Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)


-бап. Өнімнің жекелеген түрлерінің қауіпсіздігін



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет88/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   192

      416-бап. Өнімнің жекелеген түрлерінің қауіпсіздігін
 
               қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы бұзу
 
      Субъектінің тамақ өнімдерінің, химиялық өнімнің, машиналар мен 
жабдықтардың, ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы заңнамалық актілерде және техникалық 
регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтіндігі анықталған 
кезден бастап өнімнің өмірлік циклі процестерін жүзеге асыруды тоқтатпауы 

 
      қызметті тоқтата тұрып немесе онсыз, өнім тәркілене отырып немесе онсыз, жеке 
тұлғаларға – бір жүз алпыс, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес 
ұйымдарға – екі жүз отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз он, ірі кәсіпкерлік 
субъектілеріне бір мың алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      Ескертпе.
 
      Осы бапқа қатысты тамақ өнімдерінің, химиялық өнімнің, машиналар мен жабдықтардың, 
ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы заңнамалық актілерге сәйкес өнім қауіпсіздігіне 
жауапты тұлғалар субъектілер деп танылады.
 
      417-бап. Тауардың шығарылған жері туралы сертификатты және
 
                Кеден одағының тауары немесе шетел тауары
 
                нысандарының қорытындысын беру тәртібін бұзу
 
        1. Тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының 
мәртебесін айқындау жөнiндегі сарапшы-аудиторлардың тауар туралы деректер бұрмаланған 
және (немесе) анық емес, тауардың шығарылған жері туралы, Кеден одағы тауарының немесе 
шетел тауарының мәртебесін айқындау туралы сараптама актілерін жасауы және оларды 
сараптама ұйымының беруі 

 
      тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін 
айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлардың аттестаттарын алты ай мерзімге тоқтата тұрып, 
тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін 
айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторларға – он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, 
қызметті үш ай мерзімге тоқтата тұрып, сарапшылық ұйымдарына отыз айлық есептiк 
көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Тауардың шығарылған жері туралы тиiсінше ресiмделген сараптама актiсi және 
техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi орган бекiтетін тiзбе бойынша тауардың 
шығарылған жерін растайтын құжаттар, ішкі айналымға арналған тауардың шығарылған жерін 
растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда, тауардың шығарылған жері туралы сертификатты 
беруден бас тарту немесе Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін 
айқындау туралы тиісінше ресімделген сараптама актісі және Кеден одағы тауарының немесе 
шетел тауарының мәртебесін растайтын мәліметтер, құжаттар ұсынылған жағдайда, Кеден 
одағының тауары немесе шетел тауары нысандарының қорытындысын беруден бас тарту 

 
      тауардың шығарылған жері туралы сертификат беруге уәкілеттік берілген ұйымға, ішкі 
айналымға арналған тауардың шығарылған жері туралы сертификатты, Кеден одағының тауары 
немесе шетел тауары нысандарының қорытындысын беруге уәкілеттік берілген органдарға 
(ұйымдарға) елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      3. Тауар туралы деректер бұрмаланған және (немесе) анық емес, уәкілетті ұйымның 
тауардың шығарылған жері туралы сертификатты, ішкі айналымға арналған тауардың 
шығарылған жері туралы сертификатты, Кеден одағының тауары немесе шетел тауары 
нысандарының қорытындысын беруге уәкілеттік берілген органдардың (ұйымдардың) ішкі 
айналымға арналған тауардың шығарылған жері туралы сертификатты, Кеден одағының тауары 
немесе шетел тауары нысандарының қорытындысын беруі 

 
      тауардың шығарылған жері туралы сертификат беруге уәкілеттік берілген ұйымға, ішкі 
айналымға арналған тауардың шығарылған жері туралы сертификатты, Кеден одағының тауары 
немесе шетел тауары нысандарының қорытындысын беруге уәкілеттік берілген органдарға 
(ұйымдарға) отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 


       4. Уәкілетті ұйымның, ішкі айналымға арналған тауардың шығарылған жері туралы 
сертификатты, Кеден одағының тауары немесе шетел тауары нысандарының қорытындысын беруге 
уәкілеттік берілген органдардың (ұйымдардың) тауардың шығарылған жері туралы 
сертификатты, ішкі айналымға арналған тауардың шығарылған жері туралы сертификатты, 
Кеден одағының тауары немесе шетел тауары нысандарының қорытындысын, сондай-ақ оларды 
беруден бас тарту туралы жазбаша уәжді шешiмді беру мерзімін бұзуы 

 
      сертификат беруге уәкілеттік берілген ұйымға, ішкі айналымға арналған тауардың 
шығарылған жері туралы сертификатты, Кеден одағының тауары немесе шетел тауары 
нысандарының қорытындысын беруге уәкілеттік берілген органдарға (ұйымдарға) отыз айлық 
есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
       5. Бұрмаланған және (немесе) анық емес, тауардың шығарылған жері туралы 
сертификат алу үшiн техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi орган бекiтетін тiзбе 
бойынша тауардың шығарылған жерін растайтын құжаттарды, ішкі айналымға арналған тауардың 
шығарылған жері туралы сертификат алу үшін ішкі айналымға арналған тауардың шығарылған 
жерін растайтын құжаттарды, сондай-ақ Кеден одағының тауары немесе шетел тауары 
нысандарының қорытындыларын алу үшін Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының 
мәртебесін растайтын мәліметтерді, құжаттарды ұсыну 

 
      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он екі, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 
жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл 
салуға әкеп соғады.
 
       6. Осы баптың бiрiншi, екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде көзделген, 
әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер 
(әрекетсіздік) 

 
      тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін 
айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлардың аттестаттарынан айыра отырып, тауардың 
шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау 
жөнiндегi сарапшы-аудиторларға – қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, қызметті үш 
айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрып, сертификат беруге уәкілеттік берілген ұйымға, ішкі 
айналымға арналған тауардың шығарылған жері туралы сертификатты, Кеден одағының тауары 
немесе шетел тауары нысандарының қорытындысын беруге уәкілеттік берілген органдарға 
(ұйымдарға) – бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, сарапшылық ұйымдарға алпыс 
айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      418-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен
 
                Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
 
                Елтаңбасына, сондай-ақ олар бейнеленген
 
                материалдық объектілерге қойылатын ұлттық
 
                стандарттарды бұзу
 
      1. Ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының 
Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын, сондай-ақ олар 
бейнеленген материалдық объектілерді дайындау, пайдалану және орналастыру 

 
      жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес 
ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік 
субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
       2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін 
бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет 

 
      жеке тұлғаларға – сексен, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық 
емес ұйымдарға – бір жүз қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі 
кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға 
әкеп соғады.
 
      419-бап. Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін
 
                қамтамасыз ету туралы заңнамасын бұзу
 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау