16
•
b— берілген релеванттық емес құжаттар;
•
с — берілмеген релеванттық
құжаттар саны;
•
d— берілмеген релеванттық емес құжаттар саны.
Сапаны бағалау толықтық, дəлдік, шу, тұнба жəне ерекшелік
коэффициенттері негізінде жүргізіледі.
Толықтық коэффициенті релеванттық құжаттар ауқымындағы
берілген релеванттық құжаттар үлесін сипаттайды:
Дәлдік коэффициенті барлық берілген құжаттар ауқымындағы
берілген релеванттық құжаттар үлесін сипаттайды:
Шу коэффициенті берілген құжаттар ауқымындағы берілген
релеванттық
емес
құжаттар
үлесін
сипаттайды
:
Тұнба коэффициенті барлық релеванттық емес құжаттар
ауқымында берілген релеванттық емес құжаттар үлесін сипаттайды
:
Ерекшелік коэффициенті релеванттық емес құжаттар
ауқымында берілмеген релеванттық емес құжаттар дүлесін
сипаттайды:
А қ п а р а т т ы қ т а л д а у жүйедегі ақпараттық ағымдарды
жəне деректер ауқымын зерттеуді көздейді жəне деректерді беру,
өңдеу сақтау, көрсету жəне енгізу-шығару əдістері мен құралдарын
белгілеуге мүмкіндік береді.
Ақпараттық талдау үдерісінде қолданылатын көрсеткіштерге:
•
ақпараттың көлемі жəне
оны беру жылдамдығы;
•
берілетін
хабарламалардың сенміділігі;
•
ақпараттық
ағымдардың бағыты;
•
ақпараттың сапалық құрамы.
Жүйені ақпараттық талдауды орындау үшін ақпараттық жүйені
қосалқы жүйелерге бөліп, ақпараттық ағымдардың бағытын жəне
олардың сипаттамаларын айқындау қажет.
Ақпаратты байланыс арнасы бойынша беру функционалдық
17
тізбекті пайдалануды көздейді (1.6 сур.). Беру үдерісі сыртқы орта
тарапынан кедергілер болған кезде өтеді.
Ақпараттық талдауды жүргізген кезде беру үдерісінің бірнеше
ерекшеліктерін ескеру қажет. Жүйенің арналары бойынша айналып
жүретін ақпарат
кодтау рəсіміне тартылуы тиіс. Кодтауды
орындаған кезде əдетте үш негізгі міндет шешіледі:
1)
ақпаратты байланыс арнасы бойынша беру үшін жарамды
түрге өзгерту;
2)
ақпаратты оның құпиялылығын қамтамасыз ету үшін қодтау;
3)
деректерді кедергілер əсерінен бұрмаланудан қорғау үшін
кодтау.
Ақпарат адам қабылдауына жарамды болуы үшін, ол
қайта
кодтау рəсіміне тартылады, яғни деректердің
шифрын ашу
жүргізіледі. Егер беру үдерісінде бұрмалаулар орын тапса, онда
деректерді қалпына келтіру алгоритмі қолданылады.
Жүйедегі ақпараттық ағымдарды бағалау үшін ақпаратты
талдаудың түрлі əдістері қолданылады.
1.6. сурет. Деректерді беру схемасы
К.Шеннон бойынша әдіс энтропия ұғымын қолданады
. Энтропия
ақпаратты ақпарат көзінен қабылдағышқа берген кездегі белгісіздік
дəрежесін көрсетеді. Ақпарат ақпарат көзінен қабылдағышқа түскен
сайын қабылдауыштың энтропиясы азаяды. Ақпарат көлемін
бағалау үшін
бит элементарлық бірлігі пайдаланылады — білім
белгісіздігін (энтропияны) екі есе азайтатын ақпарат көлемі.
Тең ықтимал оқиғалар кезінде ақпарат көлемі мынадай формула
бойынша
өлшенеді
I =
log
2
N,
онда
N— тең ықтимал оқиғалар саны.
Егер оқиғалар түрлі ықтималдқпен туындайтын болса, əр
оқиғаның ықтималдығын қосындылау қажет:
18
∑
онда
p
i
— жеке оқиғаның туындай ықтималдығы.
Байланыс арнасы бойынша мəтіндік құжаттарды берген кезде
ақпараттық
ағымды
бағалау
үшін
алфавиттік
тəсілдеме
қолданылады. Ақпарат көлемі мынадай формула бойынша
есептеледі
I = Si,
онда
S— құжаттағы символдар саны;
i— символдың ақпараттық
салмағы.
Символдың ақпараттық салмағын анықтау үшін
құжат
алфавитінің қуаты ұғымы пайдаланылады. Бұл алфавиттегі
символдардың жалпы саны. Ақпараттық
салмақты мынадай формула
бойынша
есептейді
i = log
2
M,
онда
M — алфавиттің қуаты.
Байланыс арнасы деректерді беру үдерісіндегінегізгі буын болып
табылады. Оның жұмысының тиімділігін бағалау үшін мынадай
негізгі сипаттамалары пайдаланылады:
•
ӛткізу қабілеттілігі, яғни, уақыт бірлігі ішінде арна бойынша
берілетін деректер көлемі. Өлшем бірлігі — 1 бит/с;
•
жиілік диапазоны,яғни,байланыс арнасымен бұрмалаусыз
өткізілетін жиіліктер диапазоны. Өлшем бірлігі — 1 Гц;
•
динамикалық диапазон, деректерді беру арнасына əсер ететін
кедергілер шу болып табылатын, шудағы пайдалы сигналдың үлесін
бағалауға мүмкіндік береді. Өлшем бірлігі — 1 дБ.
Ақпарат көзі мен оның тұтынушысы (қабылдағыш) арасындағы
байланыс арнасы бойынша өзара іс-қимылы симплекстік, жартылай
дуплекстікжəне дуплекстік тарату жолымен өтуі мүмкін.
Деректерді
симплекстік тарату кезінде деректер тек ақпарат
көзінен қабылдағышқа ғана беріледі.
Жартылай дуплекстік тарату деректермен алмасу үдерісінде
ақпарат көзі мен қабылдағыш рөлдерін ауыстыратынын болжайды.
Дуплекстік тарату ақпараттық алмасу үдерісіне екі торап
қатысуын болжайды, деректер бір тораптан екіншіге рөлдері
ауыстырылмай, беріледі.
Автоматандырылған ақпараттық жүйе ақпараттық жүйенің бір түрі
болып табылады. Осындай жүйелерді құрудың негізгі мақсаты — түпкі
пайдаланушыларға олардың практикалық қызметі үшін қажетті
деректерге қолжетімдік беру. ААЖ құрамына мынадай негізгі