72
— Балаларға.
— Иә, балаларға және т. б.
Картинка-иллюстрацияларды кейіпкерлер мен заттардың атын атаудың
бұл тәсілі бір жағынан жеңіл де, себебі оқу үстінде педагог өзі көрсетіп қояды.
3. Мысалы, сабақта балаларға (төрт жастағыларға) К. И. Чуковскийдің
«Балапан» әңгімесі оқылады.
Тәрбиеші әуелі әңгімесін (балалар бұрын балапанды көрген болса, және
оқымас бұрын оларға түсіндірудің, балапанды көрсетудің «қажеті болмаса)
түгел оқып шығады. Одан кейін, қайталап оқығанда, балаларға әңгіме
«кейіпкері» салынған картинканы көрсетеді. Одан соң, балалардың өздері қарап
кітапшаларды барлығына таратып береді. Балалар картинкаларды әбден қарап
көріп болған соң, әңгіме иллюстрациясыз тағы да қайталап оқылады.
4. Орта және ересек топтағы балалармен картинка-иллюстрацияларды
қарап алып, мәтін сөздерінің суретпен қатыстылығын
айыру тәсілінде өтеді.
Мысалы, «Қаздар» ертегісін қайталап оқыр алдында бес жастағы балалар
картинкаларды ойыншық-кітапшадан (панорамадан) қарап көреді (Панорама-
кітапшаларда суреттің «қозғалмалы белгілі болатыны мәлім: бір бетін ашқанда
екінші жағынан композицияның әуелі біреуі, сосын екіншісі қозғалып отырады,
ал басқа белгісінде қозғап отыратын тұтқасы болады.)
5. Мұндай панорама-картинкамен сабақ жүргізгенде, тәрбиеші қысқа ғана
бір үзіндіні оқиды да (әрине, иллюстрациясы бар үзінді), балалардың біреуінен
соған сәйкес суретті көрсетіп талап етеді. Кейде, керісінше, біз суретті көрсетіп,
бір баладан мұнда ертегінің қай тұсы суреттелгенін еске түсіруді сұрайды.
Мұндай тәсіл жай жазық иллюстрацияларды көргенде де қолданылады.
Ересек және мектепке дайындық топтарының балалары иллюстрация-
картинкаларды бағалай біледі: сұрақтарға жауап беріп («Картинка ұнады ма,
жоқ па?», «Неліктен?»), тақырыпқа өзінше шешімдерін ұсынулары мүмкін
(сурет сабақтарында). Егер балаларға бірнеше суретшінің бір әдеби шығармаға
салған иллюстрацияларын көріп, салыстыруға үйретсе, олардың алуан түрлі
иллюстрацияға баға беріп, неғұрлым негізді бола түседі.
К.И. Чуковскийдің «Кірқоймас» ертегісін алғаш рет төрт жастағы
балаларға оқылатыны белгілі. Сол уақытта олар бір суретшінің
иллюстрациясын қарап көреді. Жұмыс әдеттегі тәртіппен өтеді: 1) тәрбиеші
алдымен мәтінді, балалар көңілді де көркем образдарды суреттелген сөздерге
аудару үшін, картинкасыз оқиды; 2) мәтінді жазушының сөзі бейнеленген
картинканы бір мезгілде көрсете отырып оқыды; 3) балалар картинкаларды
өздері қарап көреді; 4) тәрбиеші тағы да мәтінді иллюстрациясыз оқып шығады.
Балалар бұл ертегімен одан кейінгі жаста да кездесетін болады.
Алты жасар балаларға әрбір суретші салған иллюстрацияларды ертегіден
көрсеткен дұрысырақ болады.
Қазіргі бақылау, зерттеу экспериментінің нәтижелері суретті кітаптар
әдістерінің артықшылығын дәлелдеп отыр. Құрғақ сөзбен түсіндіргенше,
балаларды өзара білім салыстыру үшін «Тағы басқаша қалай айтуға болады?»
деген сөздік жарысын өткізген тиімді екені де өте тиімді.
73
Мысалы, 2-3 жас аралығындағы балалардың өздері жақсы көретін үй
жануарларын суреттерден көргенде қатты қуанатыны белгілі. «Жазда әжелеріне
барғанда төрт түліктің төлдерін көргендіктерін, олар қандай екенін бар есте
қалған әсерлерімен балалар жарысып айтып жатады. Суреттен танып,
ажыратып еске түсіргеннен кейін суреттерді жауып қойып, «Енді мен
кішкентай төлдер туралы ойын бастаймын, сендер шешуін тауып, өлең
жолдарынан олар қай төл жайында екенін ойлап табасыңдар» деп талап
қойғанымызда, балалар өлеңді тыңдауға ынталанады:
Бірінші өлеңіміз:
Бойы биік, өзі жүйрік
Ай-ай-ай!
Бұл - кішкентай ғана..... (тай)
Жүні аппақ, қара өзі,
Үлкен көзді, -зы,-зы,-зы
-Бұл- не? Бұл - қо...
Тәрбие, сабақ сөйлесу жолымен болмай, бала тілін ұштауда тиісті
нәтижеге қол жеткізілмейді. Қай жастағы баламен де сөйлесудің бірден бір
амалдары, жолдары бар. Баланы сөзге араластыратын сүйікті нысаны – оның
ойыншықтары, олармен жасалатын қимыл-әрекеттері, өзіне жақын тартып, дос
ететін аппақ ұлпа жүнді мысық, лақ, кішкентай балапан, т.б., осыларды
тосыннан көрген сәбидің қай-қайсысы да тіл қатып қалуға тырмысады.
Бала талпынысын көре-біле тұра, біздер сәбимен сөйлесе аламыз ба?
Бала әрқашан сізбен сөйлесуге дайын, ал сіз қалайсыз? Бұл үшін 3-5 жастағы
сәбилерді қызықтыратын тақырыптар алынып, олардың тілін сындыруға
қажетті тілдік жаттығулар, жаңылтпаштар жинақталды .
«Суреттi сөздiкте» берілген суреттерде баланың танитын ойыншықтары,
заттары; көшеде, аулада көргенде қызықтыратын құбылыстарды, жанды-
жансыз қарекет иелерін аңғарта таныстыратын, өз елінің ерекше тұрмыстық
ерекшеліктерін білдіретін тақырыптар қамтылған [63].
Бір суретті әр түрлі жастағы балалардың қарастырғаны туралы мынандай
әдістер қолдануға болады. Төмен жастағы балаларға тәрбиеші тарапынан «Бұл
сурет (ертегі) не жайында?», «Қыз бала қалай киінген?», «Қыздың жанында не
тұр?» деген сұрақтар қойылады, жоғарылау жастағы балаларға «Суреттен қай
ертегідегі кейіпкерді көріп тұрсыңдар? Қаңбақ шалдың көңіл-күйі қандай?,
Ертегідегі негізгі оқиғаны және осы жағдайдан кейінгі шалдың өмірін сипаттап
беріңдер» деген талаптар қойылады.
Суреттерді үлкеннің басшылығымен қарастырғанда, бала үлкеннің
тәжірибесіндегі білімге сүйенуді әдет етеді, ал өздігінен қарастыруды әдетке
айналдырса, өз қиялы дамиды, өз тәжірибесі арта түседі. Тіл дамыту
міндеттерін жүзеге асыруда суреттерді пайдалану әрдайым сәтті бола бермейді.
Сөздік жұмысын жүргізуде түр-түс, жыл мезгілдері, тұрмыстық заттар мен
құрал-жабдықтар, адамдардың дене мүшелері, көлік түрлері, т.б. жеке
мүліктерді, заттарды бейнелеген суреттерді қолдану тиімді шығып жатады. Ал
әдемілікке, сезімге, адамгершілік жақсы қасиеттерге баулитын туындыларды
дәл тауып, баланың жасына сай қолдану қиынның қиыны. Тіл дамыту
Достарыңызбен бөлісу: |