2. Шекара аймағында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара
қызметін хабардар етпей,
шаруашылық, кәсiпшiлiк және өзге де қызметтер жүргiзу,
қоғамдық-саяси, мәдени және өзге де iс-шаралар өткiзу –
жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес, орта
кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс бес айлық
есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың келуі үшін Қазақстан
Республикасының уақытша жабық аумағына Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
министрлігінің және ішкі істер органдарының рұқсатынсыз шетелдіктің немесе азаматтығы
жоқ адамның кіруі (өтуі), онда уақытша болуы немесе жүріп-тұруы -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
511-бап. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің,
Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен
әскери құралымдарының арсеналдары, базалары мен
қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақ пен
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің,
Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен
әскери құралымдарының арсеналдары, базалары мен
қоймалары жанындағы тыйым салынған аудан
аумағында белгіленген шектеулерді бұзу
1. Жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан
Республикасының басқа да әскерлері мен әскери
құралымдарының арсеналдары, базалары мен
қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтың аумағында болуы –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа да
әскерлері мен әскери құралымдарының арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым
салынған аймақ аумағында диверсияға қарсы және өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету
мақсатында жүзеге асырылатын жұмыстарды қоспағанда, құрылыс салу және қандай да бір
жұмыстар жүргізу –
жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта
кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алпыс айлық есептік
көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа да
әскерлері мен әскери құралымдарының арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым
салынған аудан аумағында атыс қаруынан оқ ату, пиротехникалық құралдарды пайдалану,
сондай-ақ атыс тирлерін, стенділер мен атыс орындарын орнату –
жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта
кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алпыс айлық есептік
көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
512-бап. Қазақстан Республикасы аумақтық суларының
(теңізінің) және ішкі суларының режимдерін бұзу
1. Қазақстан Республикасының аумақтық суларындағы (теңізіндегі) және iшкi
суларындағы, шекаралық өзендер, көлдер және өзге де су айдындары
суларының қазақстандық
бөлiгiндегі режимді Қазақстандық шағын көлемдi өздiгiнен жүзетiн және өздiгiнен
жүзбейтiн (суүсті және суасты) кемелердi (құралдарды) және мұз үстімен жылжитын
кемелердi (құралдарды) есепке алудың, күтiп-ұстаудың, олардың орналасу пункттерінен
шығуының және орналасу пункттеріне қайтып оралуының, суда болуының белгiленген тәртібін
сақтамаудан көрінген бұзу –
жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта
кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сексен айлық есептік
көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізінде) және iшкi суларында,
шекаралық өзендер, көлдер және өзге де су айдындары суларының қазақстандық бөлiгiнде
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпті бұза отырып, уәкiлеттi
мемлекеттiк органның
рұқсатынсыз кәсiпшiлiк, зерттеу, iздестiру қызметін немесе өзге де
қызметті жүргiзу –
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын көлік
құралдары мен өзге де заттар тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – жиырма, шағын
кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі
кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға
әкеп соғады.
513-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы
арқылы өткiзу пункттерінде режимдi бұзу
1. Қазақстан Республикасы азаматының Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
шекарасы арқылы өткiзу пункттерiндегі режимдi адамдардың көлік құралдарының өткiзу
пункттерiне кірудің, оларда болудың, жүріп-тұрудың және олардан шығудың, жүктер мен
тауарларды әкелудің,
орналастырудың, орнын ауыстырудың, әкетудің, шаруашылық және өзге
де қызметті жүзеге асырудың белгіленген тәртібін сақтамаудан көрінетін бұзушылығы –
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам жасаған дәл сол әрекеттер –
Қазақстан Республикасының шегінен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiбере отырып, бес
айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
514-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекара
режимiн бұзу
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы режимін:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын (Каспий теңізіндегі Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік шекарасы учаскесін қоспағанда) күтіп-ұстаудың;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтудің;
3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік
құралдарын, жүктер мен тауарларды
өткізудің;
4) шекаралық белдеуге кірудің, онда уақытша болудың, тұрудың, жүріп-тұрудың және
шекаралық белдеудің үстімен ұшуды жүзеге асырудың;
5) Мемлекеттік шекарада және шекаралық белдеуде шаруашылық, кәсіпшілік немесе өзге
де қызметті жүргізудің, қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де іс-шараларды өткізудің
белгіленген тәртібін сақтамаудан көрінген бұзу –
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, орта кәсіпкерлік
субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш
мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам
жасаған әрекеттер –
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысаналары болып табылатын көлік
құралдары және өзге де заттар тәркілене отырып, жиырма айлық есептік көрсеткіш
мөлшерінде айыппұл салуға немесе он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға не
Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберуге әкеп соғады.
515-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы
арқылы заңсыз алып өту
1. Халықаралық тасымалды жүзеге асыратын көлiк ұйымының немесе өзге де ұйымның
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан бiр немесе
бiрнеше тәртiп бұзушының
заңсыз кесіп өтуiне немесе заңсыз кесіп өтуге әрекет жасауына әкеп соқтырған, көлiк
құралына адамдардың заңсыз кiруiн және оны Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
шекарасынан заңсыз кесіп өту үшiн пайдалануын болғызбау жөнiнде шараларды қолданбауы –
бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.