Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет93/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   192

      жеке тұлғаларға алты айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      3. Жұмыс берушiнiң темекі бұйымдарын тұтыну үшін арнайы орындар бөлудi көздейтiн 
Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуы, сондай-ақ бұл үшiн арнайы белгiленбеген 
орындарда темекі бұйымдарын тұтынатын адамдарға шаралар қолданбауы – лауазымды адамдарға 
– он, заңды тұлғаларға қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      
Ескерту. 441-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 06.04.2015 
№ 299-V
 Заңымен (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
 
      442-бап. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп
 
                жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде
 
                немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы
 
      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 
бастап қолданысқа енгізіледі).
 
      1. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 
22-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде
 
болуы –
 
      заңды өкілдеріне үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс 
жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болуы –
 
      заңды өкілдеріне ескерту жасауға әкеп соғады.
 
      3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза 
қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
 
      заңды өкілдеріне он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      
Ескерту. 442-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 
№ 272-V
 Заңымен (01.01.2015 
бастап қолданысқа енгізіледі).
 
      443-бап. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге 
 
                қатысатын адамның заңды талабына бағынбау
 
        1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын адамның заңды талабына бағынбау 
– 
 
      бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
       2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін 
бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) – 
 
      он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәулікке дейін 
әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
 
      
Ескерту. 443-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 
№ 272-V
 Заңымен (01.01.2015 
бастап қолданысқа енгізіледі).
 
      444-бап. Құмар ойындарға қатысу, тарту немесе рұқсат беру
 
      1. Құмар ойындарға (ақшаға, затқа және өзге де құндылықтарға) бұл үшiн бөлiнбеген 
орындарда қатысу, сол сияқты бұған арнайы рұқсаты жоқ адамдардың спорттық және өзге де 
жарыстарға ставка қабылдауы –
 
      ойын құралдары, ақша, заттар және өзге де құндылықтар тәркiлене отырып, жеке 
тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Қазақстан Республикасының жиырма бір жасқа дейінгі азаматтарын құмар ойындармен 
және (немесе) ақшаға, заттарға және өзге де құндылықтарға бәс тігумен айналысуға тарту 
және рұқсат ету –
 
      жеке тұлғаларға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      445-бап. Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы
 
                заңнамасын бұзу
 


      1. Ойын мекемелерін, тотализатордың немесе букмекер кеңсесінің кассаларын тұрғын 
емес үй-жайларда орналастыру туралы талапты және оларды тұрғын үйлердің (тұрғын 
ғимараттардың) тұрғын емес үй-жайларында, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен олардың 
кешендерінің ғимараттарында және басқа да өндірістік, коммуналдық объектілерде және 
қойма объектілерінде, ғибадат үйлерінде (құрылыстарында), мемлекеттік органдар мен 
мекемелердің, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет ұйымдарының, әуежайлардың, 
вокзалдардың ғимараттарында, қалалық және қала маңы қатынастарындағы қоғамдық көліктің 
барлық түрлерінің станциялары мен аялдамаларында орналастыруға тыйым салуды сақтамау –
 
      лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, 
ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға 
әкеп соғады.
 
      2. Ойын автоматына технологиялық түрде салынған ұтыс пайызы жөніндегі талаптарды 
сақтамау –
 
      әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістер тәркілене отырып және 
лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып не онсыз, жеке тұлғаларға – бір жүз, орта 
кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық 
есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      3. Ойын бизнесін ұйымдастырушының Қазақстан Республикасының заңнамасында 
айқындалатын тәртіппен және шарттарда міндетті резервтерді қалыптастыру, орналастыруды 
қамтамасыз ету және оларды пайдалану жөніндегі шарттарды орындамауы –
 
      лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, 
ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға 
әкеп соғады.
 
      4. Ойын автоматтарын немесе олардың бөліктерін қабырғаларға, терезе мен есіктің 
ойықтарына монтаждау –
 
      лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – бір жүз, орта кәсіпкерлік 
субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш 
мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      5. Ойын бизнесін ұйымдастырушының заңнамада көзделмеген ойын бизнесі саласындағы 
қызмет түрлерін жүзеге асыруы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында онлайн-
казино ұйымдастыруы және өткізуі не ақшадан басқа, өзге де мүлік түрінде ставка 
қабылдауды көздейтін құмар ойындарын және (немесе) бәс тігуді ұйымдастыруы – 
 
      ойын жабдығы, заңдастырылған белгілер, әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан 
алынған ақша және өзге де кірістер тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – бір жүз, орта 
кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық 
есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      6. Ойын бизнесін ұйымдастырушының ойын мекемелерінің кассалары мен ойын орындарын 
бейне жазу жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптарды сақтамауы не жазылған ақпаратты 
сақтау мерзімдерін немесе тіркеу шарттарын бұзуы –
 
      лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, 
ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға 
әкеп соғады.
 
      7. Бір казинода кемінде отыз ойын үстелін, ойын автоматтары залында кемінде алпыс 
ойын автоматын орнату жөніндегі талаптарды сақтамау –
 
      лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, 
ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға 
әкеп соғады.
 
      8. Ойын бизнесін ұйымдастырушының ойын автоматтарын Қазақстан Республикасының 
техникалық реттеу туралы заңнамасының талаптарын бұза отырып пайдалануы –
 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау