Павлодар облысы әкімдігінің
2015 жылғы 11 тамыздағы
№ 238/8 қаулысымен
бекітілген
«Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес көрсетеді.
Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсыну.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш бергенде, белгіленген нысан бойынша өтініш және Қазақстан Республикасы Ауыл шарауашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-3/423 бұйрығымен бекітілген «Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағында көзделген құжаттар мемлекеттік қызметті ұсынуға негіздеме болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс- қимылдың) мазмұны және оны орындау ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап құжаттарды қабылдауды, оларды тіркеуді жүзеге асырады – 15 (он бес) минут;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы жауапты орындаушыны анықтайды – 1 (бір) жұмыс күні;
3) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім маманы өтінімдер мен құжаттарды алғаннан кейін ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – ВАК) қарауына енгізеді – 3 (үш) жұмыс күні;
4) ВАК бөлім ұсынған құжаттарды қарайды, субсидиялар алуға үміттенетін ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң (бұдан әрі – АШТӨ) тiзiмiн құрастырады, белгіленген оңтайлы себу мерзімі аяқталған соң өскіндердің бар-жоғын тексереді, егістерді қабылдау актін құрастырады, субсидия алуға АШТӨ ақырғы тізімін құрастырады және оны аудан немесе қала әкіміне (бұдан әрі – әкім) бекітуге жібереді - 25 (жиырма бес) жұмыс күні;
5) әкім АШТӨ тізімін қарастырады және бекітеді – 2 (екі) жұмыс күні;
6) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім маманы әкім бекіткен тізімді, қабылдау актілерін және, қазынашылық органдарына ұсыну үшін оның нөмірін көрсете отырып, банктiк шоттың бар болуы туралы екінші деңгейдегі банктің анықтамасын Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасына (бұдан әрі – басқарма) ұсынады – 3 (үш) жұмыс күні;
7) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы АШТӨ-нің жиынтық тізілімін құрастырады, субсидиялар төлеу үшін ведомость және төлем шоттарын құрастырады және аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсынады - 5 (бес) жұмыс күні.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсыну.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім маманы;
4) ВАК;
5) әкім;
6) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы.
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсетумен көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігін сипаттау осы регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
9. Мемлекеттік қызмет «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Павлодар облысы бойынша филиалы және «www.egov.kz» электрондық үкімет веб-порталы арқылы көрсетілмейді.
«Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау
арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң
шығымдылығы мен сапасын арттыруды,
жанар-жағармай материалдарының
және көктемгi егiс пен егiн жинау
жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi
басқа да тауарлық-материалдық
құндылықтардың құнын субсидиялау»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша
Уәкілетті органның атауы және олардың байланыс деректері
Р/с №
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші орган
|
Байланыс деректері
|
1
|
2
|
3
|
1
|
«Павлодар қаласының
ауыл шаруашылығы бөлімі»
мемлекеттік мекемесі
|
Павлодар қаласы,
Кривенко көшесі, 25,
телефон: 8(7182) 32-07-30
email: pavlodar_osh@mail.ru
|
2
|
«Екібастұз қаласының
ауыл шаруашылығы бөлімі»
мемлекеттік мекемесі
|
Екібастұз қаласы,
50-жылдық көшесі,
телефон: 8(71877) 54237
email: otdel_osh@mail.ru
|
3
|
«Ақсу қаласының
ауыл шаруашылығы бөлімі»
мемлекеттік мекемесі
|
Ақсу қаласы,
Царев көшесі, 12
телефон: 8(71837) 50572
email: 4108605@mail.ru
|
4
|
«Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік
және ауыл шаруашылығы бөлімі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
|
Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылы,
Абай көшесі, 77
телефон: 8(71841) 21572
email: aktogai_sozprog@mail.ru
|
5
|
«Баянауыл ауданының
кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Баянауыл ауданы
Баянауыл ауылы,
Сәтбаев көшесі, 49
телефон: 8(71840) 91245
Email: baiandepselhoz@mail.ru
|
6
|
«Железин ауданының
кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Железин ауданы
Железинка ауылы,
Придков көшесі, 13
телефон: 8(71831) 22041
email: zhelselhoz@mail.kz
|
7
|
«Ертіс ауданының
ауыл шаруашылығы бөлімі»
мемлекеттік мекемесі
|
Ертіс ауданы,
Ертіс ауылы,
Бөгембаев көшесі, 97
телефон: 8(71832) 21436
email: Ertis_osh@mail.ru
|
8
|
«Качиры ауданының
кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Качиры ауданы Теренкөл ауылы,
Тәуелсіздік көшесі, 236
телефон: 8(71833)21403
email:kusainova.g.akr@pavlodar.gov.kz
|
9
|
«Лебяжі ауданының
кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Лебяжі ауданы Лебяжі ауылы,
Абылқайыр Баймулдин көшесі, 13
телефон 8(71839) 21051
email: selhoz_akku@mail.ru
|
1
|
2
|
3
|
10
|
«Май ауданының
кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Май ауданы
Көктөбе ауылы,
Қазыбек би көшесі, 24
телефон: 8(71838) 91380
email: may_opish@mail.ru
|
11
|
«Павлодар ауданының
кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Павлодар қаласы,
Қайырбаев көшесі, 32, оф. 309
телефон: 8(7182) 329867
email: defence6@rambler.ru
|
12
|
«Успен ауданының
кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Успен ауданы Успен ауылы,
Тәуелсізідіктің
10-жылдығы көшесі, 30
телефон: 8(71834) 91300
email: usposh@yandex.ru
|
13
|
«Шарбақты ауданының
кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Шарбақты ауданы Шарбақты ауылы,
Советов көшесі, 49
телефон: 8 (71836) 21191
email: opsxsharbakty@mail.ru
|
«Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылыөсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының
және көктемгi егiс пен егiн жинаужұмыстарын жүргiзу
үшін қажеттi басқа да тауарлық материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсетумен
құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-әрекеттер) реттілігін сипаттау
№
|
Іс-қимылдың (жұмыс барысының, ағымының) №
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
|
1
|
Атауы
|
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері
|
Көрсетілетін қызметті берушінің
басшысы
|
Көрсетілетін қызметті берушінің бөлім маманы
|
ВАК
|
Әкім
|
Көрсетілетін қызметті берушінің бөлім маманы
|
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы
|
2
|
Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және сипаттамасы
|
көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады
|
Құжаттарды қарау
|
ұсынылған құжаттарды тексереді
|
құжаттарды қарастырады, өскіндердің бар-жоғын тексереді, егістерді қабылдау актін құрастырады, субсидия алуға АШТӨ ақырғы тізімін құрастырады
|
АШТӨ тізімін қарасты-рады
|
құжаттарды дайындайды
|
АШТӨ-нің жиынтық тізілімін құрастырады және субсидиялар төлеу үшін ведомость құрастырады
|
3
|
Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-өкімдік шешім)
|
көрсетілетін қызметті берушінің басшысына құжаттарды жібереді
|
Бұрыштама қою
|
ВАК қарауына енгізеді
|
субсидиялар алуға үміттенетін АШТӨ тiзiмiн құрастырады және оны әкімге бекітуге жібереді
|
АШТӨ тізімін бекітеді
|
әкім бекіткен тізімді, қабылдау актілерін және, оның нөмірін көрсете отырып, банктiк шоттың бар болуы туралы екінші деңгейдегі банктің анықтамасын басқармаға ұсынады
|
аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсынады
|
4
|
Орындау мерзімі
|
15 (он бес) минут
|
1 (бір) жұмыс күні
|
3 (үш) жұмыс күні
|
25 (жиырма бес) жұмыс күні
|
2 (екі) жұмыс күні
|
3 (үш) жұмыс күні
|
5 (бес) жұмыс күні
|
«Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк
шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын
арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және
көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi
басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентіне
3-қосымша
«Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Шартты белгілер
|
мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы
|
|
көрсетілетін қызметті алушы рәсімінің (іс-қимылының) және (немесе) ҚФБ атауы
|
|
келесі рәсімге (іс-қимылға) өту.
|
Достарыңызбен бөлісу: |