«Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығы ақ Қазақстан республикасы білім беру жүйесінің басшы жәНЕ



жүктеу 4,39 Mb.
Pdf просмотр
бет105/146
Дата20.11.2018
өлшемі4,39 Mb.
#22371
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   146

 
 
216 
 
• Баланың логикалық ойлауын дамыту бағытында тәжірибеде жүргізілетін жұмыстар: 
оқыту  мен тәрбиелеу  жұмысын баланың жас ерекшелігі  мен өзіндік ерекшеліктерін ескере 
отырып,  мектепке  дайындау,  мектепке  дейінгі  оқыту  мен  тәрбиелеудің  бағдарламасы  мен 
Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты талаптары негізінде ұйымдастыру  
• Балалардың  бір  орнында  ұзақ  уақыт  отырып  қалмауын,  жалығып  кетпеуін  ескеріп 
ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекеттерін  логикалық,  танымдық,  инттелектуалдық    ойындар 
түрінде ұйымдастыру (қимылды- әуенді  ойын-жаттығулар, қимылды-қозғалыс барысындағы 
тапсырмалар,  шағын  топтар  жұмысы,  тапсырмаларды  алма-кезек  ауыстырып  орындату, 
эстафеталық ойын барысындағы тапсырмалар және т.б.); 
• Логикалық ойлау қабілеттеріне арналған тапсырмаларды жаңалап (жұмбақ суреттер, 
ситуациялық  тапсырмалар,  тест  тапсырмалары,  ертегі  негізіндегі  тапсырмалар  және  т.б.) 
түрлендіре қолдану;  
• Балалардың  өздерінің  талаптануы,  өзіндік  қалауы  еркіндігіне  жағдай  жасап  өзіндік 
іс-әрекеттерді орындау, бастаған жұмысты аяқтау іскерліктеріне, өз ойларын еркін жеткізуге 
бейімдеу;  
• Көмекті қажет ететін балалармен жеке жұмыс түрлерін жүргізу;  
• Психологиялық  ойындар, жаттығулар қолдану арқылы балаларға жан-жақты жағдай 
жасау, жағымды микро ахуал туғызу ; 
• Ата-аналарды   ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекеттеріне,  күн  тәртібі  бойынша 
жүргізілетін  тәрбиелік  шараларға,  ойын  сауықтарға,  т.с.с.  басқа  шараларға  тек  бақылаушы 
ретінде  ғана  емес,  білімдік,  танымдық  жұмыстарда  үлес  қоса  отырып,  балаларына  білікті 
көмек көрсете алатындай жағдайда қатыстыру;  
• Балаларды  мектепке  педагогикалық  және  психологиялық  тұрғыдан  дайындау 
мақсатында бастауыш сынып ұстаздарымен қарым-қатынаста болу.  
Бағдарламаның ерекшеліктері: 
• Бағдарламада  бүлдіршіндердің  даму  жағдайын  жасаумен  қатар  олардың  ықпалы, 
қалауы, қызығушылығы, іс-әрекетке талпынуының толық ескерілуі; 
• Білім  беру  мен  тәрбие  шаралары  үшін  арнайы  жасақталған  бөбекжайдағы 
интелектуалдық аймақ орталығының жасақталуы; 
• Ата-аналармен,  педагогтармен  жыл  бойы  атқарылатын  жұмыстардың  айқындалып, 
ұйымдастыру, орындау, қорытындылау кезеңдері көрсетілуі; 
• Педагогтардың  ұйымдастырылған  оқу  іс  әрекеттерінің  технокарталарында  
интелектуалдық ойындар міндетті түрде жазылуы, жүргізілуі; 
• Балалардың  танымдық  қабілеттері  дамуы  үшін,  барлық  топтарда  интеллектуалдық 
аймақтар жасалып, түрлі форматтағы логикалық ойындармен толықтырылуы; 
• Бөбекжайдың  инновациялық  технологиялармен,  құралдармен  (интерактивті  тақта, 
Smartboard,  компьютер,  ноутбук,  интерактивті  білім  беру  құралдарымен)  толық  қамтылуы 
және бағдарлама аясындағы жұмыстарда қолданылуы. 
Күтілетін нәтиже: 
  Интеллектуалды  ойындар  арқылы  балалардың    ақыл-  ойлары  дамып,  сөздік 
қорлары үш тілде молайып, өз ойларын еркін де нақты жеткізе алады. 
  Қиялдары, зейіндері ұшқыр болып, тез, дұрыс шешім қабылдауға, ойнай отырып, 
ойлауға үйренеді.  
  Ұжымдық сезім әрекеттері дамып, бірігіп іс-әрекет етуге тәрбиеленеді. 
  Адамгершілік, сүйіспеншілік, достық сезімдері қалыптасады 
  Балалардың  үш    тілдегі  сөздік  қорлары,  білімдері  кеңейеді,  өз  елінде,  шет 
мемлекеттері туралы түсініктері қалыптасып, ойлау аясы кеңейеді; 
  Үш  тілді  жас  ерекшелігіне  сай  меңгерген,  жан-жақты  дамыған  жеке  тұлға 
тәрбиеленеді. 
Эксперимент  алаңы  барысында  жұмыстанатын  педагог-экспериментаторлар  жайлы 
деректер  базасы,  жалпы  нормативтік-құқықтық,  оқыту-әдістемелік  кешендер  жинақталды. 


 
 
217 
 
Жұмыс  кезеңдері  мына  үш:  дайындық  кезеңі,  негізгі  кезең, қорытынды  кезеңдері  бойынша 
жүргізілуде. Бөбекжай бүлдіршіндерінің танымдық қабілеттерінің артуын, үш тілдегі сөздік 
қорларының  молаюын  –  біліктілік  даму  деңгейін  қадағалау  мақсатындағы  индикатор 
көрсеткіштері арқылы анықтап, сәйкесінше жеке жұмыстар жүргізіліп отырады.  
«Балалардың логикалық ойлау қабілетін, интеллектуалдық ойындар арқылы үш тілде 
дамыту» тақырыбындағы тәжірибе алаңы аясында педагогтардың өз білімін, кәсіби деңгейін 
жетілдіруіне жағдай жасап, инновациялық әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану, іс-тәжірибесімен 
бөлісу  мақсатында  12  қалалық  семинар,  5  облыстық,  1  республикалық  семинар 
ұйымдастырылып,  136  педагог  қатысып  іс-тәжірибесімен  бөліссе,  489  педагог  тамашалап, 
тәжірибе жинақтады. 
Бөбекжай  бүлдіршіндері  мен  педагогтар  түрлі  деңгейде  ұйымдастырылған  32 
республикалық,  12  облыстық,  20  қалалық  іс-шаралар  мен  байқауларға  белсене  қатысып, 
нәтижесінде 2-бас жүлде, 21-І орын, 8-ІІ орын, 29 номинация мен алғыс хатты иелендік. 
Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  іс-әрекеттерін,  танымдық  қызығушылықтарын 
дамытуға  бағытталған,  тәрбиелеу  мен  оқытудың  неғұрлым  тиімді  әдістері  мен  түрлерін 
пайдалану барысымен бөліскен 7 облыстық, 8 қалалық озық тәжірибе таратылды. Сондай-ақ, 
баспасөзбен  байланыс  орнатылып,  11  педагог  республикалық  басылымға,  9педагог  -
облыстық, 6 педагог-қалалық басылымға іс-тәжірибесін жариялады. 
Бөбекжайымызда сонымен қатар, 2015 жылдың 20 қаңтарынан  ҚР Білім және ғылым 
министрлігінің  №408  бұйрығы  негізінде  «Жаңа  технологиялар  мен  білім  беретін  оқу 
бағдарламаларын    мектепке  дейінгі  ұйымда  апробациядан  өткізу»  тақырыбындағы 
республикалық  тәжірибе  алаңы  ашылып,  балалардың  қажетті  дағдыларды  игеруіне  әсер 
ететін,  «Мәңгілік  ел»  ұлттық  идеясына  сәйкес  жалпыадамзаттық  құндылықтармен 
негізделген  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  кешенді  дамуын  қамтамасыз  етуге 
бағытталған  бағдарламаны  апробациядан  өткізудеміз.  Бұл  тәжірибелік  алаңға  жас 
ерекшеліктеріне  қарай  4  топ  (сәбилер,  кішілер,  ортаңғы,  ересектер),  8  экспериментатор-
тәрбиеші, 93 бала қамтылды. Тәрбиелеу-оқыту үрдісінде Дамыта оқыту технологиясы, Ойын 
технологиясы, Денсаулық сақтау технологиясы,Ақпараттық коммуникативтік технологиясы, 
ТРИЗ  технологиясы,  АРТ  емдері,  Монтессори  әдістемесінің  элементтері  инновациялық 
педагогикалық  технологияларын,  ойын  және  жобалық  оқыту  әдістерін  ендіре  отырып, 
«Ақылды  балапан»  интерактивті  оқу-танымдық  кешені,  «Крошка  кролик»  интерактивті 
кешені,  «Фантазёры  МУЛЬТИтворчество»  бағдарламалы–әдістемелік  кешені,  «Графика» 
аспабы, «Электронды қазақ үйі» инновациялық білім беру құралдарын қолданамыз. 
Мектепке  дейінгі  ұйымның  әдіскері  өз  жұмысын  мектеп  жасына  дейінгі  балаларды 
тәрбиелеу  мен  оқытуды  жетілдіру  мақсатында  ұйымдастырады.  Ізденімпаздықпен, 
шығармашылдықпен жұмыс жасай білген әдіскер, қызмет барысында өзін жетілдіре түседі, 
шыңдалады.  Өзгеге  айтарың,  үйретерің  болу  үшін,  өзің  де  жан-жақты  болуың  қажет. 
«Инновациялық  әдіс-тәсілдерді  тиімді  қолдану  арқылы,  әдістемелік  қызмет  жұмысын 
дамыту»  шығармашылық  тақырыбында  жұмыстана  отырып,  қалалық,  облыстық  
семинарларға,  ғылыми-практикалық  конференцияға,  педагогикалық  оқуға,  облыстық, 
қалалық  тамыз  кеңестеріне  қатысып,  шығармашылығымды  шыңдаудан  жалықпаймын. 
Бөбекжай  педагогтарының  кәсіби  шеберлігін  арттыруға,  жеке  тұлғалық  өсуіне  мүмкіндік 
жасап,  инновациялық  топтар  құрып,  біріккен  кешенді  жобалар,  даму  бағдарламасын, 
әдістемелік  нұсқаулықтар  құрастыруда  бағыт-бағдар  беремін.  Қазіргі  уақытта    «Тілашар» 
(ҚББ  Хаттама  №1,16.11.2012ж),  «Мектепке  дейінгі  білім  беру  ұйымдарында  пәндік 
апталықтарды  ұйымдастыру  жұмыстары»  (ҚББ  Хаттама  №2,  26.12.2014ж),әдістемелік 
жинақтары, мектепке дейінгі  ұйымдардың ортаңғы топтарына арналған үш тілдегі  «Білімді 
қуыршақтар әлемінде», «В мире образованных кукол»,«In the world of knowledge dolls» (БҚО 
ББ  Хаттама  №2,  05.06.2015ж)  инновациялық  жобасы,  «Қызықты  ағылшын  әлемінде»  (БҚО 
ББ Хаттама №1, 04.03.2016ж),  «Мультишығармашыл балдырғандар» (БҚО ББ Хаттама №1, 
04.03.2016ж)  әдістемелік  құралдарының,  «Балалардың  логикалық  ойлау  қабілетін, 


жүктеу 4,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   146




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау