Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ
БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ
Алматы қаласы 2012 жылғы «___» ________ № _____
Екінші деңгейдегі банктердің
тазартылған алтынмен және құйма
күміспен экспорттық операциялары
бойынша есептілікті ұсыну нысандары,
мерзімдері және тәртібі туралы
нұсқаулықты бекіту жөнінде
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы
30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, екінші деңгейдегі банктердің тазартылған алтынмен және құйма күміспен экспорттық операциялары бойынша есептілікті ұсынуды реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Екінші деңгейдегі банктердің тазартылған алтынмен және құйма күміспен экспорттық операциялары бойынша есептілікті ұсыну нысандары, мерзімдері және тәртібі туралы нұсқаулық бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің тазартылған құйма алтынмен және күміспен экспорттық операциялары бойынша есебінің нысанын бекіту туралы» 2011 жылғы 25 қарашадағы № 191 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7396 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 28 сәуірде № 195-200 (27274) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк
Төрағасы
|
Г. Марченко
|
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы ___ ____________
№ ___ қаулысымен бекітілген
Екінші деңгейдегі банктердің тазартылған алтынмен және
құйма күміспен экспорттық операциялары бойынша есептілікті
ұсыну нысандары, мерзімдері және тәртібі туралы нұсқаулық
1. Жалпы ережелер
1. Екінші деңгейдегі банктердің тазартылған алтынмен және құйма күміспен экспорттық операциялары бойынша есептілікті ұсыну нысандары, мерзімдері және тәртібі туралы осы нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы
30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Екінші деңгейдегі банктердің тазартылған алтынмен және құйма күміспен экспорттық операциялары бойынша есептілікті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – Ұлттық Банк) ұсынуды нақтылайды.
2. Есептілікті ұсыну
2. Тазартылған алтынмен және құйма күміспен экспорттық операцияларды жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банктер тазартылған алтынмен және құйма күміспен экспорттық операциялар бойынша есепті (бұдан әрі – Есеп) Ұлттық Банкке ай сайын ұсынады.
3. Есеп есепті айдан кейінгі айдың бес жұмыс күнінен кешіктірмей «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорнының қаржылық автоматтандырылған ақпарат тасымалдау жүйесі (ҚААТЖ) арқылы ұсынылады.
4. Есеп Нұсқаулықтың қосымшасында белгіленген нысан бойынша жасалынады.
5. Қағаз тасымалдауыштағы есепке бірінші басшы немесе оның орнындағы тұлға және бас бухгалтер қол қояды, мөрмен бекітіледі және екінші деңгейдегі банкте бес жыл бойы сақталады. Есеп түзетулер мен тазартулардан тұрмауы тиіс.
6. Екінші деңгейдегі банк ұсынған Есепте толық емес ақпараттар немесе қателер байқалған кезде, сондай-ақ Есеп электронды түрде ұсынылған жағдайларда саналмауы мүмкін, Ұлттық Банк бұл туралы екінші деңгейдегі банкке хабарлайды. Екінші деңгейдегі банк хабарлама алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей ескертулерді есепке ала отырып пысықталған есепті ұсынады.
7. Екінші деңгейдегі банктер қажет болған жағдайда Ұлттық Банктің сұратуы бойынша ұсынылған мәліметтердің шынайы болуын растау үшін қажетті құжаттарды (шарттар, шот-фактуралар, қабылдау-өткізу актілері, төлем тапсырмалары) ұсынады.
Екінші деңгейдегі банктердің тазартылған
алтынмен және құйма күміспен
экспорттық операциялары бойынша
есептілікті ұсыну нысандары, мерзімдері
және тәртібі туралы нұсқаулыққа
қосымша
Нысан
__________________________________________
(екінші деңгейдегі банктің толық атауы)
Тазартылған құйма алтынмен және күміспен
экспорттық операциялар бойынша
20___ жылғы ____________*
(айы)
есебі
Тауардың толық атауы
|
Импортер-дің елі
|
Құйма-лар саны
|
Салма-ғы (унция)
|
Химиялық таза масса-сы (унция)
|
Сатылған сомасы**
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
Тазартылған алтын
|
|
|
|
|
|
Тазартылған күміс
|
|
|
|
|
|
* Мәліметтер есепті айда тазартылған құйма алтын мен күмісті экспорт кедендік рәсімімен орналастыру үшін кеден органы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен шығарған операциялар бойынша ұсынылады.
** Сомасы сатылу валютасында, валюта түрін көрсете отырып беріледі.
Бірінші басшы (ол жоқ болғанда – оның орнындағы тұлға)
|
_______________
|
күні
|
____________
|
Бас бухгалтер
|
_______________
|
күні
|
____________
|
Орындаушы
|
_______________
|
күні
|
____________
|
Телефоны
|
_______________
|
|
|
Мөр орны
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |