Қысқаша хаттаманы судья мен сот отырысының хатшысы істі қараған күннен бастап үш
тәуліктен кешіктірмей жасайды, қол қояды.
Аудио-, бейнежазбасы бар материалдық жеткізгіш пен сот отырысының қысқаша
хаттамасы іс материалдарына қоса тіркеледі.
3. Судья әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан
тұлғаның, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша істің басқа
қатысушыларының аудио-, бейнежазбамен, сот отырысының қысқаша хаттамасымен танысу және
оған қол қойғаннан кейін үш тәулік ішінде сот отырысының аудио-, бейнежазбасының,
қаулысының жасалуының толықтығы мен анықтығына қатысты өз ескертулерін беру мүмкіндігін
қамтамасыз етуге міндетті.
4. Сот отырысының аудио-, бейнежазбасы мен сот отырысының қысқаша хаттамасына
ескертулерді судья осы Кодекстің 820-бабының алтыншы және жетінші бөліктерінде
белгіленген тәртіппен қарайды.
5. Сот отырыстарының аудио-, бейнежазбасы сот талқылауы барысын дәл түсіріп алу
үшін, сондай-ақ азаматтық, қылмыстық сот ісін жүргізуде, әкімшілік құқық бұзушылық
туралы істер бойынша іс жүргізуде не тәртіптік іс бойынша іс жүргізу шеңберінде сот ісін
жүргізу мақсатында ғана пайдаланылады.
Сот отырысы барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін аудио-, бейнежазба құралдарын
техникалық қолдану, аудио-, бейнежазбаны сақтау мен жою тәртібін, сондай-ақ аудио-,
бейнежазбаға қолжетімділік тәртібін соттардың қызметін ұйымдастырушылық және
материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын орган осы Кодекстің талаптарын
ескере отырып айқындайды.
Ескерту. 43-тарау 820-1-баппен толықтырылды - ҚР 31.10.2015
№ 378-V
Заңымен
(01.01.2016 бастап
қолданысқа
енгізіледі).
821-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау
нәтижелерi бойынша шешiмдердiң түрлерi
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарап, судья, орган (лауазымды адам)
мынадай:
1) әкiмшiлiк жаза қолдану туралы;
2) іс бойынша iс жүргiзудi тоқтату туралы;
3) iстi осы әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн өзгеше түрде немесе мөлшерде жаза
қолдануға құқылы судьяның, органның (лауазымды адамның) қарауына беру туралы, сондай-ақ
осы Кодекстiң 812-бабында көзделген жағдайларда iстi көлiк құралының (кеменің, оның
iшiнде шағын көлемдi кеменің) есепке алынған жері бойынша қарауға беру туралы
қаулылардың бiрiн шығарады.
2. Істі қарау нәтижесінде жасалған әрекетке заңдық бағаның дұрыс еместігін
мойындай отырып, судья, орган (лауазымды адам) құқық бұзушылықтың саралануын заңның онша
қатаң емес әкімшілік жазаны көздейтін бабына өзгертуге құқылы.
3. Көлік құралы жүргізушісін жол жүрісі қағидаларын білуін тексеру үшін емтихан
тапсыруға жіберген кезде жол жүрісі қағидаларын білуін тексеруге жіберу туралы қаулы
шығарылады, оның көшірмесі емтихан тапсыруға жіберілген адамға беріледі.
4. Өзіне қатысты іс қаралған тұлғаның әрекеттерінде осы Кодекстің басқа бабында
немесе 2-бөлімі Ерекше бөлігі бабының бөлігінде көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық
белгілері анықталған жағдайда, сот құқық бұзушылықтың саралануын заңның онша қатаң емес
әкiмшiлiк жаза көздейтiн бабына немесе бабының бөлігіне өзгертуге құқылы.
5. Іс бойынша іс жүргiзудi тоқтату туралы қаулы:
1) осы Кодекстiң 741-бабында көзделген іс бойынша iс жүргiзудi болғызбайтын мән-
жайлар болған;
2) осы Кодекстiң 742-бабында көзделген әкiмшiлiк жауаптылыққа тартпауға мүмкiндiк
беретiн мән-жайлар болған;
3) осы Кодекстiң 32-бабына сәйкес тұлғаны тәртiптiк жауаптылыққа тарту туралы
мәселенi шешу үшiн iс материалдары тиiстi органдарға берілетiн жағдайларда шығарылады.
822-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша
қаулы
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыда:
1) қаулы шығарған судьяның, лауазымды адамның лауазымы, тегі, аты-жөні;
2) iстiң қаралған күнi мен орны;
3) өзiне қатысты iс қаралған тұлға туралы мәлiметтер: жеке тұлғалар үшiн – тегi,
аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде), туған жылы, айы, күнi, тұрғылықты жерi, жеке басын
куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелерi, сәйкестендіру нөмiрi, тұрғылықты жерi
бойынша тiркелгенi туралы мәлiметтер, жұмыс орны; заңды тұлғалар үшiн – атауы, ұйымдық-
құқықтық нысаны, орналасқан жерi, заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу нөмiрi мен
күнi, сәйкестендіру нөмiрi және банк деректемелерi;
4) қаралып жатқан iс бойынша iс жүргiзу тiлi;
5) осы Кодекстiң әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылық көзделетiн бабы;
6) iстi қарау кезiнде анықталған мән-жайлар;
7) iс бойынша шешiм;
8) қаулыға шағым жасаудың тәртiбi мен мерзімдері;
9) айыппұлды ерікті түрде төлеу немесе әкімшілік жазаның өзге түрін орындау
мерзімдері көрсетілуге тиіс.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулы заңды және негізделген
болуға тиiс.
Егер судья әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жаза қолдану туралы мәселенi шешу
кезiнде кiнәлiнiң мүлiктiк залалды өтеуi туралы мәселенi бiр мезгiлде шешсе, онда
қаулыда өндіріп алуға жататын залалдың мөлшерi, оны өтеу мерзiмi мен тәртiбi
көрсетiледi.
Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу туралы шешім
шығарылған кезде, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының
аумағын сол мерзім ішінде тастап кетуге тиіс қисында мерзім көрсетіледі.
3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыда жеке тұлғаның өзімен бірге
алып жүрген, алынып қойылған заттары мен құжаттары туралы, заңды тұлғаға тиесiлi алынып
қойылған құжаттар мен мүлiк туралы мәселелер шешiлуге тиiс, бұл ретте:
1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың құралдары не нысанасы болған және әкiмшiлiк
жауаптылыққа тартылған жеке немесе заңды тұлғаға тиесiлi заттар осы Кодекстiң 2-
бөлiмiнің Ерекше бөлiгi нормаларының санкцияларында көзделген жағдайларда тәркiленедi не
тиiстi мекемелерге берiледi немесе жойылады; қалған жағдайларда тиесiлiлігі бойынша
қайтарылады;
2) айналысына тыйым салынған заттар тиiстi мекемелерге берiледi немесе жойылады;
3) құнды болып табылмайтын және пайдалануға келмейтін заттар жойылуға жатады, ал
мүдделi тұлғалар өтiнiшхат берген жағдайларда оларға берiлуi мүмкiн;
4) заттай дәлелдемелер болып табылатын құжаттар iсте оның бүкiл сақталу мерзiмi
iшiнде қалады не мүдделi тұлғаларға берiледi.
4. Қаулы шығарған судья, лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс
бойынша қаулыға қол қояды.
823-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша
қаулыны жариялау және қаулының көшiрмесiн
тапсыру
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулы iс қаралып бiткен соң дереу
жарияланады.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша өзіне қатысты қаулы шығарылған жеке
тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкіліне, сондай-ақ жәбірленушіге, жеке тұлғаның заңды
Достарыңызбен бөлісу: |