не тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мақсаттарда жүзеге асырылатын
қызметке сәйкес келмейтін мәмілелер жасасу –
жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе
коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі
кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп
соғады.
5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейiн
бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –
жеке тұлғаларға – он бес, лауазымды адамға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне
немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз
бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық бес айлық есептік
көрсеткіш мөлшерінде айыппұл
салуға әкеп соғады.
Ескерту. 518-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014
№ 272-V
Заңымен (01.01.2015
бастап қолданысқа енгізіледі).
519-бап. Шетелдiк жұмыс күшiн және еңбекшi көшiп
келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын
бұза отырып тарту
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015
бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі!
1-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда көзделген - ҚР 24.11.2015
№ 421-V
Заңымен (01.01.2017 бастап
қолданысқа
енгізіледі).
1. Жұмыс берушiнiң шетелдiк жұмыс күшiн жергiлiктi атқарушы органның рұқсатынсыз
тартуы немесе жұмысқа орналасуға рұқсаты жоқ шетелдiктердің
және азаматтығы жоқ
адамдардың еңбегiн пайдалану
–
жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсiпкерлiк
субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік
субъектілеріне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бiр мың айлық есептiк көрсеткiш
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жұмыс берушiнiң шетелдiк жұмыскердi жергiлiктi атқарушы органның шетелдiк жұмыс
күшiн тартуға рұқсатында көрсетiлген лауазымға (кәсiпке немесе мамандыққа) сәйкес
келмейтiн лауазымға (кәсiпке немесе мамандыққа) тартуы –
жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсiпкерлiк
субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік
субъектілеріне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бiр мың айлық есептiк көрсеткiш
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза
қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер
–
жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға – бiр жүз, шағын кәсiпкерлiк
субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсіпкерлік
субъектілеріне – үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бiр мың айлық есептiк көрсеткiш
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4.
Алып тасталды - ҚР 29.12.2014
№ 272-V
(01.01.2015 бастап қолданысқа
енгізіледі) Заңымен.
5. Жұмыс берушi жеке тұлғаның үй шаруашылығында жұмыстар орындауға (қызметтер
көрсетуге) еңбекшi көшiп келушiлердi iшкi iстер органдары беретiн тиiстi рұқсатсыз
тартуы немесе бiр жұмыс берушi жеке тұлғаның бiр мезгiлде бестен көп еңбекшi көшiп
келушiмен үй шаруашылығында жұмыстар орындау (қызметтер көрсету)
бойынша еңбек шарттарын
жасасуы –
отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Осы баптың бесiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр
жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 519-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014
№ 272-V
Заңымен (01.01.2015
бастап қолданысқа енгізіледі).
520-бап. Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелде
жұмысқа орналастыру жөнiндегi заңсыз қызмет
Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелде жұмысқа орналастыру жөнiндегi
қызметтi жөнсiз жарнаманы пайдаланып не толық емес немесе анық емес ақпарат берiп жүзеге
асыру –
жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – алпыс, орта
кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық
есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
29-тарау. КЕДЕН ІСІ САЛАСЫНДАҒЫ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
521-бап. Кедендік бақылау аймағының режимiн бұзу
Кедендік бақылау аймағының шекарасы арқылы және оның шегiнде тауарлардың, көлiк
құралдарының және мемлекеттiк органдардың (мемлекеттік кіріс органынан басқа) лауазымды
адамдарын қоса алғанда,
адамдардың өткізілуі, сондай-ақ осы аймақта мемлекеттік кіріс
органының рұқсатынсыз өндірістік және өзге де коммерциялық қызметті жүзеге асыру –
жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе
коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсiпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі
кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға
әкеп соғады.
522-бап. Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыру
тәртібін бұзу
Кеден өкілінің, уақытша сақтау орны немесе қоймасы, еркін қойма немесе кеден
қоймасы, бажсыз сауда дүкені иелерінің осындай қызметті «Қазақстан Республикасындағы
кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жүзеге асыру шарттары мен
міндеттерін сақтамауы не уақытша сақтау орнын немесе қоймасын, кеден
қоймасын немесе
еркін қойманы, бажсыз сауда дүкенін құруға арналған үй-жайлардың немесе аумақтардың
Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген
талаптарға сәйкес келмеуі –
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
523-бап. Кедендік тасымалдаушының қызметті жүзеге асыру
тәртібін бұзуы
Кедендік тасымалдаушының осындай қызметті жүзеге асыру үшін Кеден одағының және
(немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген шарттар мен міндеттерді
сақтамауы, оның ішінде көлік құралында мемлекеттік кіріс органының осы көлік құралы
тұрған жерді анықтауына мүмкіндік беретін техникалық жабдықтың болмауы не оның жарамсыз
болуы –
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
524-бап. Мемлекеттік кіріс органын тауарлар мен көлік
құралдарының келгені туралы хабардар етпеу
Тауарлар мен көлік құралдарын Кеден одағының кедендік аумағына әкелген кезде
мемлекеттік кіріс органына Кеден одағының және (немесе)
Қазақстан
Республикасының кеден заңнамасына сәйкес құжаттарды ұсынбау арқылы олардың келгені
туралы хабарламау –
жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес
ұйымдарға – он, орта кәсiпкерлік субъектілеріне – он бес, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне
жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
525-бап. Тауарлар мен көлік құралдарының кету тәртібін