өкіліне, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғаған уәкілетті органға (лауазымды
адамға) қаулының көшірмесі ол жарияланған күннен бастап үш тәулік ішінде тапсырылады
және (немесе) жіберіледі.
Әкiмшiлiк қамаққа алу туралы қаулы шығарылған, сондай-ақ іс бойынша іс жүргізу
тоқтатылған жағдайда қаулының көшiрмесi прокурорға дереу жiберiледi.
3. Ұйым атыс қаруын, сондай-ақ оқ-дәрiлердi қызметтiк мiндеттерiн орындауына
байланысты сенiп берген немесе уақытша пайдалануға берген тұлғаға қатысты осы
Кодекстiң 436 және 484-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер
бойынша қаулының көшiрмесi тиiстi ұйымға жiберiледi.
Ескерту. 823-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014
№ 272-V
Заңымен (01.01.2015
бастап қолданысқа енгізіледі).
824-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша
ұйғарым
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша ұйғарымда шағым жасаудың мерзiмi мен
тәртiбiн қоспағанда, осы Кодекстiң 822-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген мәлiметтер
көрсетiлуге тиiс.
825-бап. Жаңылыс, қате жазуларды және арифметикалық
қателерді түзету
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулы шығарған судья, орган
(лауазымды адам) іс бойынша іс жүргізуге қатысушылардың, әкiмшiлiк құқық бұзушылық
туралы iс бойынша қаулыны орындайтын сот орындаушысының, органның (лауазымды адамның)
арызы бойынша немесе өз бастамашылығымен: қаулыда жіберілген жаңылыс, қате жазуларды
және арифметикалық қателерді қаулының мазмұнын өзгертпей түзетуге құқылы.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымдарды, наразылықтарды
қарау нәтижелері бойынша қабылданған қаулыдағы жаңылыс, қате жазуларды және
арифметикалық қателерді түзету осы бапта белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
3. Жаңылыс, қате жазуларды және арифметикалық қателерді түзетулер туралы арызды
қарау арыз түскен күннен бастап үш тәулік ішінде жүргізіледі.
4. Жаңылыс, қате жазуларды немесе арифметикалық қатені түзету ұйғарым түрінде
жүргізіледі.
5. Ұйғарымның көшірмесі ол шығарылған күннен бастап үш тәулік ішінде іс бойынша іс
жүргізуге қатысушыларға, қаулыны орындайтын сот орындаушысына, органға (лауазымды
адамға), сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасаған органға (лауазымды
адамға) жіберіледі.
826-бап. Жекеше қаулы және ұсыну
1. Заңдылықты бұзу жағдайлары айқындалған, сондай-ақ әкімшілік құқық
бұзушылықтарды жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайлар анықталған кезде судья жекеше
қаулы шығарады, ал орган (лауазымды адам) бұларды жою жөнінде шаралар қолдану туралы
тиісті ұйымға және лауазымды адамдарға ұсыну енгізеді.
Органның (лауазымды адамның) ұсынуына мамандандырылған аудандық және оған
теңестірілген әкімшілік сотқа оны алған күннен бастап он тәулік ішінде шағым берілуі
мүмкін. Соттың жекеше қаулысына оны алған күннен бастап он тәулік ішінде шешімі шағым
жасалуға, наразылық келтіруге жатпайтын жоғары тұрған сотқа шағым жасалуы мүмкін.
2. Ұйымдардың басшылары және басқа да лауазымды адамдар жекеше қаулы мен ұсынуды
алған күннен бастап бір ай ішінде қарауға және қолданған шаралар туралы жекеше қаулы
шығарған судьяға немесе ұсыну енгізген органға (лауазымды адамға) хабарлауға міндетті.
44-тарау. ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ІС БОЙЫНША ІС
ЖҮРГІЗУДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ОРГАННЫҢ (ЛАУАЗЫМДЫ АДАМНЫҢ)
ӘРЕКЕТТЕРІНЕ (ӘРЕКЕТСІЗДІГІНЕ) ШАҒЫМ ЖАСАУ
827-бап. Шағым беру тәртібі
1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын
органның (лауазымды адамның) әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған органға
(лауазымды адамға) және (немесе) мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген
әкімшілік сотқа шағым жасалуы мүмкін. Жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) алдын ала
жүгіну сотқа арыз беру және соттың оны қарауға және мәні бойынша шешуге қабылдауы үшін
міндетті шарт болып табылмайды.
2. Шағымдар оларды қарауға және олар бойынша шешім қабылдауға заңмен уәкілеттік
берілген мемлекеттік органға немесе сол лауазымды адамға беріледі.
Шағымды қарауды әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған лауазымды адамға
тапсыруға тыйым салынады.
3. Шағымдар ауызша және жазбаша болуы мүмкін. Ауызша шағымдар хаттамаға
енгізіледі, оған арыз беруші және шағымды қабылдаған лауазымды адам қол қояды. Тиісті
лауазымды адамдардың қабылдауында адамдар баяндаған ауызша шағымдар жазбаша түрде
берілген шағымдармен жалпы негіздерде шешіледі. Шағымға қосымша материалдар қоса берілуі
мүмкін.
4. Іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тілді білмейтін адамға шағымды өзінің ана
тілінде немесе өзі білетін тілде беру құқығы қамтамасыз етіледі.
5. Шағым берген тұлға оны қайтарып алуға құқылы. Өзіне қатысты іс қозғалған тұлға,
жәбірленуші, заңды өкілін қоспағанда, өзінің қорғаушысының, өкілінің шағымын қайтарып
алуға құқылы. Өзіне қатысты іс қозғалған тұлғаның мүддесінде берілген шағым тек оның
жазбаша келісімі арқылы ғана қайтарылуы мүмкін. Шағымды қайтарып алу оның қайта
берілуіне кедергі келтірмейді.
6. Шағым беру шағым жасалып жатқан әрекеттің жүргізілуін және шағым жасалып жатқан
шешімнің орындалуын тоқтата тұрмайды.
Ескертпе. Егер тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында мамандандырылған
ауданаралық әкiмшiлiк сот құрылмаған болса, олардың соттылығына жатқызылған iстердi
аудандық (қалалық) соттар қарауға құқылы.
828-бап. Шағым беру мерзімі
1. Адам өз құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы туралы өзіне
белгілі болған күннен бастап екі ай ішінде жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) және
(немесе) сотқа шағыммен жүгінуге құқылы.
2. Шағым беру мерзімін өткізіп алу шағымды қабылдаудан бас тартуға негіз болып
табылмайды. Мерзімді өткізіп алудың себептері шағымды мәні бойынша қарау кезінде
анықталады және шағымды қанағаттандырудан бас тарту негіздерінің бірі болып табылуы
мүмкін.
829-бап. Шағымды қарау тәртібі
1. Шағымды қарай отырып, судья немесе орган (лауазымды адам) онда жазылған
дәлелдерді жан-жақты тексеруге, қажет болған кезде қосымша материалдарды талап етіп
алдыруға, тиісті лауазымды адамдардан, жеке және заңды тұлғалардан шағым жасалып жатқан
әрекеттерге қатысты түсіндірмелер алуға міндетті.
2. Шағым келіп түскен күннен бастап он тәулік ішінде қаралуға жатады. Шағымды
қарау нәтижелері бойынша шағымды қанағаттандыру туралы не оны қанағаттандырудан бас
тарту туралы қаулы қабылданады.
Шағымды қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулы органның (лауазымды адамның)
қаулысының көшірмесін алған кезден бастап он тәулік ішінде – мамандандырылған аудандық
және оған теңестірілген әкімшілік сотқа, сот қаулысы – шешімі шағым жасалуға, наразылық
келтіруге жатпайтын жоғары тұрған сотқа шағым жасалуға жатады.
3. Қаулының көшірмесі жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкіліне кідіртілмей
тапсырылады, ал бұл тұлғалар болмаған жағдайда, қаулы шығарылған күннен бастап бір
тәулік ішінде оларға жіберіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |