Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі



жүктеу 0,85 Mb.
Pdf просмотр
бет46/61
Дата19.11.2018
өлшемі0,85 Mb.
#20798
түріКодекс
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   61

 
Комиссия келіп түскен ескертпелер мен ұсыныстарды ескере отырып, жобаны пысықтайды. 
 
       4. Тараптардың келісіміне қол жеткізілген кезде ұжымдық шарт кемінде екі 
данада жасалады және оған тараптардың өкілдері қол қояды. 
 
       5. Ұжымдық шарттың жекелеген ережелері бойынша тараптар арасында 
келіспеушіліктер болған кезде ұжымдық келіссөздер басталған күннен бастап бір ай 
ішінде тараптар бір мезгілде келіспеушіліктер хаттамасын жасай отырып, келісілген 
талаптармен ұжымдық шартқа қол қоюға тиіс. 
 
       6. Ұжымдық шартты өзгерту және толықтыру осы бапта оны жасасу үшін 
белгіленген тәртіппен тараптардың өзара келісімімен ғана жүргізіледі. 
 
      7. Егер алынған мәліметтер мемлекеттік, қызметтік, коммерциялық 
және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын болса, ұжымдық келіссөздерге 
қатысушылардың бұл мәліметтерді жария етуге құқығы жоқ. 
 
       8. Ұжымдық келіссөздерге қатысушылар келіссөздер жүргізу кезінде орташа 
айлық жалақысы сақтала отырып, еңбек міндеттерін орындаудан босатылуы мүмкін. Бұл 
мерзім олардың еңбек өтіліне қосылады. 
 
      9. Тараптар қол қойған ұжымдық шартты қол қойылған күнінен бастап бiр ай 
мерзiмде жұмыс берушi мониторинг үшiн еңбек инспекциясы жөнiндегi жергілікті 
органға ұсынуға мiндеттi.
 
      10. Тараптардың өкілдері қызметкерлерге ұжымдық шарттың орындалу барысы 
туралы мезгіл-мезгіл хабарлап отыруға міндетті.
 
      
Ескерту. 282-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 
13.06.2013 
№ 102-V
 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен 
соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 
      283-бап. Ұжымдық шарттың тараптары 
 
      1. Қызметкерлер және жұмыс беруші ұжымдық шарттың тараптары болып табылады. 
 
      2. Ұжымдық шарт ұйымдарда да, шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен 
өкілдіктерінде де жасалуы мүмкін.
 
      
Ескерту. 283-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      284-бап. Ұжымдық шарттың мазмұны мен құрылымы 
 
      1. Ұжымдық шарттың мазмұны мен құрылымын тараптар айқындайды. Ұжымдық шартқа: 
 
       1) еңбекке ақы төлеуді нормалау, оның нысандары, жүйелері, қызметкерлерге, 
оның ішінде ауыр жұмыстарда, зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті еңбек 
жағдайлары бар жұмыстарда істейтін қызметкерлерге тарифтік ставкалар мен жалақылар, 
үстемақылар мен қосымша ақылар мөлшері туралы; 
 
      2) жалақыны индекстеудің тәртібі туралы, жәрдемақы және өтемақы, оның ішінде 
жазатайым оқиғалар кезіндегі төлемдер туралы;
 
       3) тиісті мамандықтың, ұйымдағы лауазымның ең жоғары және ең төменгі 
жалақысы мөлшерлерінің арасындағы жол берілетін арақатынас туралы; 
 
       4) разрядаралық коэффициенттерді белгілеу туралы; 
 
       5) жұмыс уақыты мен тынығу уақытының ұзақтығы, еңбек демалыстары туралы; 
 
      6) саламатты және қауіпсіз еңбек пен тұрмыс жағдайларын жасау туралы, еңбек 
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі шараларды қаржыландыру көлемі туралы, 
денсаулық сақтауды жақсарту туралы ережелер енгізілуге тиіс.
 
       7) 
алып тасталды - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми жарияланғанынан 
кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
       2. Ұжымдық шартқа: 
 
       1) еңбекті ұйымдастыруды жақсарту және өндіріс тиімділігін арттыру туралы; 
 
       2) еңбек тәртіптемесі мен еңбек тәртібін реттеу туралы; 
 
       3) босатылатын қызметкерлердің жұмыспен қамтылуын, оларды даярлауды, 


 
біліктілігін арттыруды, қайта даярлауды және жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету 
туралы; 
 
       4) жұмысты оқумен қоса атқаратын қызметкерлерге берілетін кепілдіктер мен 
жеңілдіктер туралы; 
 
       5) қызметкерлердің тұрғын үй және тұрмыстық жағдайларын жақсарту туралы; 
 
       6) қызметкерлерді сауықтыру, санаторий-курорттық емдеу және олардың тынығуы 
туралы; 
 
       7) кәсіподақ мүшелері болып табылатын қызметкерлермен еңбек шартын бұзған 
кезде ұйымның кәсіподақ органының дәлелді пікірін ескерудің тәртібі туралы; 
 
       8) кәсіподақ органына сайланған қызметкерлерге берілетін кепілдіктер туралы; 
 
       9) қызметкерлердің өкілдері қызметін жүзеге асыруға арналған талаптар 
туралы; 
 
       10) кәсіподақ қызметі үшін жағдай жасау туралы; 
 
      11) қызметкерлерді сақтандыру туралы;
 
      11-1) Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру 
туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылған, жүктілікке және босануға, жаңа туған 
баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін 
әлеуметтік төлем сомасын шегергендегі орташа жалақысын сақтай отырып, жүктілікке 
және босануға байланысты демалысқа, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған 
қызметкерлерге берілетін демалысқа ақы төлеу туралы;
 
       12) ұжымдық шарттың орындалуын бақылау және оған өзгерістер мен толықтырулар 
енгізу тәртібі туралы; 
 
       13) еңбек шарттарын ереуілді желеу етіп жұмыс берушінің бастамасы бойынша 
бұзуды болдырмау туралы; 
 
       14) қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өздері келтірген залал үшін 
жауаптылығы туралы; 
 
       15) тараптардың ұжымдық шартты орындауға жауаптылығы туралы; 
 
      16) ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары туралы;
 
      16-1) қызметкерлерді және олардың отбасыларын медициналық сақтандыру 
кепілдіктері туралы, қоршаған ортаны қорғау туралы;
 
      16-2) сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін қызметкердің 
қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда, оның пайдасына жұмыс берушінің қаражаты 
есебінен ерiктi зейнетақы жарналарын жүзеге асыру туралы;
 
       17) тараптар айқындаған басқа да мәселелер бойынша қызметкерлер мен жұмыс 
берушінің өзара міндеттемелері енгізілуі мүмкін. 
 
      3. Ұжымдық шарт еңбек заңнамасымен, бас, салалық, өңірлік келісімдермен 
салыстырғанда қызметкерлер жағдайын нашарлатпауға тиіс. Мұндай ережелер жарамсыз 
деп танылады және қолданылмауға тиіс.
 
      
Ескерту. 284-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 
04.02.2013 
№ 75-V
 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң 
қолданысқа енгізіледі), 21.06.2013 
N 106-V
 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін 
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 
      285-бап. Ұжымдық шарттың қолданылу мерзімдері мен аясы 
 
      1. Ұжымдық шарт тараптар айқындайтын мерзімге жасалады. 
 
       2. Ұжымдық шарт, егер оның ережелерінде өзгеше көзделмесе, қол қойылған 
кезден бастап күшіне енеді және тараптар оны орындауға міндетті. 
 
      3. Ұжымдық шарттың күші жұмыс берушіге және солардың атынан ұжымдық шарт 
жасалған ұйым қызметкерлеріне және жазбаша өтініш негізінде оған қосылған 
қызметкерлерге қолданылады.
 
      Қосылу тәртібі ұжымдық шартта айқындалады.
 


жүктеу 0,85 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау