92
ОРЫС ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕЙТІН БАЛАЛАРДЫ
ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ ҮЙРЕТУ САБАҚТАРЫНЫҢ ҮЛГІЛЕРІ
І. Балабақшаның ересек топ балалары үшін
1-сабақ. Тақырыбы: Өткенді қайталау.
Мақсаты:- «Балабақша» тақырыбымен байланысты сөздерді қазақ тілінде
еске түсіріп айту, суреттерін көрсету. Әртүрлі заттардың қасиеттерін атап
көрсету (түсін, көлемін) және осы белгілері арқылы топтастыру, біріктіру,
өткен тақырыптар бойынша білімдерін бекіту. Оқу міндетін түсіндіру және
жекелей берілетін тапсырмалардың мазмұнын түсініп, баланың өздігінен
орындауын қадағалау. Өздерін бақылай білу және бағалау дағдыларын
қалыптастыру.
Көрнекілік: Балабақша туралы сызба, суреттер, тапсырма үлгілері.
Сабақтың барысы: Ермек Өтетілеуовтің өлеңін оқу:
Бала-бала баламыз,
Бақшамызға барамыз.
Күні бойы қызыққа
Батамыз да, қаламыз.
1. Сұрақтар: -Какие знакомые слова из этого стихотворения вы
услышали? (бала, балабақша, баламыз, барамыз, т.д .)
2. Ойын жаттығулар (1-бет, 1-сурет.) «Покажи и нарисуй». Тапсырма:
Покажи и назови! «үй, еден, үстел,...». Нарисуй и назови! - «терезе, сағат, есік».
3. «Что большое, что маленькое и какого цвета?» (1-бет, 2-сурет).
Тапсырма: Покажи и назови: «Кішкентай орындық», «Үлкен терезе», т.б.
4. Ойын жаттығу: «Закрась правильно» (1- бет, 3 - сурет.) Тапсырма:
Балаларға үстелді бояуға ұсыну. Түр-түс атауларын бекіту (сары, ақ, қоңыр...).
Закрасьте, «сары үстел, ақ есік, қоңыр орындық».
5. «Қ» дыбысымен танысу (1-бет, 4-сурет.) «Қ» дыбысының қалай дұрыс
дыбысталатынын түсіндіру және қай сөзде кездесетінін айту. Тапсырма:-
Отметь на картине слова, где есть звук «Қ», лишние слова зачеркни.
6. Сергіту сәті: «Балабақшада» Балалар шеңбер жасап тұрып, қол соғып
тұрып, төмендегі шумақты айтады:-
«Алақай, қайда-қайда, балақай?
- Кім балақай? - Оля балақай
- Оля қайда?.....- Оля балабақшада.
7.
Сөйлем құрастыру. Тапсырма:-Пользуясь схемой, составьте
предложение: 1. Балабақшада үлкен есік бар. 2. Балабақшада терезе бар.
8. Өзін бақылау және өзін бағалау. Үлгі бойынша: Алдын ала
дайындалған жұмысты көрсету және өз жұмыстарын үлгімен салыстыруға
ұсыну: -Если все правильно, то внизу в правом нижнем уголке – зеленый
кружок, -Если есть 1-2 ошибки – желтый; -Много ошибок - красный.
93
2-сабақ. Тақырыбы: «Балабақшада кім бар?»
Сабақтың мақсат-міндеттері: Өткен тақырыпты қайталау. Балабақша
қызметкерлері туралы түсінік беру және олардың мамандық атауларын қазақ
тілінде бекіту. Сөздерді буынға бөлуді үйрету. Қазақ тіліне тән дыбыстарды
дұрыс дыбыстауға үйрету (ү,і,ә).
Сөздік жұмыс: «Жақсы, әдемі, мейірімді» сөздеріне түсінік беру. Ол
сөздерді сөйлем құрастыруда қолдандыру.
Көрнекі құрал: Балабақша қызметкерлерінің суреттері. Шартты белгілер:
1.А.Мұсахановтың «Дәрігер» өлеңін оқу.
Тіс ауырса, іш ауырса,
Мамам дәрі береді.
Барлық ана
Оны жақсы көреді.
Сабақ барысы: Мазмұны бойынша әңгімелесу. Өлеңнің әр жолын
қимылмен көрсете отырып, өлеңді қайталап оқу. Тапсырма: - Хлопайте в
ладоши, если услышите знакомые слова (тіс, ана, бала, жақсы).
2. Фонетикалық ойын жаттығу: «І дыбысына моншақ тізейік!», «Қыз
аттарын атаймыз –Іңкәр, Інжу, Мінәш, Мінәжат», «Ұл аттарын атаймыз: Ісләм,
Ілияс, Еркін, Ерсін, Біржан, Бірімбет»
3. Тіл сындыру, жаңа сөздерді бекіту жаттығулары: (-Произносим, хлопая
в ладоши)
-гер-гер - дәрігер
-ші-ші - тәрбиеші
-ші-ші - күтуші
-паз-паз - аспаз
-ім-ім -мұғалім.
1-тапсырма: - Найди на рисунке (тәрбиеші, дәрігер, күтуші,мұғалім,аспаз).
2-ші тапсырма: - Кому что нужно? Расставь правильно.
4. Ойын: «Секретные знаки». Шартты белгілермен танысу ( -отыр,
-үлкен, -кішкентай.
Тапсырма: -Используя условные знаки составь предложение: «Мынау көк
есік_____, Мынау қызыл доп ______ , Мынау жасыл алма _______»- тіркестерін
қайталату, бекіту.
5. Мақалмен таныстыру. Мазмұны бойынша әңгімелесу.
Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті. (Труд кормит, лентяй себя
бережет)
6. Сергіту сәті: Мәтініне қарай балалар қимыл жасайды. (2-3рет)
1, 2 3 –балалар алды күш.
1, 2, 3 –екі аяқта күш
7. Ойын: «Найди нужный звук и правильно соедини» Сұрақтар мен
тапсырмалар:-Назови предметы, где есть звуки «қ, ә, ү» -Соедини правильно
буквы «қ, ә, ү» с картинкой где есть данные звуки.
8 .- Раздели на слоги «Дә-рі-гер, ас-паз, қыз»
9. Орындалған тапсырмаларын үлгі бойынша тексеру және бағалау.
94
3-сабақ. Тақырыбы: «Балабақша өмірінен».
Сабақтың мақсат-міндеттері: Балабақша өмірі туралы түсінік беру
(сабақтар,ойындар, ұйқы). Балаларға шартты белгілерді қолданып жай сөйлем
құрастыруға үйрету (Бала отыр. Мұғалім тұр.) Етістік сөздерді белсенді
қолдануға үйрету (отыр, ойнайды, тұр). Мақал, жұмбақ, тақпақтармен
таныстыру (секіреді, тұр). Оқу міндетін түсінуін және тапсырманы өздігінен
орындау дағдыларын қалыптастыру. Әр баланың өзін-өзі бақылау дағдысын
қалыптастыру.
Көрнекі құралдар: Балабақша өмірі туралы сюжетті суреттер; шартты
белгілер: ( , ).
1. М. Әлімбаевтің өлеңінен үзінді жаттау.
Бала,бала баламыз,
Бақшамызға барамыз (іс-қимыл жасау).
Күні бойы қызыққа
Батамыз да қаламыз.
2. Ойын. «Знакомство». Сызбаларды қолданып, өзі туралы әңгімелеу.
Менің атым - Коля. Мен алты жастамын. Мен Камзин көшесінде
тұрамын.
3. Еңбек туралы мақал. «Нан-тамақтың атасы.» (Хлеб-всемуголова)
- Вспомните пословицу: «Еңбектің наны тәтті. Жалқаудың жаны тәтті.»
- К какой профессии больше относятся эти пословицы?
4. Ойын тапсырма: «Кто что делает?» (етістіктің шартты белгілерін
қолдану).Тапсырма: Соедини картинку с условным обозначением, чтобы
получилось предложение (Қыз секіреді. Қоян секіреді. Доп домалайды.)
5. Сергіту сәті: Қайталау «Балабақшада».
6. Ойын жаттығу: «Кто внимательный?» - Дорисуй условный знак.
Аспазшы отыр, қыз секіреді. Ит үлкен, мысық кішкентай».
7.Ойын «Мы считаем.» Қанша затты санағандарын тексеру.
Тапсырма:- Проверь, правильно ли расставлены цифры? Дорисуй не
достающиеся предметы или зачеркни где не правильно. Прочти
словосочетание.
8. Орындаған жұмыстарын өздеріне бақылату және бағалату.
4- сабақ. Тақырыбы: «Ойыншықтар».
Сабақтың мақсат-міндеттері: Балалардың сөздігін жаңа сөздермен
толықтыру. Қарапайым сұрақтарға жауап бере білуге үйрету (диалог). Жаңа
шартты белгі бойынша сөйлем құруға дағдыландыру ( -менде...) Зат аттарын,
қасиеттерін, қимылын білдіретін шартты белгілерді бекіту. Сан мен заттың
сандық сәйкестігін белгілеуге үйрету. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс
дыбыстауын қалыптастыру. Оқу міндетін дұрыс түсініп, өздігінен орындауға
үйрету. Өзін-өзі бақылау мен бағалау дағдысын қалыптастыру.
Көрнекі құралдар: Ойыншықтар, шартты белгілер ( Менде не бар?)
1. Н. Әлімқұловтың «Ойыншықтар» әнін орындау.
Біздерде бар қуыршақ,
Қонжық, қозы, құлыншақ.
Достарыңызбен бөлісу: |