Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет172/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   192

      Сот талқылауы барысында анықталған, процеске қатысып отырған адамның тарапынан 
сотты құрметтемеушілік фактісі туралы істі судья (сот) тікелей осы сот отырысында осы 
фактіні анықтап және сот отырысының хаттамасында тіркей отырып қарайды.
 
      3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс қозғаған лауазымды адам немесе өкілдерінің 
әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істер қозғауға құқығы бар мемлекеттік органның өкілі 
істі қарауға қатысқан жағдайда, олар құқық бұзушылықтың мәні бойынша түсініктемелерді 
және оны жасауда адамның кінәлілігінің дәлелдемелерін бірінші болып ұсынады.
 
      4. Қажет болған жағдайларда осы Кодексте көзделген басқа да процестік әрекеттер 
жүзеге асырылады.
 
      819-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау
 
                кезiнде анықтауға жататын мән-жайлар
 
      1. Судья, орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау 
кезiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жасалғанын-жасалмағанын, осы тұлғаның оны жасауға 
кiнәлiлiгiн-кінәсіздігін, оның әкiмшiлiк жауаптылыққа жататынын-жатпайтынын, 
жауаптылықты жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлардың бар-жоғын, мүлiктiк залал 
келтiрiлгенiн-келтірілмегенін анықтауға, сондай-ақ iстiң дұрыс шешілуі үшiн маңызы бар 
басқа да мән-жайларды анықтауға мiндеттi.
 
      2. Жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар анықталған жағдайда судья, орган 
(лауазымды адам) өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс қозғалған жеке 
тұлғаға салынатын әкімшілік айыппұл сомасын қысқартуға, бірақ айыппұлдың жалпы сомасының 
отыз пайызынан аспайтындай етіп қысқартуға құқылы.
 
      820-бап. Сот отырысының хаттамасы
 
      1. Бірінші сатыдағы соттың сот отырысында хаттама жүргізіледі. Егер өзіне қатысты 
әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлға әкiмшiлiк құқық 
бұзушылық туралы iстi қарау кезінде өз кінәсін толығымен мойындап, дәлелдемелерді 
зерттеу қажеттігі туралы мәлімдемесе, хаттаманың жүргізілуі міндетті емес. Бұл ретте 
жоғары тұрған сатылардағы сот iстi бiрiншi сатыдағы сот үшiн көзделген қағидалар бойынша 
қарай келiп, iстiң дұрыс шешiлуi үшiн маңызы бар қосымша материалдарды, алынған 
сараптама қорытындыларын зерттеу, отырысқа шақыртылған тұлғалардан жауап алу қажет 
болған жағдайларда, сондай-ақ өз бастамашылығы бойынша немесе өзіне қатысты әкімшілік 
құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлғаның өтінішхаты бойынша сот 
отырысының хаттамасын жүргiзедi.
 
      2. Сот отырысының хаттамасында мыналар:
 
      1) отырыстың орны мен күні, оның басталу және аяқталу уақыты;
 
      2) өзіне қатысты іс қаралып жатқан тұлға туралы мәліметтер: жеке тұлғалар үшін – 
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), туған күні, тұрғылықты жері, жеке басын 
куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері, сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері 
бойынша тіркелгені туралы мәліметтер, жұмыс орны; заңды тұлғалар үшін – атауы, ұйымдық-
құқықтық нысаны, орналасқан жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу нөмірі мен 
күні, сәйкестендіру нөмірі және банк деректемелері;
 
       3) қаралып жатқан іс бойынша іс жүргізу тілі; 
 
      4) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы қаралып жатқан iстің оқиғасы;
 
      5) судьяның, сот отырысы хатшысының лауазымы, тегі, аты-жөні;
 
      6) істі қарауға қатысатын тұлғалардың келгендігі туралы, келмеген тұлғаларға 
белгіленген тәртіппен хабарланғаны туралы мәліметтер;
 
      7) сот отырысының барысы;
 
      8) қарсылық білдіру, өтінішхаттар және оларды қараудың нәтижелері;
 
      9) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша iс жүргізуге қатысушыларға олардың 
құқықтары мен міндеттерін түсіндіру;
 
      10) сот отырысына қатысушылар түсініктемелерінің, сұрақтары мен жауаптарының, 
сөйлеген сөздерінің мазмұны;
 


      11) қаралған материалдар мен құжаттар;
 
       12) сот отырысы барысында шығарылған қаулыға, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс 
бойынша соттың шешіміне нұсқау, оған шағым жасаудың мерзімі мен тәртібін түсіндіру; 
 
      13) сот отырысының хаттамасымен танысу және оған ескертулер беру мерзімін 
түсіндіру көрсетіледі.
 
      3. Хаттама іс қаралған күннен бастап бес тәуліктен кешіктірілмей жасалып, оған 
судья және сот отырысының хатшысы қол қояды.
 
      4. Судья өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп 
жатқан тұлғаға, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзуге басқа да 
қатысушыларға сот отырысының хаттамасымен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
 
      5. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргізуге қатысушылар сот 
отырысы хаттамасының жасалуының толықтығы мен анықтығына қатысты өз ескертулерін оған 
қол қойылғаннан кейін бес тәулік ішінде ұсынуға құқылы.
 
      6. Сот отырысының хаттамасына ескертулерді судья олар берілген күннен бастап бес 
тәулік ішінде қарайды.
 
      7. Сот отырысының хаттамасына ескертулерді қабылдау немесе қабылдамау туралы судья 
уәжді қаулы шығарады. Қаулыға және сот отырысының хаттамасына ескертулер сот отырысының 
хаттамасына қоса тігіледі.
 
      820-1-бап. Сот отырысын аудио-, бейнежазба құралдарымен
 
                түсіріп алу
 
      1. Сот отырысы барысын түсіріп алу аудио-, бейнежазба құралдарының көмегімен 
жүзеге асырылады. Сот отырысын аудио-, бейнежазба құралдарымен түсіріп алуды сот 
отырысының хатшысы жүзеге асырады.
 
      Жабдықтардың техникалық ақауы болған, жабдықтар болмаған немесе техникалық 
себептерге байланысты оны қолдану мүмкін болмаған жағдайларда сот отырысын аудио-, 
бейнежазба құралдарының көмегімен тіркеу жүзеге асырылмайды. Аудио-, бейнежазба 
құралдарын пайдаланудың мүмкін болмауы сот отырысын жалғастыруды жоққа шығармайды.
 
      Аудио-, бейнежазба құралдарын пайдалану мүмкін болмаған жағдайда сот отырысының 
хатшысы сот отырысының хаттамасында аудио-, бейнежазба құралдарын пайдаланбау себептерін 
міндетті түрде көрсете отырып бұл туралы сотқа баяндайды.
 
      2. Істі талқылауды аудио-, бейнежазба құралдарын пайдалана отырып, түсіріп алған 
жағдайда сот отырысының хатшысы жазбаша түрде қысқаша хаттама жасайды.
 
      Сот отырысының қысқаша хаттамасында:
 
      1) отырыстың орны мен датасы, оның басталу мен аяқталу уақыты;
 
      2) іс қаралып жатқан тұлға туралы мәлімет: жеке тұлғалар үшін – тегі, аты, 
әкесінің аты (ол болған кезде), туған датасы, тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын 
құжаттың атауы мен деректемелері, сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері бойынша тіркелуі 
туралы мәлімет, жұмыс орны; заңды тұлғалар үшін – атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, 
орналасқан жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу нөмірі мен датасы, сәйкестендіру 
нөмірі мен банктік деректемелері;
 
      3) судья, сот отырысы хатшысының лауазымдары, тектері, аты-жөндері;
 
      4) соттың аудио-, бейнежазба құралдарын қолдануы туралы мәліметтер;
 
      5) аудио-, бейнежазба бар файлдың атауы;
 
      6) істі қарауға қатысушы тұлғалардың келуі туралы, қатыспаған тұлғаларды 
белгіленген тәртіппен хабардар ету туралы мәліметтер;
 
      7) сот отырысы барысында шығарылған қаулыға сілтеме, әкімшілік құқық бұзушылық 
туралы іс бойынша сот шешімі, оған шағым жасау мерзімі мен тәртібін түсіндіру;
 
      8) қаралған материалдар мен құжаттар;
 
      9) аудио-, бейнежазбамен, сот отырысы хаттамасымен танысу және оларға ескертулер 
жасау мерзімін түсіндіру көрсетіледі.
 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау