71
Мәскеу, Курск, Омбы қалаларынан шығарылған К. Жуковскийдің ертегілеріне
В. Конашевич салған иллюстрациялар балаларды әрдайым көңілді күлкіге
кенелтеді; сондай-ак орыс халық ертегілеріне Ю. Васнецовтың салған әсем
иллюстрациялары тебірентпей қоймайды; Е. Чарушиннің салған терең мәнді
суреттері баланы ойлантуға мәжбүр етеді; В. Горяевтің суреттері А. Бартоның
өлеңдерін жақсы қабылдауға жәрдемдеседі;
С. Михалковтың шығармаларына Ф Лемкуль салған суреттер балаларға
оларды сөзбен берілген образын толық түсінуге көмектеседі. Осындай жанды
суреттері бар кітаптардың мәтіндерін қазақша аударып, суреттерге
сәйкестендіріп мәнерлеп оқу бала тілін, оның қазақ тілінде сөйлеуін
жетілдіруге бірден-бір себеп. Бұл сөзімізге қазір шетелден шығарылған «Біздің
Даша» кассетасының орыс және қазақ тілінде қолданысқа енгізілуі нәтижелі
болғандығын мойындамасқа болмайды. Бұл мүмкін баланың полиглоттылыққа,
көптілділікке апаратын бірден-бір жол .
Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай тәрбиеші кітапшадағы көркем
иллюстрацияны қарап көрсету тәсілдерін өзгертіп отырады. Ол тәсілдер
мыналар:
1-ші кішкенелер тобында: 1. Алдында отырған екі-үш балаға тәрбиеші
оларға бұрыннан белгілі «Әтешім, әтешім, алтын айдар әтешім!» атты тақтаға
салынған картинкаларды көрсетеді (бұл тақпақты алғашқы рет оқығанда
балалар ойыншық әтешті көріп, ал ауылдағы балалар бақшасының балалары
тірі әтештің өзін көрген болатын), әуелі бір балаға, сосын екінші балаға сұрақ
қойылады:
— Айгүл, кәне әтешті көрсетші. Саусағыңмен айдарын көрсетіп, атын
ата! (Қыз көрсетеді.)
—
Алтын айдарлы әтеш, міне, осы.
— Ал әнді, Асқар, сен көрсетші, оның айдары қайсы. (Бала көрсетеді.)
— Міне, әтештің басындағы айдары — алтын айдары осы.
— Енді картинкаларды көріп, салыстырайық: біріншісін әтеш дән шұ-
қып жеп жүр, ал екіншісінде ән салып тұр. Сапия, ән салып тұрған әтешті
көрсетші. (Бала тауып көрсетеді.)
2. Балалар үшін күрделірегі — тәрбиеші көрсеткен картинкалардағы
кейіпкерлердің, заттардың, оның бөліктерінің аттарын атау.
1-ші кішкентайлар тобында тәрбиеші сол суретті, әтешті арнайы
таяқшамен нұсқап көрсетеді де:
— Алмас, бұл не?
— Әтеш .
— Дұрыс, әтеш. Алмас оны бірден таныды. (Оның айдарын көрсетеді.)
Ал оның басындағы немене, Нәзгүл?
— Айдары (айдары).
— Дұрыс, Нәзгүл, жақсы айтты. Енді мына кітап суретінен, әтештің не
істеп тұрғанын көрейік. Мынада әтеш қалай... Ол не істеп тұр, Самат?
— Ән сал...
— Әтеш ән салып тұр. Ол бар даусымен ән салып тұр. Ол кімге ұйқы
бермейді?