субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік
көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасының заңдарында жарнаманы тарату тілдеріне белгіленген
талаптарды бұзу
–
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – жетпіс, шағын кәсiпкерлiк
субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік
субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік
көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып жасалған дәл сол әрекет
–
жеке тұлғаларға – жетпіс, лауазымды адамдарға – бір жүз, шағын кәсiпкерлiк
субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік
субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш
мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза
қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер
–
бұқаралық ақпарат құралының шығарылуын (эфирге шығуын) үш айға дейінгі мерзімге
тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – бір жүз елу, лауазымды адамдарға – бір жүз жетпіс,
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта
кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алты жүз айлық
есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
456-бап. Шығарылым деректерiн хабарлау тәртiбiн бұзу
1. Белгiленген шығарылым деректерiнсiз мерзiмдi баспасөз басылымын шығару,
ақпараттық агенттiктің немесе желілік басылымның хабарлары мен материалдарын тарату, өз
атауын хабарламай, сол сияқты анық емес не көрiнеу жалған шығарылым деректерiмен теле-,
радиоарналардың эфирге шығуы –
ескерту жасауға немесе бұқаралық ақпарат құралдары өнiмiнiң таралымы тәркiлене
отырып не онсыз, жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн
бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер
–
өнiм таралымы және бұқаралық ақпарат құралы өнiмiн дайындау және тарату үшiн
пайдаланылатын техникалық құралдар тәркiлене отырып, елу айлық есептiк көрсеткiш
мөлшерiнде айыппұл салуға не бұқаралық ақпарат құралының шығарылуын (эфирге шығуын) үш
айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұруға әкеп соғады.
Ескерту. 456-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.11.2015
№ 419-V
Заңымен (01.01.2016
бастап
қолданысқа
енгізіледі).
456-1-бап. Ақпаратқа қол жеткізу құқығын заңсыз шектеу
1. Жауаптылығы осы Кодекстің басқа баптарында көзделген әрекеттерді қоспағанда,
ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпарат пайдаланушының сұрау салуы
бойынша берілуге жататын жағдайларда мұндай ақпаратты беруден құқыққа сыйымсыз бас тарту
не көрінеу жалған ақпарат беру –
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға
– отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз
айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Көрінеу жалған ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында, ақпарат иеленушінің
интернет-ресурсында, ашық деректер интернет-порталында немесе Қазақстан Республикасының
заңнамасында көзделген өзге де тәсілдермен орналастыру –
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға
– отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз
айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы Кодекстің 504-бабының үшінші бөлігінде көзделген әрекеттерді қоспағанда,
қол жеткізу шектелген ақпарат болып табылмайтын ақпаратты қол жеткізу шектелген
ақпаратқа құқыққа сыйымсыз жатқызу –
лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп
соғады.
4. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза
қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес
ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік
субъектілеріне – екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 26-тарау 456-1-баппен толықтырылды - ҚР 16.11.2015
№ 404-V
Заңымен
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі).
27-тарау. БАСҚАРУДЫҢ БЕЛГIЛЕНГЕН ТӘРТIБIНЕ ҚОЛ СҰҒАТЫН
ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
457-бап. Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу
мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының
заңнамасын бұзу
1. Лауазымды адамның мемлекеттiк тiркелуге жататын нормативтiк құқықтық актiнi
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде осындай
тiркеуге ұсынбауы
–
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Лауазымды адамның белгіленген тәртіппен күші жойылған, сот жарамсыз деп
таныған, белгіленген тәртіппен ресми жарияланбаған, қолданысқа енгізілмеген не
қолданысын уәкілетті орган тоқтата тұрған, сондай-ақ әділет органдарында мемлекеттік
тіркеуден өтпеген нормативтiк құқықтық актiнi қолдануы
–
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза
қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер
–
отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
458-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын,
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын
пайдалану, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Гимнін пайдалану және орындау
тәртiбiн бұзу
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін заңсыз пайдалану, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік Гимнін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза
отырып пайдалану және орындау
–
екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мемлекеттiк рәміздерді пайдалану мiндеттi болып табылатын жағдайларда оларды
пайдаланбау
–
лауазымды адамдарға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп
соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза
қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер
–
төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
459-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң мәтiндерiн
кейiннен ресми жариялау тәртiбiн бұзу
Нормативтiк құқықтық актiлердiң мәтiндерiн кейiннен ресми жариялау тәртiбiн:
Достарыңызбен бөлісу: |