Сабақ тақырыбы Жеке шабуылдау ойындарын әзірлеу және өткізу



жүктеу 36,93 Kb.
Дата15.01.2020
өлшемі36,93 Kb.
#26792
түріСабақ

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-бөлім: Шабуылдау ойындарында дағдыларды және түсінікті дамыту


Мектеп: 228 Шәймерден Бәкіров атындағы орта мектеп

Күні:17.10.2017

Мұғалімнің аты-жөні:Қожахметов Бағдаулет Әнуарбекұлы

Сынып: 7

Қатысқандар саны:26

Қатыспағандар саны: 0




Сабақ тақырыбы

Жеке шабуылдау ойындарын әзірлеу және өткізу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.8.8 Түрлі қимыл-қозғалыстарға негізделген рөлдерді қолдана білу

7.1.6.6 Түрлі қимыл-қозғалыс белсенділігін орындауды сынақтан өткізу кезіндегі қауіп-қатерді білу және алдын алу

Сабақ мақсаттары

  • Шағын ойын тапсырмалары бойынша топтарда қауіпсіз жұмыс істеу.

  • Негізгі шабуылдау стратегиялары мен тактикаларын бәсекелестік ойында қолданудың түрлі жолдарын ашу және табу.

  • Бастамашылық, қиялдылық және шығармашылықты көрсететін озық қорғаныс және шабуыл тактика және стратегияларды дамыту.




Жетістік

критерийлері

- Оқушылар спорт ойындары арқылы физикалық қасиеттерін дамытады;

- Ойын кезіндегі тактика мен стратегияларды құрып талдайды

- Оқушылар қиялынан спорт ойыны элементтері бар ойын құрастырады

Тілдік мақсаттар


Пәндік лексика және терминология

  • шабуылдау ойындары

  • шабуыл, қорғаныс

  • командалық жұмыс

  • тактика, стратегиялар

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Шабуылдау ойындары дегеніміз не?

  • Сендерге ойын алаңымен қозғалуды, сондай-ақ шабуылға шыққан кезде бір-біріңмен қарым-қатынасты жақсарту не үшін қажет?

Құндылықтарды

дарыту

Үздіксіз оқу, жауапкершілік, құрметтеу,адалдық, үштілділік, серіктестік, толеранттылық, денсаулық.

Пәнаралық

байланыстар

Физика пәнімен - әр түрлі жерден допты себетке лақтыру траекториясын анықтау кезінде. Биология пәнімен – физикалық жүктеме кезіндегі жүрек қызметін анықтау.

АКТ қолдану

дағдылары

Спорт ойынының шабуыл және қорғаныс тактикасы туралы видеороликтер көрсету. Оқушыларға іздену мақсатында интернет желісін қолданып мағлұматтар алуды тапсырма ретінде беру.

Бастапқы білім


Оқушылар сабақ барысында және сабақтан тыс уақыттарда алдыңғы сыныптарда алған білімдері бойынша командалық спорттық ойындардағы білімдер мен дағдыларға ие.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут


Сабақ басында:

  • Оқушылардың зейін шоғырландыру;

  • спорт ойындары туралы бейнематериал көрсету, оқушыларға сұрақ қою: Сабақ тақырыбы, оқу мақсаты қандай деп ойлайсыз?

  • Оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын, оқу мақсаттарын анықтап алу;

  • Сабақ сонында күтілетің нәтижелерге тоқталу;

  • Добыппен орындалатын денені қыздыруға арналған жүру, жүгіру кезіндегі жаттығуларды орындау;

  • Арнайы созылу жаттығуларын өткізу

Кең, таза кеңістік. Мұғалім үшін ысқырық, секундомер. Баскетбол добы және конустар
https://www.youtube.com/watch?v=T3gufgkpWqY

https://www.youtube.com/watch?v=WBsmpXlZvAU

Сабақтың ортасы

20 минут

(С, Т) Ойын үшін таяқшалар(кегли) және теннис доптары қажет (ойыншылардың саны бойынша). Ойынның қатысушылары бір сапқа тұрады және бірінші-екіншіге есептеледі. Бірінші нөмірлер – бір команда, екінші нөмірлер – басқа команда. Егер алаң ені барлығына бір сапқа тұруға мүмкіндік бермесе, ойыншылар бірінің артынан бірі екі сап түзейді. Бұл жағдайда әрбір сап – команда. Допты лақтыру кезінде шығуға болмайтын сызық сызылады. Осы сызықтан 6 м-де және оған параллель бір қатарға (бір-бірінен бір жарым адымда) екі түсті 5 таяқша аралас қойылады. Таяқшалардың түсіне сәйкес командаларға атау қойылады (мысалы, көк және ақ).

Ойынның мазмұны. Мұғалімнің белгісі бойынша әрбір команда кезекпен (барлық ойыншар бір уақытта) тынықтық күйніде, тұрып, тізеден немесе жатып, ойын шарты бойынша таяқшаларға доптарды лақтырады. Өз түсінің әрбір доп тиіп құлатылған таяқшасы бір қадам әрі, ал қарсыластың құлатылған таяқшасы – бір қадам жақын жылжытылады.
(С, Ж, Тәж) Мұғалім өзінің немесе оқушылардың таңдауы бойынша спорт ойынының элементтері бар командалық ойын құрастыру тапсырмасын беруі қажет.


Доптар, мұғалімге арналған ысқырық,

таяқшалар, теннис добы, бос ойын кеңістігі


Доптар, мұғалімге арналған ысқырық, бос ойын кеңістігі

Сабақтың соңы

10 минут

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?

Сандық артықшылық немесе кемшілікпен шабуыл кезінде қандай тактика мен стратегияларды қолданар едіңіздер?

Команданың жеңіске жету үшін тактикалқ шабуылдың маңыздылығын айтып беріңіздер?




Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


  • Сандық артықшылық тапсырмалары кезінде командада жақсы жұмыс істеу.

  • Сәтті ойын үшін түрлі аралық қорғаныс және шабуыл стратегия және тактикаларын байланыстыру.

  • Ойындарда орындағанда шығармашыл жүгіру, пас және қозғалстарды дамыту.

  • Өзге оқушыларды бақылау және олардың шығармашылықтарын дамыту әдістерін ұсыну.

Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы және практикалық тапсырмалар арқылы бағалаймын

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

жүктеу 36,93 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау