  ғылыми  негізде  ұйымдастыруға  объективті  және  субъективті  сұраныс  саланы 
басқарудың  барлық  деңгейлерінде  өткір  сезіліп  отыр.  Білім  беру  ұйымдарын  басқару 
деңгейінде  бұл  сұраныс «Нәтижеге  бағытталған  сапалы  білім» моделі  арқылы, 
жаңартылған  білім  мазмұнына  көшу  жағдайында  басқару  объектісі  ретінде  орта  мектептер 
алдына  қойылатын  міндеттердің  түбегейлі  өзгеруімен,  оның  дербестігінің  өсуімен,  оны 
инновациялық  үрдіс  негізінде  ұйымдаcтыру  көмегімен  ұдайы  жаңарту  қажеттілігімен, 
басқаруға  зерттеушілік  көзқарасты  игерумен,  мектепке  және  оны  басқаруға  әлеуметтік 
талаптардың күшеуінің  талаптары ұсынылып отыр. 
Осы  орайда, білім беру ұйымдарының әдістемелік бағытта сапалы қызмет атқаруына 
әдістемелік қолдау көрсетуге облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің  «Білім сапасын басқару 
және менеджмент» бөлімі тарапынан келесі бағыттар  жүзеге асырылуда. 
Негізгі бағыттары:       


 
 
230 
 
Білім беру мекемелерінің басшыларына оқу-әдістемелік жұмыстарды  ұйымдастыруда 
ақпараттық- әдістемелік қамтамасыз ету; 
Оқыту  мен  тәрбие  жұмысының  озық  технологиялары  бойынша  ақпаратты 
қорытындылау және тарату. 
Білім  беру  ұйымдары  басшыларының  инновациялық,  тәжірибелік-эксперименттік 
жұмыстарының нәтижелерін зерделеу, жүйелеу, қорытындылау және тарату. 
Күтілетін нәтиже: 
Білім    беру  ұйымдары  басшыларын  әдістемелік  қамтамасыз    ету  арқылы  басқару 
мәдениетінің жаңа парадигмасын құру болып табылады. 
Осы  орайда    әдістемелік  қамтамасыз  ету  шараларын    нәтижеге  бағыттау  бойынша 
бірқатар  жұмыстар  атқарылып  жатыр.    Атап  айтар  болсақ,  облыс  көлемінде  тәжірибелі 
мектеп  директорларының  озық  іс-тәжірибесін  тарату  семинарлары,  шеберлік  сыныптары 
өткізіліп,  облыс  көлемінде  таратылып,  жас  мектеп  директорларының  кәсіби  шеберліктерін 
дамыту  бағытындағы  коучинг-сессиялары,  білім  сапасын  арттыру  бойынша  тиімді  әдіс-
тәсілдер ұсынатын тәжірибелік семинар-практикумдар, білім алушылардың функционалдық 
сауаттылықтарын  қалыптастыру  мақсатындағы  халықаралық  апробациялық  және  негізгі 
зерттеулер  бойынша  ақпараттар,  мектеп  директорының    ғылыми  әдістемелік  жұмыстары 
жөніндегі  орынбасарларының  шығармашылық  белсенділіктерін  арттыру  мақсатында 
өткізілген  ғылыми-әдістемелік  жұмыстың  ең  үздік  үлгісін  анықтайтын  байқаулар,  мектеп 
бітірушілеріне  кәсіптік  бағдар  беретін  онлайн  конференциялар,    «Орта  білім  беретін  үздік 
ұйым»  байқаулары,  таңдау  курсының  ең  үздік  авторлық  бағдарламасы  сияқты  үздік 
жұмыстар облыс көлемінде таратылды. Соңғы жылдары инновациялық үрдіс тек оқыту мен 
тәрбиелеудің  ғана  емес,  мектепті  басқару  үрдісінде  де  кеңінен  таралуда.  Қазіргі  заманғы 
мектеп  директоры  дамушы  мектепті  басқаруға  қабілетті  менеджер  және  көшбасшы 
реформаторлық қабілетті ұштастыра алатын тұлға болуы керек. Сондықтан  республикалық 
дәрежеде  сыртқы  байланыстарды  тиімді  орнату  мақсатында  Ы.Алтынсарин  атындағы 
Ұлттық  Білім  Академиясымен,  «Назарбаев  Зияткерлік  мектептері»  дербес  білім  беру 
ұйымдарының педагогикалық шеберлік орталығымен үнемі байланыс орнатылуда.  
Бүгінгі  күні  қазақстандық  білім  беру  жүйесінің  алдында  білім  сапасының 
бәсекелестігін  арттыру,  шынайы  өмірлік  кезеңдерге  бейімдендіру  мәселелері  тұр.  Осыған 
байланысты  оқушылардың  білім  жетістіктерінің  деңгейін  анықтауға  Қазақстан  2011  жылы 
TIMSSхалықаралық зерттеуіне қатысқаны сіздерге мәлім. 
Осыған  орай,  Жамбыл  облысында  2011  жылы  халықаралық    TIMSS-2011  негізгі 
зерттеуі  өткізілді.  Облыс  бойынша  халықаралық  зерттеуге  12  жалпы  орта  білім  беретін 
мектеп қатысты. 
Жамбыл  облысы  бойынша  4  сыныптар  арасындағы  қазақ  тілінде  оқитын 
оқушылардың  білім  сапасы  –  51,4%    (респ.  -  45,2%,  респ.  -  5  орын),  орыс  тілінде  оқитын 
оқушылар  -  60%-  ды  көрсетті  (респ.  -  54,2%,  респ.  -  8  орын).  8-сыныптар  бойынша  қазақ 
тілінде  оқитын  оқушылар  -  45,2%    (респ.  -  42,2%,  респ.  -  6  орын),  орыс  тілінде  оқитын 
оқушылар - 62,6% білім сапасын көрсетті (респ. - 45%, респ. - 1 орын). 
Сондай-ақ,  мектеп  басшыларының  басқару  шеберліктерін  арттыру  мақсатында 
Қазақстан  Республикасының  «Кәсіби  өсу  мен  даму»  орталығымен  және  Қазақстан 
Республикасының Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығымен бірлесіп 2011, 
2014 жылдары облыстың басшы кадрлары үшін семинар жұмыстары ұйымдастырылды. 
Қазақстан 
Республикалық 
Педагогикалық 
Ғылымдар 
Академиясының 
ұйымдастыруымен  өткізілген  «Үздік  директор»,  «Үздік  директордың  орынбасары»  атты 
тәуелсіз  қоғамдық  республикалық  байқауында  облыстық  «Дарынды  ер  балаларға  арналған 
мамандандырылған  қазақ-түрік  мектеп-интернатының  директоры  Ахмет  Гази  Чолак  2015 
жылғы  «Үздік  директоры»  І  Тәуелсіз  қоғамдық  байқауының  жеңімпазы  деп  танылып, 
Қазақстан  Республикасының  Педагогикалық  Ғылымдар  Академиясының  Мүшесі  болып 
сайланды.  Сондай-ақ,  аталған  байқауда  Т.Рысқұлов  ауданы  №2  шағын  орталықты  орта 


жүктеу 4,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   146




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау