Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет86/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   192

      
РҚАО-ның ескертпесі!
 
      22-тарауды 408-1-баппен толықтыру көзделген - ҚР 27.11.2015 
№ 424-V
 Заңымен 
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң 
қолданысқа
 енгізіледі).
 
   23-тарау. Білім беру, дене шынықтыру және спорт саласындағы 
әкімшілік құқық бұзушылықтар 
      Ескерту. 23-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен 
(01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
 
      409-бап. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы
 
                заңнамасын бұзу
 
      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 
бастап қолданысқа енгізіледі).
 
      1. Педагог жұмыскердің міндеттерін және педагогтік әдеп нормаларын орындамауы 
немесе тиісінше орындамауы –
 
      жеке тұлғаларға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің Қазақстан Республикасының білім 
беру саласындағы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы немесе тиісінше 
орындамауы – 
 
      он айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      3. Білім беру ұйымы басшысының немесе өзге де лауазымды адамының міндеттеріне 
салғырт қарауы немесе адал қарамауының салдарынан оларды орындамауы немесе тиісінше 
орындамауы, егер бұл оқу және тәрбие беру процесі кезінде білім беру ұйымдары 
тәрбиеленушілерінің, білім алушылары мен жұмыскерлерінің денсаулығына жеңіл зиян 
келтіруге әкеп соқса, –
 
      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      
РҚАО-ның ескертпесі!
 
      409-бапты 3-1-тармақпен толықтыру көзделген - ҚР 09.04.2016 
№ 501-V
 Заңымен 
(01.01.2017 бастап 
қолданысқа
 енгізіледі).
 
      4. Білім беру ұйымдарының талаптарды:
 
      1) білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын сақтамау;
 
      2) білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгілік қағидаларын сақтамау;
 
      3) білім алушыларды білім беру ұйымының үлгілері бойынша ауыстырудың және қайта 
қабылдаудың үлгілік қағидаларын сақтамау;
 
      4) білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар берудің 
үлгілік қағидаларын сақтамау;
 
       5) жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми жұмыскерлерін 
лауазымдарға конкурстық орналастырудың үлгілік қағидаларын сақтамау түрінде жасалған 
бұзушылық – 
 
      лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға – он, шағын кәсіпкерлік 
субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсіпкерлік 
субъектілеріне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма бес айлық есептік 
көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      5. Білім беру ұйымдарында саяси партиялардың ұйымдық құрылымдарын құру және 
олардың қызметі –
 
      лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік 
субъектілеріне – он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма айлық есептік көрсеткіш 
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      6. Көрсетілетін білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру 
стандартының талаптарына сәйкес келмеуі, сондай-ақ мемлекеттік жалпыға міндетті білім 
беру стандарттарының талаптарын өзге де бұзушылықтар –
 


      лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік 
субъектілеріне – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      7. Осы баптың бірінші – алтыншы бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза 
қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
 
      лицензиядан айыра отырып, жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – отыз, 
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, iрi 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      8. Сабақтар мен жарыстар өткізілетін орындарды спорттық мүкәммалмен және жабдықпен 
қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтамау –
 
      заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      9. Мемлекет меншігіне жататын дене шынықтыру-сауықтыру, спорт ғимараттарын оларға 
тең дәрежедегі дене шынықтыру-сауықтыру, спорт ғимараттарын салмай тұрып жою, олардың 
нысаналы және функционалдық мақсатын өзгерту –
 
      лауазымды адамдарға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      10. Спорттық іс-шараларға қатысушыларды медициналық көмекпен қамтамасыз ету және 
нормативтік талаптарға сәйкес медициналық тексеруден өтпеген спортшыларға рұқсат беру 
жөніндегі талаптарды сақтамау –
 
      заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      11. Осы баптың оныншы бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр 
жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет –
 
      бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      
Ескерту. 409-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 
№ 272-V
 Заңымен (01.01.2015 
бастап қолданысқа енгізіледі).
 
   24-тарау. ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІККЕ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ҚОЛ 
СҰҒАТЫН ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР 
      410-бап. Өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу немесе орындамау
 
      1. Ұйымдарда, қоғамдық орындарда, қоймалық үй-жайларда, ауыл шаруашылығы 
алқаптарында, жатақханаларда және тұрғын үйлерде өрт қауiпсiздiгi қағидаларында, 
техникалық регламенттерде, құрылыс нормалары мен қағидаларында, ұлттық стандарттарда 
көзделген өртке қарсы талаптарды бұзу немесе орындамау –
 
      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, шағын 
кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсіпкерлік 
субъектілеріне – жиырма бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш 
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір 
жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
 
      жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе 
коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, iрi 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға 
әкеп соғады.
 
       3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, адамның денсаулығына зиян немесе 
айтарлықтай залал келтiрген өрттiң шығуына әкеп соққан әрекет (әрекетсіздік), қылмыс 
құрамы болмаған кезде – 
 
      жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе 
коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, iрi 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау