Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет111/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   192

                бұзу
 
      Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс органының рұқсатынсыз Кеден одағының 
кедендік аумағынан тауарлардың және (немесе) көлік құралдарының кету тәртібін бұзу, 
сондай-ақ кету үшін құжаттарды Кеден одағының және (немесе) Қазақстан 
Республикасының кеден заңнамасына сәйкес ұсынбау –
 
      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне 
немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсiпкерлік субъектілеріне – он бес, ірі 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға 
әкеп соғады.
 
      526-бап. Авария немесе еңсерілмейтін күштің әсері
 
                жағдайында шаралар қолданбау
 
      Авария немесе еңсерілмейтін күштiң әсерi немесе өзге де мән-жайлар жағдайында 
тауарлар мен көлiк құралдарының сақталуын қамтамасыз ету үшiн шаралар қолданбау, жақын 
маңдағы мемлекеттік кіріс органына осы мән-жайлар туралы осындай тауарлар мен көлiк 
құралдарының тұрған орны туралы хабарламау не оларды жақын маңдағы мемлекеттік кіріс 
органына немесе мемлекеттік кіріс органы айқындаған өзге орынға тасымалдауды қамтамасыз 
етпеу –
 
      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес 
ұйымдарға – он бес, орта кәсiпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      527-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын жеткiзу орнына
 
                бермеу
 
      Тауарлар мен көлiк құралдарын жеткiзу орнына бермеу және олардың құжаттарын 
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органына тапсырмау –
 
      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес 
ұйымдарға – он бес, орта кәсiпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      528-бап. Тауарларды, көлiк құралдарын және олардың
 
                құжаттарын Қазақстан Республикасы мемлекеттік
 
                кіріс органының рұқсатынсыз беру, жоғалту немесе
 
                Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс
 
                органына жеткiзбеу
 
      1. Кедендiк бақылауда тұрған тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасы 
мемлекеттік кіріс органының рұқсатынсыз беру, жоғалту немесе мемлекеттік кіріс органы 
немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кеден органы айқындаған жеткізу 
орнына жеткізбеу –
 
      әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен 
көлік құралдары тәркілене отырып, қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл 
салуға әкеп соғады.
 
       2. Кедендiк бақылауда тұрған тауарлар мен көлiк құралдарының мемлекеттік кіріс 
органына тапсыру үшін қабылданған кедендiк немесе өзге де құжаттарын жеткiзбеу – 
 
      жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      3. Тауарларды, көлiк құралдарын және олардың құжаттарын жеткiзудiң мемлекеттік 
кіріс органы немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кеден органы 
белгiлеген мерзімін сақтамау –
 
      жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      
Ескерту. 528-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.12.2015
 № 432-V 
Заңымен (01.01.2016 
бастап
 қолданысқа 
енгізіледі).
 
      529-бап. Көлiк құралын тоқтатпау
 
      Көлік құралын тоқтатпау оның техникалық ақаулығынан немесе еңсерiлмейтiн күштiң 
әсерiнен болған жағдайларды қоспағанда, Кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы өтетiн 


көлiк құралын, сондай-ақ Кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы тауар ретiнде 
өткiзiлетiн көлiк құралын Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органы айқындайтын 
орындарда тоқтатпау 

 
      он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      530-бап. Көлiк құралын Қазақстан Республикасы мемлекеттік
 
                кіріс органының рұқсатынсыз жөнелту
 
      Кедендiк бақылауда тұрған көлiк құралын не Кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы 
тауар ретiнде өткiзiлетiн көлiк құралын оның тұрған орнынан Қазақстан Республикасы 
мемлекеттік кіріс органының рұқсатынсыз жөнелту 

 
      он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      531-бап. Тауарларды кедендiк рәсiммен орналастыруға
 
                байланысты кедендiк операцияларды жасаудың және
 
                тауарларды кедендiк тазартудың тәртiбiн бұзу
 
      Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларды 
кедендiк рәсiммен орналастыруға байланысты кедендiк операцияларды жасаудың және 
тауарларды кедендiк тазартудың тәртiбiн бұзу, яғни Кеден одағының және (немесе) 
Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген тауарларды кедендiк рәсiммен 
орналастыру, кедендік операцияларды жасау орны мен уақыты жөнiндегi талаптарды, сондай-
ақ тауарлардың жекелеген санаттарын кедендiк рәсiммен орналастырудың бiрiншi кезектегi 
тәртiбiн қолдану шарттарын сақтамау –
 
      жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      532-бап. Өздеріне қатысты кедендiк тазарту аяқталмаған
 
                тауарлармен құқыққа сыйымсыз операциялар
 
                жүргiзу, олардың жай-күйiн өзгерту, оларды
 
                пайдалану және (немесе) оларға билiк ету
 
      1. Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, өздеріне 
қатысты кедендiк тазарту аяқталмаған тауарлармен Кеден одағының және (немесе) Қазақстан 
Республикасының кеден заңнамасында белгiленген талаптар мен шарттарды бұзып операциялар 
жүргiзу, олардың жай-күйiн өзгерту, оларды пайдалану және (немесе) оларға билiк ету –
 
      әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысаналары болып табылатын көлiк 
құралдары тәркiлене отырып немесе онсыз жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде 
айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр 
жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
 
      әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен 
көлiк құралдары тәркiлене отырып не онсыз, қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 
айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      533-бап. Кедендік бақылауда тұрған тауарлармен жүк
 
                операцияларын және өзге де операцияларды
 
                мемлекеттік кіріс органының рұқсатынсыз жүргізу
 
      Мемлекеттік кіріс органының рұқсатынсыз не оны хабардар етпей, кедендік бақылауда 
тұрған тауарлар мен көлiк құралдарын тасымалдау, тиеу, түсiру, қайта тиеу, 
қаптамаларының бүлінген жерін жөндеу, қаптау, қайта қаптау немесе тасымалдау үшін 
қабылдау, мұндай тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн алу, көрсетілген тауарлар мен 
көлiк құралдары болуы мүмкiн үй-жайларды, ыдыстарды және басқа да орындарды ашу не 
кедендік бақылауда тұрған тауарларды тасымалдайтын халықаралық тасымалдың көлік құралын 
ауыстыру –
 
      жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      534-бап. Сәйкестендіру құралдарын жою, алып тастау,
 
                өзгерту не ауыстыру
 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау