Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі



жүктеу 0,85 Mb.
Pdf просмотр
бет48/61
Дата19.11.2018
өлшемі0,85 Mb.
#20798
түріКодекс
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   61

 
      
Ескерту. 292-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      293-бап. Еңбек арбитражы 
 
      1. Еңбек арбитражын ұжымдық еңбек дауының тараптары бітімгерлік комиссиясының 
жұмысы тоқтатылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде әлеуметтік-еңбек 
қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық, салалық немесе өңірлік комиссия 
мүшелерінің 
 
 қатысуымен құрады. 
 
       2. Еңбек арбитражы мүшелерінің саны, оның дербес құрамы, еңбек дауын 
қараудың тәртібі тараптардың келісімімен белгіленеді. Еңбек арбитражы кемінде бес 
адамнан құрылуға тиіс. Еңбек арбитражының құрамына қоғамдық бірлестіктердің 
өкілдері, мемлекеттік еңбек инспекторы, мамандар, сарапшылар мен басқа да адамдар 
енгізіледі. 
 
       3. Еңбек арбитражының төрағасын тараптар арбитраж мүшелері қатарынан 
сайлайды. 
 
       4. Еңбек арбитражы ұжымдық еңбек дауын ұжымдық еңбек дауы тараптары 
өкілдерінің міндетті түрде қатысуымен, ал қажет болғанда басқа да мүдделі адамдар 
өкілдерінің де қатысуымен қарайды. 
 
       5. Дауды қарау рәсімін еңбек арбитражы белгілейді және ұжымдық еңбек дауы 
тараптарының назарына жеткізеді. 
 
       6. Еңбек арбитражының шешімі құрылған күнінен бастап күнтізбелік жеті күннен 
кешіктірілмей арбитраж мүшелерінің қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Еңбек 
арбитражы мүшелерінің дауыстары тең бөлінген кезде төрағаның дауысы шешуші болып 
табылады. Шешім дәлелді әрі жазбаша түрде болуға және оған арбитраж мүшелерінің 
барлығы қол қоюға тиіс. 
 
       7. Бітімгерлік комиссиясында ұжымдық еңбек дауы тараптарының келісіміне қол 
жеткізілмеген кезде, заң бойынша ереуілдер өткізу тыйым салынған немесе шектелген 
ұйымдарда, еңбек арбитражы міндетті түрде құрылуға тиіс. 
 
       8. Ұжымдық еңбек дауының тараптары еңбек арбитражының шешімін орындауға 
міндетті болады. 
 
      294-бап. Ұжымдық еңбек дауын делдалдың қатысуымен қарау 
 
      1. Ұжымдық еңбек дауын делдалдың қатысуымен қарау тәртібі ұжымдық еңбек дауы 
тараптарының келісімі бойынша айқындалады. 
 
       2. Тараптар өздеріне қатысты тәуелсіз ұйымдар мен тұлғаларды делдал ретінде 
белгілейді. Әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық, салалық, 
өңірлік комиссиялар ұжымдық еңбек дауы тараптарының келісімімен ұжымдық еңбек 
дауларын реттеу жөніндегі жұмысқа орталық және жергілікті атқарушы органдардың, 
қауымдастықтардың және басқа да қоғамдық бірлестіктердің басшылары мен 
қызметкерлерін, жұмыс берушілерді, сондай-ақ тәуелсіз сарапшыларды тарта алады. 
 
       Делдалды таңдау жағдайларының бәрінде олардан делдалдық етуге жазбаша 
келісім алынуға тиіс. 
 
      295-бап. Тараптардың ұжымдық еңбек дауы бойынша 
 
                келісімге қол жеткізуінің салдарлары 
 
      1. Ұжымдық еңбек дауының тараптары арасында дауды делдалдың қатысуымен немесе 
онсыз шешу туралы келісімге қол жеткізілген барлық жағдайларда аяқталмай қалған 
бітімгерлік рәсімдері тоқтатылады, ал тараптар арасындағы келісімнің талаптары 
дауды шешудің талаптары деп есептеледі. 
 
       Ұжымдық еңбек дауының тараптары қол жеткізген келісімдер жазбаша түрде 
ресімделеді. 
 
       2. Тараптар арасында даудың шешілуі туралы келісімге қол жеткізу, егер 
ереуіл жарияланған болса, оның тоқтатылуына әкеп соғады. 
 


 
      296-бап. Ұжымдық еңбек дауының шешілуімен байланысты 
 
                кепілдіктер 
 
      Бітімгерлік комиссиясының мүшелері ұжымдық еңбек дауын шешу жөніндегі 
келіссөздерге қатысқан уақытта орташа жалақысы сақтала отырып, негізгі жұмысынан 
босатылады. 
 
       Қызметкерлердің, олардың бірлестіктерінің ұжымдық еңбек дауын шешуге 
қатысатын өкілдері ұжымдық еңбек дауын шешу кезеңінде тәртіптік жазаға тартылмайды, 
басқа жұмысқа ауыстырылмайды немесе солардың өкілдік етуіне уәкілеттік берген 
органның алдын ала келісімінсіз жұмыс берушінің бастамасы бойынша олармен еңбек 
шарты бұзылмайды. 
 
      297-бап. Тараптардың және бітімгерлік органдарының 
 
                ұжымдық еңбек дауларын реттеу жөніндегі 
 
                міндеттері 
 
      1. Тараптардың ешқайсысы бітімгерлік рәсімдерге қатысудан жалтаруға құқылы 
емес. 
 
       2. Бітімгерлік комиссиясы, еңбек арбитражы реттей алмаған ұжымдық еңбек 
дауындағы келіспеушіліктер жазбаша түрде тараптардың назарына жеткізілуге тиіс. 
 
       3. Егер жұмыс берушінің өкілі өкілеттіктерінің жеткіліксіз болуына 
байланысты ұжымдық еңбек дауы тараптарының келіспеушіліктерін реттеу мүмкін 
болмаса, қызметкерлердің талаптары ұйымдардың, оның ішінде Қазақстан 
Республикасының аумағында орналасқан, мүлкінің меншік иелері шетелдік жеке немесе 
заңды тұлғалар болып табылатын ұйымдардың не шетелдік қатысуы бар ұйымдардың мүлік 
меншік иелеріне, құрылтайшыларына (қатысушыларына) немесе акционерлеріне табыс 
етіледі. 
 
       4. Осы баптың 2, 3-тармақтарында көрсетілген рәсімдердің нәтижелерімен 
келіспеген жағдайда, қызметкерлер өз мүдделерін қорғаудың заңда көзделген, ереуіл 
өткізуге дейінгі өзге де барлық тәсілдерін пайдалануға құқылы. 
 
      298-бап. Ереуіл өткізу құқығы 
 
      1. Егер бітімгерлік рәсімдер арқылы ұжымдық еңбек дауын шешуге қол 
жеткізілмесе, сондай-ақ жұмыс беруші бітімгерлік рәсімдерден жалтарған не ұжымдық 
еңбек дауын шешу барысында қол жеткізілген келісімді орындамаған жағдайларда 
қызметкерлер ереуіл өткізу туралы шешім қабылдай алады. 
 
      2. Ереуіл өткізу жөніндегі шешім қызметкерлердің (олардың өкілдерінің) 
жиналысында (конференциясында) қабылданады.
 
      Қызметкерлер жиналысы, егер оған ұйым қызметкерлерінің жалпы санының 
жартысынан астамы қатысса, заңды деп танылады.
 
      Конференция, егер оған хаттамалық шешімдерге сәйкес қызметкерлер сайлаған 
делегаттардың кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп танылады.
 
      Қызметкерлер жиналысының (конференциясының) шешімі дауыс берушілердің 
көпшілік дауысымен қабылданды деп есептеледі. Қызметкерлер жиналысын 
(конференциясын) өткізуге мүмкіндік болмаған кезде қызметкерлердің өкілді органы 
ереуілді өткізуді қолдайтын қызметкерлердің жартысынан астамының қолын жинап, өз 
шешімін бекітуге құқығы бар.
 
       3. Ереуілді қызметкерлер (олардың өкілдері) уәкілеттік берген орган (ереуіл 
комитеті) басқарады. Бірнеше жұмыс берушілердің қызметкерлері (олардың өкілдері) 
бірдей талаптар қойып, ереуіл жариялаған жағдайда, оны осы қызметкерлер өкілдерінің 
бірдей санынан құрылатын бірлескен орган басқаруы мүмкін. 
 
      4. Ереуілге қатысу ерікті болып табылады. Ешкімді ереуілге қатысуға немесе 
ереуілге қатысудан бас тартуға мәжбүрлеуге болмайды. 
 
      5. Қызметкерлерді ереуілге қатысуға немесе ереуілге қатысудан бас тартуға 
мәжбүрлейтін тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен 


жүктеу 0,85 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау