74
сабағының тақырыбына орай сурет қарастырғанда, алдымен ескерілетін талап –
суреттің мазмұнды болуы. Суретте мазмұн айқын көрініп тұру өз алдына,
екіншіден, сол сюжеттің мәнерлі берілу құралдары бірден бір басты рөл
атқарады. Бейнелеу өнері – өнер туындысы. Ал бейнелеу өнерінің тіліне
жататындар: сурет, оның түсі, ритмі, айқындылығы, құрылысы-композициясы.
Мұғалім тәрбиеші баланың суретті тура түсінуіне тікелей басшылық жасайды.
Сурет өнеріне бала тәнті болуы үшін бала оны стихиялы түрде емес, іштей
сезіне қабылдауы керек. Мұғалім сурет мазмұнына қарай мақсат қоя басшылық
жасайды. Өнер тілін баланың жақсы сезінуі үшін үлкеннің бірнеше рет
қайталап түсіндіруі қажет болады.
Жаңа кітапшамен танысу негізіндегі сабақтарға әуелі мәтінді жеке оқып,
содан кейін иллюстрациясын көрсеткен дұрыс екенін балалар бақшаларының
тәжірибесі дәлелдеп отыр. Сурет әрбір сөзден кейін көрсетілуі тиіс,
әйтпесе
түрлі-түсті суреттерге еліктеген балалар суретті өзінше көреді де, елестеткен
образы сөзбен үйлеспейді, өйткені балалар сөзді «естімейді», оның дыбыстық
бейнесі оларды қызықтырмайды. Балалар көңілін толық аударып, оларды
қызықтыру үшін өте әдемі өрнектелген кітапшаның мұқабасы ғана жеке
көрсетіледі.
Кітапша оқылып болғаннан кейін балалардың назары түгелдей оның
мазмұнына бөлінген жағдайда тәрбиеші кітапшалардағы иллюстрацияларды
көрсетеді. Балалар мәтінде айтылған оқиғаны, кейіпкерлерді, заттарды еркін
тануы үшін тәрбиеші аттарын қайталап айтып, бекітіп отырады. Суреттерді
толық көргеннен соң, қайталап оқыған кезде сөздік материалдарды балалар
шапшаң қабылдай бастайтын болады.
Қайсыбір жағдайда жоғарыдағы әдістер өзгертілуі де мүмкін. Себебі
кітапшадағы оқиғалар, заттардың аттары балаларға таныс болмауы мүмкін.
Ондай сәттерде әуелі онда келтірілген нәрселердің суретін алдымен көрсетіп,
таныстырып алып, мәтінді оларға көңіл аудартқызбай оқыған
дұрыс. Мысалы,
«Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісін оқымас бұрын балаларға
сиырды, түйені, қойды, қала балалары үшін жайлауды және хайуанаттардың
жейтін қорек түрлерін көрсетіп алған дұрыс.
5. Балалардың қазақша монологты сөйлеуін қалыптастыру әдістері
Балалардың диалогтық сөйлеуді монологтық сөйлеумен қатар
үйретілуінің, меңгертілуінің мәні зор. Өтілген материалды тұтас мазмұндау,
түсіндіру және оны жүйелі айтып беру монологтық сөйлеуге тән қасиет.
Монолог гректің monos – бір, жеке және logos сөз, сөйлеу деген ұғымдарынан
келіп шыққан. Оның мәнісі бір сөз, жеке сөйлеу деген мағыналарды аңғартады.
Мұнда бір ғана адам сөйлейді де, басқа адамдар тыңдап отырады. Монологтық
сөйлеуде грамматикалық құрылым заңдылықтары сақталып, тиянақты ой
қорытындысы жасалады. Баланың материалды (өлең мазмұнын не әңгіме-
ертегіні) түсінуі, мазмұндауы, ауызша қайталап айтуы, ауызша баяндап
жеткізуі, мұғалім алдында ойды жеткізуге төселуі монологты сөйлеудің негізгі
көріністері болып табылады [64].
75
Балалардың жас ерекшеліктеріне, ой, білім дәрежесіне және өзі
тәрбиеленіп келе жатқан тобына шақталған көркем шығармалардан алынған
мәтіндерді және өздері көрген, білген оқиғалардың мазмұнын жүйелі айтып
беруге ыңғайлана бастауы қазақ тілі материалдарына байланысты. Мұғалім мен
баланың тиісті фактілерді түсіндірудегі монологтық сөйлесуі ауызша түсіндіру,
ауызша мазмұндау, мәнерлеп өлең оқу түрінде іске асады.
Қазақ тілі сабақтарында баланың монологты тілін дамытатын, түсінікті
тілде (қазақша, не орысша) мынандай әдістер қолданылады:
1) Ауызша түсіндіру (Мұғалімнің, тәрбиешінің сөзі). Ауызша мазмұндап
баяндаудың бұл түрі – әрі теориялық, әрі практикалық материалдардың өзара
заңдылықтарына сәйкес қолданылатын әдіс түрі. Бұл әдісте түсіндіру тәсілі
арқылы сөздердің мағыналық жағына назар аударылады. Мәселен, сөздің
қосымша мағынасын (синонимді, антонимді, бейнелі сөздер мен тіркестерді)
бала санасына дұрыс қабылдату үшін, аталымдарын өздеріне тапқызып,
нысандарын түсіндіре көрсету үшін, көрнекіліктермен қосымша білім беру
үшін мұғалімнің, тәрбиешінің ұғынықты түсіндіру тәсілдері қолданылады.
Екінші тілді үйрету мақсатында бұл әдіс тәсілдерінің арнайы жүйесі
қалыптастырылуы керек. Мектеп жасына дейінгі балаларды мемлекеттік тілге
оқытқанда, тілдік элементтерге (сөз, тіркес, сөйлем) тікелей үйрету тәсілі
жүзеге асырылса, орысша сөйлейтін балаларға түсіндіру, ішін ара аудару
тәсілімен сол тілде жүргізіледі. Аударма (салыстырмалы әдіс) сөз бен
сөйлемдерді үйреткенде болмаса, аз қолданылады. Сабақтарда тіл негізінен
аралас әдіс арқылы оқытылады, яғни балалардың тілді меңгеру деңгейлеріне,
қабілеттеріне қарай, түсінетін жағдаятта тілді үйретуші қазақ тілінде сөйлесе,
ал жаңа материалдарды өтуде екінші орыс тілін пайдалануына шектеулі уақыт
береді.
Пікірдің дәл, анық қабылдануы үшін қазақ тіліне сәйкес таңдалған
мәтіндегі мағлұматты түсіндіру тәртібі былайша жүргізіледі. Әрбір сөз белгілі
ұғымды білдіреді. Сөз бен ұғым бір-бірімен өзара тығыз байланысты, бірақ
олар тең дәрежеде қолданылмайды. Себебі сөз – тілдік құбылыста
қолданылады, ал ұғым –ойдың формасы. Тілсіз сөйлем болмайды. Ұғым тілде
сөз арқылы аталады. Сондықтан белгілі бір ұғымға берілген атауларды сөз
дейміз. Айталық, аға, іні, бала, жол, биік, аласа, бір, үш, бес, қол, аяқ, т.б.
2) Ауызша мазмұндау. Монологтық сөйлеудің бұл түрі баланың оқыған
мәтінді түсінгенін және қалай меңгергенін байқап білу тәсілдеріне саналады.
Ауызша түсіндіру мен ауызша мазмұндаудың бір-бірімен аздап болса да өзіндік
ерекшеліктері бар. Ауызша түсіндіруде, негізінен, тыңдаушының ойын,
назарын аударып, дерексізден деректіге қарай ұғындыру амалы мен тәсілі
басым. Сондықтан түсіндіруде беріліп отырған нысанның өзіндік белгілеріне
қарай айтылатын ой өте анық, дәл және ықшам болуды талап етеді. Ал ауызша
мазмұндауда тыңдаушының ойы мен қиялын, елесі мен сезімін оятып, объектіні
көркем бейнелеп беру қасиеті күшті келеді. Ауызша мазұндаудың суырып
салып айту (импровизациялық) табиғаты ауызша түсіндіруден ең басты
айырмашылықтардың бірі болып табылады. Ауызша мазмұндау үшін ешқандай
дайындықты керек етпейтін түрін суырып салып айту дейді. Тындаушы
Достарыңызбен бөлісу: |