1. Еңбек шартында зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторларды қоса
алғанда, еңбек жағдайларының дәйекті сипаттамасы, Қазақстан
Республикасының заңнамасында және ұжымдық шартта көзделген осындай жағдайлардағы
жұмыс үшін берілетін кепілдіктер, жеңілдіктер мен өтемақы төлемдері көрсетілуге
тиіс.
2. Ауыр жұмыстарда, зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті еңбек
жағдайлары бар жұмыстарда, сондай-ақ жерасты жұмыстарында істейтін қызметкерлермен
еңбек шартын жасасу азамат алдын ала медициналық тексеруден өткеннен кейін және
денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық
актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес денсаулық жағдайы бойынша қайшылықтар жоқ
екендігі айқындалғаннан кейін жүзеге асырылуға тиіс.
311-бап. Еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау құқықтарына
берілетін кепілдіктер
1. Жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігінің жағдайлары ұлттық
стандарттарға, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ережелер
талаптарына сәйкес болуға тиіс.
2. Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі
талаптарды бұзуы салдарынан жұмыс тоқтап тұрған уақытта қызметкердің жұмыс орны
(лауазымы) және орташа жалақысы сақталады.
3. Өзінің немесе айналасындағы адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей
қауіп туындаған жағдайда, қызметкердің жұмысты орындаудан бас тартуы оны тәртіптік
және (немесе) материалдық жауапкершілікке тартуға әкеп соқпайды.
4. Жұмыс беруші қызметкерді жеке және (немесе) ұжымдық қорғану
құралдарымен, арнаулы киіммен қамтамасыз етпеген жағдайда, қызметкер еңбек
міндеттерін орындауды тоқтатуға құқылы, ал жұмыс беруші осы себеп бойынша туындаған
іркіліс кезінде қызметкердің орташа жалақысы мөлшерінде еңбекақы төлеуге міндетті.
5. Еңбек міндеттерін орындау кезінде қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян
келтірілген жағдайда, келтірілген зиянды өтеу осы Кодексте және Қазақстан
Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тәртіппен және шарттарда
жүргізіледі.
Ескерту. 311-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10
№ 31-V
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
312-бап. Қызметкерлерді міндетті медициналық тексеру
1. Жұмыс беруші ауыр жұмыстарда, зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті
еңбек жағдайлары бар жұмыстарда істейтін қызметкерлерді Қазақстан
Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен мерзімдік медициналық тексеруден
және тексерілуден өткізуді өз қаражаты есебінен ұйымдастыруға міндетті.
2. Ерекше қауіпті жұмыстармен, машиналармен және тетіктермен байланысты
жұмыстарда істейтін қызметкерлер ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өтуге
тиіс. Ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өту талап етілетін кәсіптердің
тізімін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.
313-бап. Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті
қорғау мәселелері бойынша оқыту, нұсқама беру
және білімдерін тексеру
1. Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері
бойынша оқытуды, нұсқама беруді және білімдерін тексеруді жұмыс беруші өз қаражаты
есебінен жүргізеді.
2.
Алынып тасталды - ҚР 2011.07.05
N 452-IV
(2011.10.13 бастап қолданысқа
енгізіледі) Заңымен.
3. Жұмысқа қабылданған адамдар кейіннен олардың еңбек қауіпсіздігі және
еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімі міндетті түрде тексеріле отырып, жұмыс
беруші ұйымдастыратын алдын ала оқытудан міндетті түрде өтеді. Еңбек қауіпсіздігі
және еңбекті қорғау мәселелері бойынша алдын ала оқытудан, нұсқама беруден және
білімін тексеруден өтпеген қызметкерлер жұмысқа жіберілмейді.
4. Өндірістік қызметтерді жүзеге асыратын ұйымдардың басшы қызметкерлері мен
еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдары
мерзімді, үш жылда кемінде бір рет кадрларды кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды
және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі
және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқудан және білімін тексеруден өтуге
міндетті.
Оқуы және білімі тексеруден өтуге тиіс адамдардың тізімі жұмыс берушінің
актісімен бекітіледі.
Ескерту. 313-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05
N 452-IV
(2011.10.13
бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан
кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
35-тарау. ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЖӘНЕ ЖҰМЫС БЕРУШІНІҢ ЕҢБЕК
ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН
МІНДЕТТЕРІ
314-бап. Қызметкердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті
қорғау құқықтары
Қызметкердің:
1) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сай жабдықталған жұмыс
орнына;
2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі, сондай-ақ еңбек
шартында, ұжымдық шартта көзделген талаптарға сәйкес санитарлық-тұрмыстық үй-
жайлармен, жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, арнаулы киіммен қамтамасыз
етілуге;
3) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға және (немесе) еңбек
инспекциясы жөніндегі жергілікті органға өз жұмыс орнындағы еңбек жағдайларына және
еңбекті қорғауға тексеру жүргізу туралы өтініш білдіруге;
4) өзі немесе өз өкілі арқылы еңбек жағдайларын, еңбек қауіпсіздігі және
еңбекті қорғауды жақсартуға байланысты мәселелерді тексеруге және қарауға қатысуға;
5) денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіретін жағдай туындаған кезде бұл
жөнінде тікелей басшысына немесе жұмыс берушіге жазбаша түрде хабарлай отырып,
жұмысты орындаудан бас тартуға;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен еңбек
міндеттерін қауіпсіз атқару үшін қажетті білім алуға және кәсіптік даярлыққа;
7) жұмыс берушіден жұмыс орнының сипаты мен ұйымның аумағы, еңбек
жағдайларының жай-күйі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы, өмірі мен
денсаулығына төнген қатер туралы, сондай-ақ оны зиянды (ерекше зиянды) және
(немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғау жөніндегі шаралар туралы
дәйекті ақпарат алуға;
8) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сай болмауына
байланысты ұйымның жұмысы тоқтатыла тұрған уақытта орташа жалақысының сақталуына;
9) жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңсыз
әрекеттеріне шағымдануға құқығы бар.
Ескерту. 314-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2013
№ 102-V
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңдарымен.
315-бап. Қызметкердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті
қорғау саласындағы міндеттері
Достарыңызбен бөлісу: |