Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет112/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   192

      1. Мемлекеттік кіріс органдары, оның ішінде шет мемлекеттердің мемлекеттік кіріс 
органдары пайдаланатын сәйкестендіру құралдарын мемлекеттік кіріс органының рұқсатынсыз 
жою, алып тастау, өзгерту не ауыстыру немесе мұндай сәйкестендіру құралдарын зақымдау не 
жоғалту –
 
      жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір 
жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
 
      қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      535-бап. Тауарларды кедендік декларациялау тәртiбiн бұзу
 
      Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, декларанттың және 
(немесе) кеден өкілінің тауарларды кедендік декларациялау тәртiбiн бұзуы, яғни Кеден 
одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген, 
тауарларды алдын ала, толық емес, мерзiмдiк және уақытша кедендік декларациялауды қоса 
алғанда, тауарларды кедендік декларациялау орны бойынша, кедендік декларацияны толтыру 
және кедендік декларациялау тәртібі жөніндегі талаптарды сақтамауы –
 
      жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      Ескертпе. Тұлға мынадай жағдайларда:
 
      1) тауарлар шығарылғанға дейін мемлекеттік кіріс органы лауазымды адамының 
тауарларды дұрыс сыныптамауы фактісі анықталған жағдайда, тауарлар шығарылғаннан кейін 
оларды сыныптау жөніндегі шешімдерді қайта қарау кезінде тауарлардың коды өзгертілген;
 
      2) камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы 
хабарлама тексерілетін тұлғаға табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс 
күні ішінде камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз 
бетінше жойған;
 
      3) тауарлар шығарылғаннан кейін бұзушылықтарды өз бетінше анықтаған және көшпелі 
кедендік тексерудің жүргізілуі басталғанға дейін бір жыл ішінде өз еркімен жойған кезде 
осы бапта көзделген әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
 
      
Ескерту. 535-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 
№ 269-V
  (01.01.2015 бастап 
қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015
 № 432-V 
(01.01.2016 
бастап
 қолданысқа 
енгізіледі)
 
Заңдарымен.
 
      536-бап. Кеден өкiлiнiң кеден iсi саласындағы қызметтi
 
                жүзеге асыру тәртiбiн бұзуы
 
        1. Кеден өкiлiнiң үшiншi тұлғамен азаматтық-құқықтық шарт жасаспай не шарттың 
қолданылу мерзiмi өткен соң немесе оны бұзғаннан кейiн үшiншi тұлғаның мүддесi үшiн 
кеден iсi саласындағы қызметтi жүзеге асыруы 

 
      отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
       2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, кеден өкiлiнің бiр жыл iшiнде қайталап 
жасаған әрекеті 

 
      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      537-бап. Уәкiлеттi экономикалық оператордың кеден iсi
 
                саласындағы қызметтi жүзеге асыру тәртiбiн бұзуы
 
      Уәкiлеттi экономикалық оператордың осындай қызметтi жүзеге асыру үшiн Кеден 
одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген талаптарды 
сақтамауы –
 
      бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      538-бап. Кеден декларациясын, құжаттар мен мәлiметтердi
 
                беру мерзiмдерiн бұзу
 
        1. Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларды 
кедендiк декларациялау кезiнде кедендiк декларацияны, құжаттар мен мәлiметтердi 
мемлекеттік кіріс органына белгiленген мерзiмдерде ұсынбау 

 
      жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 


      539-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс
 
                органына есептiлiктi ұсынбау не анық емес
 
                есептілікті ұсыну және есеп жүргiзу тәртiбiн
 
                сақтамау
 
      Кедендiк тасымалдаушының, кеден өкiлiнiң, уақытша сақтау орны немесе қоймасы, 
кеден қоймасы немесе еркiн қойма, бажсыз сауда дүкенi иелерiнiң, уәкілетті экономикалық 
операторлардың, декларанттардың кедендiк бақылаудағы не еркiн кедендік аймақтар 
аумағындағы әкелiнетiн, әкетiлетiн, декларацияланатын, келiп түсетiн, сақталатын, қайта 
өңделетiн, дайындалатын, сатып алынатын және өткiзiлетiн тауарлар туралы есептiлiктi 
мемлекеттік кіріс органына Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден 
заңнамасында айқындалған тәртiппен және мерзiмдерде ұсынбауы не анық емес есептілікті 
ұсынуы, сол сияқты мұндай тауарларға есеп жүргiзу тәртiбiн сақтамауы 

 
      жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      540-бап. Тауарларды сақтауға орналастыру тәртiбiн, оларды
 
                сақтау және олармен операциялар жүргiзу тәртiбiн
 
                бұзу
 
      Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында 
белгiленген, тауарларды сақтауға орналастыру тәртібін және оларды сақтау тәртібін, кеден 
қоймасында сақтау мерзімдерін, тауарларды бір қоймадан екіншісіне жылжыту тәртібін бұзу, 
сол сияқты кеден қоймаларындағы, уақытша сақтау қоймаларындағы және еркін қоймалардағы 
тауарлармен операциялар жүргізу 

 
      жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      541-бап. Тауарларды уақытша сақтау мерзiмдерiн бұзу
 
      Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында 
белгiленген, тауарларды уақытша сақтау мерзiмдерiн бұзу -
 
      тауарлар тәркілене отырып немесе онсыз, елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде 
айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      542-бап. Тауарларды қайта өңдеу және қайта өңдеу
 
                өнiмдерiн ауыстыру тәртiбiн бұзу
 
        1. Тауарларды қайта өңдеу тәртiбiн бұзу, яғни кеден заңнамасында белгiленген 
талаптарды, шектеулердi және тауарларды қайта өңдеу жағдайлары туралы мiндеттеме беру 
шарттарын, оларды қайта өңдеу тәртiбi мен мерзiмдерiн, қайта өңдеу өнiмдерiнiң шығу 
мөлшерiн сақтамау, мұндай тауарларды қайта өңдеу бойынша операциялар жүргiзу 

 
      елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Отандық тауарлардың қайта өңдеу өнiмдерiн басқа тауарлармен ауыстырудың 
белгiленген тәртiбiн бұзу -
 
      жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      543-бап. Кедендік рәсімді белгіленген мерзімдерде аяқтамау
 
      1. Өзіне қатысты аяқтау туралы талап белгіленген кедендік рәсімді белгіленген 
мерзімдерде аяқтамау, сол сияқты уақытша әкелінген халықаралық тасымалдау көлік 
құралдарын Кеден одағының кедендік аумағынан әкетпеу –
 
      әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен 
көлiк құралдары тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, ірі кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Жеке тұлғалардың Кеден одағының кедендік аумағынан уақытша әкелінген тауарларды 
және (немесе) көлiк құралдарын уақытша әкелудің белгіленген мерзімдерінде әкетпеуі –
 
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органына тауарлар мен көлiк 
құралдарының кері әкетілуін немесе әкелінуін не аварияның немесе еңсерілмейтін күштiң 
әсерi, табиғи тозу немесе азаю не шет мемлекет органдары мен лауазымды адамдарының 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау