Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет182/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   192

жарияланғанға дейiн, сондай-ақ олар Президент, Парламент депутаты ретінде тіркелгенге 
дейін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының келiсуінсiз күштеп әкелуге, 
сот тәртiбiмен қолданылатын әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға болмайды.
 
      2. Қазақстан Республикасының Президенттiгіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің 
депутаттығына кандидатты әкiмшiлiк жауаптылыққа тарту туралы ұсынуды Қазақстан 
Республикасының Бас Прокуроры Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына 
әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iсті сотқа жiберер алдында енгiзедi.
 
      3. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры енгізген ұсынуға Қазақстан Республикасы 
Орталық сайлау комиссиясының уәжді шешімі ол түскен күннен бастап он тәулік ішінде 
шығарылады.
 
      4. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қазақстан Республикасы Орталық сайлау 
комиссиясының шешiмiн алғаннан кейiн iс бойынша одан әрi іс жүргiзу осы Кодекстiң 813-
бабында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
 
      872-бап. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнің
 
                Төрағасына немесе мүшесiне қатысты әкiмшiлiк
 
                құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзу
 
                шарттары мен тәртібі
 
      1. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасын немесе мүшелерiн өз 
өкiлеттiктері мерзiмi iшiнде Қазақстан Республикасы Парламентiнiң келiсуiнсiз күштеп 
әкелуге, оларға сот тәртiбiмен қолданылатын әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға 
болмайды.
 
      2. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасын немесе мүшелерiн сот 
тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолдануға әкеп соғатын әкiмшiлiк жауаптылыққа тартуға, күштеп 
әкелуге келiсiм алу үшiн Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қазақстан 
Республикасының Парламентiне ұсыну енгiзедi. Ұсыну әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iсті 
сотқа жiберер алдында, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасын немесе 
мүшелерiн әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстерді қарауға уәкiлеттiк берілген сотқа
органға (лауазымды адамға) мәжбүрлеп жеткiзу қажеттiгi туралы мәселенi шешер алдында 
енгiзiледi.
 
      3. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қазақстан Республикасы Парламентiнiң 
шешiмiн алғаннан кейiн iс бойынша одан әрi іс жүргiзу осы Кодекстiң 813-бабында 
белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
 
       4. 
Алып тасталды - ҚР 29.12.2014 
№ 272-V
 (01.01.2015 бастап қолданысқа 
енгізіледі) Заңымен.
 
      
Ескерту. 872-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 
№ 272-V
 Заңымен (01.01.2015 
бастап қолданысқа енгізіледі).
 
      873-бап. Судьяға қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
 
                 іс бойынша iс жүргiзу шарттары мен тәртібі
 
      1. Судьяны Республиканың Жоғары Сот Кеңесiнiң қорытындысына негiзделген Қазақстан 
Республикасы Президентiнiң келiсуiнсiз не Қазақстан Республикасы Конституциясының 55-
бабының 3) тармақшасында белгiленген жағдайда Қазақстан Республикасы Парламентi 
Сенатының келiсуiнсiз қамаққа алуға, күштеп әкелуге, сот тәртiбiмен қолданылатын 
әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға болмайды.
 
      2. Судьяны сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолдануға әкеп соғатын әкiмшiлiк 
жауаптылыққа тартуға, күштеп әкелуге келiсiм алу үшiн Қазақстан Республикасының Бас 
Прокуроры Қазақстан Республикасының Президентiне, ал Конституцияның 55-бабының 3) 
тармақшасында көзделген жағдайда - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенатына ұсыну 
енгiзедi. Ұсыну әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iсті сотқа жiберер алдында, судьяны 
әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген сотқа, органға 
(лауазымды адамға) мәжбүрлеп жеткiзу қажеттiгi туралы мәселенi шешер алдында енгiзiледi.
 


      3. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қазақстан Республикасы Президентiнiң, 
Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының шешiмiн алғаннан кейiн іс бойынша одан әрi 
іс жүргiзу осы Кодекстiң 813-бабында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
 
      4. Судъяға қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзумен аяқталған істі 
осы іс жүргізуді жүзеге асырған орган (лауазымды адам) осы Кодексте белгіленген 
тәртіппен Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры арқылы сотқа береді.
 
      874-бап. Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына қатысты
 
                әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс
 
                жүргiзу шарттары мен тәртібі
 
      1. Қазақстан Республикасының Бас Прокурорын өз өкiлеттiктері мерзiмi iшiнде 
Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының келiсуiнсiз күштеп әкелуге, сот тәртiбiмен 
қолданылатын әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға болмайды.
 
      2. Қазақстан Республикасының Бас Прокурорын сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза 
қолдануға әкеп соғатын әкiмшiлiк жауаптылыққа тартуға, күштеп әкелуге келiсiм алу үшiн 
Бас Прокурордың бiрiншi орынбасары Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенатына ұсыну 
енгiзедi. Ұсыну әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iсті сотқа жiберер алдында, Бас 
Прокурорды әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстерді қарауға уәкiлеттiк берілген 
сотқа, органға (лауазымды адамға) мәжбүрлеп жеткiзу қажеттiгi туралы мәселенi шешер 
алдында енгiзiледi.
 
      3. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бiрiншi орынбасары Қазақстан 
Республикасы Парламентi Сенатының шешiмiн алғаннан кейiн iс бойынша одан әрi іс жүргiзу 
осы Кодекстiң 819-бабында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
 
       4. 
Алып тасталды - ҚР 29.12.2014 
№ 272-V
 (01.01.2015 бастап қолданысқа 
енгізіледі) Заңымен.
 
      5. Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына қатысты сот тәртiбiмен әкiмшiлiк 
құқық бұзушылық туралы iстi қараудың заңдылығын қадағалауды оның бiрiншi орынбасары 
жүзеге асырады.
 
       6. 
Алып тасталды - ҚР 29.12.2014 
№ 272-V
 (01.01.2015 бастап қолданысқа 
енгізіледі) Заңымен.
 
      
Ескерту. 874-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 
№ 272-V
 Заңымен (01.01.2015 
бастап қолданысқа енгізіледі).
 
      875-бап. Судьяның Қазақстан Республикасы Парламентiнiң
 
                депутатына, Қазақстан Республикасы
 
                Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасына немесе
 
                мүшелерiне, судьяға, Қазақстан Республикасының
 
                Бас прокурорына қатысты әкiмшiлiк құқық
 
                бұзушылық туралы iстi қарауы
 
      1. Iстi қарау әкiмшiлiк жауаптылықтан артықшылықтары мен иммунитеттері бар 
адамдардың iстерi бойынша іс жүргiзу ерекшелiктерiмен жалпы қағидалар бойынша 
жүргiзiледi.
 
      2. Егер судья iстi қарағанға дейiн Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-
бабының 4-тармағында, 71-бабының
 
5-тармағында, 79-бабының 2-тармағында, 83-бабының 3-тармағында аталған мемлекеттiк 
органдардың күштеп әкелуіне келiсiм беруден бас тартылған болса немесе мұндай келiсiм 
сұралмаса, судья осы Кодекстiң 870-бабының екiншi бөлiгiне сәйкес көзделген тәртiппен 
күштеп әкелуге келiсiм беру туралы ұсыну жасап, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң 
депутатына, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасына немесе 
мүшелерiне, судьяға, Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына әкiмшiлiк құқық бұзушылық 
туралы іс бойынша iс жүргiзудi қамтамасыз ету шарасы ретiнде күштеп әкелуді қолдануға 
құқылы.
 
      876-бап. Әкiмшiлiк жауаптылықтан дипломатиялық иммунитеті
 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау