2) жануарлар қырылған, бiрнеше жануар бiр мезгiлде ауырған немесе олар әдеттен тыс
мiнез көрсеткен жағдайлар туралы хабарламау және ауру деп күдiк келтiрiлген кезде
ветеринария
саласындағы мамандар, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлар
келгенге дейiн жануарларды оқшаулап ұстау бойынша шаралар қолданбау –
жеке тұлғаларға ескерту жасауға немесе бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде
айыппұл салуға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға –
жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір
жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
10. Осы баптың тоғызыншы бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін
бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес
ұйымдарға – елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, ірі кәсiпкерлiк
субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
11. Ветеринариялық құжаттарды беру тәртібін және олардың бланкілеріне қойылатын
талаптарды бұзу –
лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес, орта
кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік
көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
12. Осы баптың он бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін
бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, орта кәсіпкерлік
субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
13. Ветеринария саласындағы мамандардың ветеринариялық іс-шаралар өткізу бойынша
қызметтiк мiндеттерiн орындауы кезінде оларға жәрдем көрсетпеу –
жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне
немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу,
iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға
әкеп соғады.
14. Жануарларды карантиндеу қағидаларын бұзу –
жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне
немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу,
iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға
әкеп соғады.
15. Эпизоотияға қарсы күрес мәселелерi жөнiндегі нормативтiк құқықтық актiлердi,
сондай-ақ ветеринария саласындағы өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi эпизоотияның
таралуына немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқпаған бұзу –
жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне
немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу,
iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға
әкеп соғады.
16. Осы баптың он үшінші, он төртінші және он бесінші бөліктерінде көзделген,
әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде
қайталап жасалған әрекеттер
(әрекетсіздік) –
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне
немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, ірі
кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға
әкеп соғады.
РҚАО-ның ескертпесі!
407-бапқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 27.11.2015
№ 424-V
Заңымен (алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң
қолданысқа
енгізіледі).
407-бап. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал
шаруашылығы туралы заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасын:
1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің бағалаудан өтпеген асыл
тұқымдық өнімді (материалды) өткізуі;
2) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің асыл тұқымдық куәлік
бермей асыл тұқымдық өнімді (материалды) өткізуі;
3) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің деректерді есепке алуды
жүргізуден бас тартуы және
есептілікті ұсынбауы;
4) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің асыл тұқымды мал
шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың актілерін орындамауы;
5) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің Қазақстан
Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен
тіркелмеген асыл тұқымды малдан алынған ұрықтар
мен эмбриондарды пайдалануы;
6) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің бағалаудан өтпеген асыл
тұқымды малды өз төлiнен өсiру мақсатында пайдалануы;
7) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің асыл тұқымды малды
бағалау нәтижелерін бұрмалауы;
8) жеке және заңды тұлғалардың асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағдарламалары
шеңберінде бюджет қаражаттары есебінен сатып алынған асыл тұқымды мал туралы деректерді
асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркеліміне оларды тіркеу үшін беруден
бас тартуы;
9) жеке және заңды тұлғалардың асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағдарламалары
шеңберінде бюджет қаражаты есебінен өсіру мақсатында сатып алынған асыл тұқымды малды
пайдалану тәртібін бұзуы түрінде жасалған бұзушылық –
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсіпкерлік
субъектілеріне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептік көрсеткіш
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы, хабарлама жасауға жататын қызметті
жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы»
Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген міндеттерді сақтамауы –
асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің қызметін тоқтата тұрып не
онсыз, жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсіпкерлік
субъектілеріне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептік көрсеткіш
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi және екінші бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза
қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк), сол
сияқты осы баптың бiрiншi және екінші бөлiктерiнде көзделген,
әкiмшiлiк жауаптылыққа
тартуға әкеп соққан бұзушылықтарды жоймау –
асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметке тыйым салуға әкеп соғады.
408-бап. Иттер мен мысықтарды асырау және серуендету
қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау
және жою қағидаларын бұзу
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi
өкiлдi
органдары белгiлеген, қалаларда және басқа да елдi мекендерде иттер мен
мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер
мен мысықтарды аулау және
жою қағидаларын бұзу –
ескерту жасауға немесе үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп
соғады.
2. Жеке тұлғалардың денсаулығына немесе мүлкiне залал келтiруге әкеп соққан дәл
сол әрекеттер –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.