Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет120/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   192

      Порттағы құрылыстарды тұрақты және кезеңдiк техникалық қарап-тексерулерден өткiзу 
мерзiмдерiн бұзу немесе сақтамау, айлақтық құрылыстың арқандап байлау және керi итергiш 
құрылғыларының жарамсыз күйде болуы немесе өздерiнiң сипаттамалары бойынша сәйкес 
келмеуi, сондай-ақ порттағы құрылыстарды техникалық қарап-тексеру журналының және теңiз 
порты паспортының болмауы –
 
      жеке және лауазымды адамдарға бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл 
салуға әкеп соғады.
 
      588-бап. Кемелермен, оның iшiнде шағын көлемдi кемелермен
 
                болған авариялық жағдайлар мен көлiк оқиғаларын
 
                тергеп-тексеру қағидаларын бұзу
 
      1. Кеме капитанының, кеме иесiнiң, гидротехникалық құрылыстардың лауазымды 
адамының көлiктiк бақылау органдарына теңiз көлiгi кемесiмен болған авариялық жағдай 
туралы, өзен көлiгi кемесiмен болған көлiк оқиғасы туралы ақпаратты бермеуi –
 
      жеке және лауазымды адамдарға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, 
орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қырық айлық 
есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Кеме жүргiзушiсiнiң немесе кеме иесiнiң көлiктiк бақылау органдарына шағын 
көлемдi кемемен болған көлiк оқиғасы туралы ақпаратты бермеуi –
 
      жеке және лауазымды адамдарға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне отыз айлық есептiк 
көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      3. Авариялық жағдайды немесе көлiк оқиғасын тергеп-тексеруді жүргiзетiн органның 
не лауазымды адамның сұрау салуы бойынша материалдарды, анықтамаларды, түсiнiктемелердi, 
кеме құжаттарынан үзiндi көшiрмелердi не тергеп-тексеру жүргiзу үшiн қажеттi басқа да 
ақпаратты бермеу немесе уақтылы бермеу –
 
      жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға - он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне 
– жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қырық 
айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      589-бап. Көлiкте өрт қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу
 
      1. Көлiкте белгiленген өрт қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу –
 
      бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр 
жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –
 
      он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      590-бап. Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу
 
      1. Мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) оқылмайтын немесе стандарт 
талаптары бұзыла отырып орнатылған, тiркелген көлiк құралын басқару –
 
       бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
 
      2. Мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) жоқ немесе пайдалануға тыйым 
салынғаннан кейiн немесе белгiленген тәртiппен тiркелмеген көлiк құралын басқару –
 
      он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      3. Көлiк құралына көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi 
белгiлерiн (белгiсiн) орнату –
 
      жеке тұлғаларға – он бес, лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бiр мың айлық есептiк көрсеткiш 
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      4. Көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi 
(белгiсi) бар көлiк құралын басқару –
 
      жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе бiр жыл мерзiмге 
көлiк құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
 


      5. Осы баптың алтыншы бөлiгiнде көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, жол жүрісі 
қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларына сай келмейтiн көлiк құралдарын 
басқару –
 
      бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      6. Тежегiш жүйесiнiң, басқару рулінің, тартқыш-тіркеме құрылғысының ақауы бар 
көлiк құралдарын басқару –
 
      он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      7. Тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған көлiк құралын басқару –
 
      он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      8. Жолаушыларды, багажды автомобильмен тұрақты немесе тұрақты емес тасымалдауды, 
сондай-ақ жүктердi тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде рейс алдындағы (ауысым алдындағы) 
техникалық қарап-тексеруден өтпеген автокөлiк құралдарын пайдалануға шығару, сондай-ақ 
рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық қарап-тексеруден өтпеген жүргiзушiнiң 
басқаруына рұқсат беру –
 
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, 
iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға 
әкеп соғады.
 
      9. Мемлекеттiк немесе мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өтпеген көлiк құралын 
басқару –
 
       бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
 
      10. Осы баптың бiрiншi, бесінші, алтыншы және тоғызыншы бөлiктерiнде көзделген, 
әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
 
      жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      Ескертпе. Кодекстiң осы тарауында көлiк құралдары деп автомобильдердiң, 
тракторлардың барлық түрлерiн және өзге де өздiгiнен жүретiн машиналарды, трамвайларды, 
троллейбустарды, сондай-ақ мотоциклдер мен басқа да механикалық көлiк құралдарын түсiну 
керек.
 
      591-бап. Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң
 
                телефонды не радиостанцияны пайдалануы
 
      1. Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны 
пайдалануы –
 
      бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр 
жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –
 
      он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      Ескертпе. Көлiк құралын басқару кезiнде телефонды не радиостанцияны тыңдауышты 
немесе қатты дауысты байланысты қолдану арқылы пайдалануға рұқсат етiледi.
 
      592-бап. Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң белгiленген
 
                жүру жылдамдығын арттыруы
 
      1. Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң белгiленген жүру жылдамдығын сағатына оннан 
жиырма километрге дейiнгi шамаға арттыруы –
 
      он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Көлiк құралының белгiленген жүру жылдамдығын сағатына жиырмадан қырық 
километрге дейiнгi шамаға арттыру –
 
      он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      3. Көлiк құралының белгiленген жүру жылдамдығын сағатына қырық километрден астам 
шамаға арттыру –
 
      отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      4. Осы баптың бірінші, екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза 
қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
 
      қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау