Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»



жүктеу 4,15 Mb.
Pdf просмотр
бет5/50
Дата15.11.2018
өлшемі4,15 Mb.
#20297
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50

13 
 
белгілерін  бөліп  шығаруға  мүмкіндік  беретін    индекстеу  рəсіміне 
тартылады.  Осындай  жүйелердің  пайдаланушылары  тиісті  құжатты 
табу үшін арнайы іздестіру тілінде іздестіру ұйғарымын құруы тиіс. 
Жаһандық  Интернет  желісінде  үлестірілген  ақпараттық 
жүйелерді  құжатты  жүйелердің  бір  түрі  деп  есептеуге  болады.   
Осындай 
жүйелердің 
негізі 
гипермəтіндік 
құжаттардың 
технологиясын пайдалану болып табылады. Мəтін əдетте жекелеген 
беттер  түрінде  сақталатын  үзінділерге  бөлінеді.  Беттер  мағыналық 
қағидат  бойынша  сайттарға  біріктіріледі.  Сайттардағы  беттер  бір-
бірімен  сілтемелер  арқылы  байланыстырылған.  Нəтижесінде  өзара 
байланыстардың сызықтық емес схемасы пайда болады.    
Гипермəіндік  ақпараттық  жүйелер  желіде  Wоrld  Widе  Wеb 
(WWW) ғаламтор  түрінде іске асырылған. WWW ақпараттық жүйесі 
қазіргі  уақытта  кеңейтілген  гипермедиялық  технологияны  іске 
асыруда.    Гипермедиялық  құжаттар  сілтемелер  арқылы  мəтіндік 
құжаттарға  да,  сондай-ақ  графикалық,  бейне-,  аудиодеректерге  де 
жүгінуге мүмкіндік береді.    
1.2. 
Автоматтандырылған 
ақпараттық 
жүйелерді     
талдау әдістері 
Жалпы  анализ  (талдау)  деген    ұғымы  жүйенің  басқа 
элементтерімен  жəне  қоршаған  ортамен  өзара  байланыста 
қарастырылатын  элементтердің  статикалық  жəне  динамикалық 
сипаттамаларын        кейіннен  белгілеп,  оның    декомпозициясына 
негізделген жүйені зерттеу үдерісі ретінде түсініледі.   
Жүйені  талдаудың мақсаттары: жүйені тиімді пайдалану жəне 
оны  ары  қарай  жетілдіру  немесе  ауыстыру  бойынша  шешім 
қабылдау  үшін  оны  егжей-тегжей  зерделеу;  ең  жақсы  нұсқасын 
таңдау үшін жаңа құрылатын басқару жүйесінің балама нұсқаларын 
зерттеу. 
Басқару жүйесін  талдау міндеттеріне: 
• 
анализ объектісін айқындау
• 
жүйені құрылымдау; 
• 
оның функционалдық ерекшеліктерін белгілеу
• 
ақпараттық сипаттамаларын зерттеу
• 
жүйенің сандық жəне сапалық көрсеткшітерін анықтау
• 
жүйенің тиміділігін бағалау
• 
анализ нəтижелерін талдап қорыту жəне рəсімдеу кіреді. 
Талданатын  ақпараттық  жүйе  пəн  саласындағы  объект  болуы 
үшін: талданатын басқару жүйесін қоршаған ортадан бөліп шығару; 
осы  жүйенің  мақсаттары  мен  міндеттерін  айқындау;  жүйенің 
қосалқы 
жүйелерін 
бөліп 
шығарып, 
оның 
бастапқы 


14 
 
декомпозициясын жүргізу қажет.   
Зерттеуші  екі  талдау  бағытының  біреуін  жүзеге  асыра  алады:   
жүйені  ықтимал  жаңғырту    жолдарының  қажеттілігін  бағалау  үшін 
жүйенің  жай-күйін  анықтау;  оңтайлы  нұсқасын  таңдау  үшін  жаңа 
құрылған жүйенің нұсқаларын зерттеу. 
Жүйені  талдау  үдерісі  мынадай  əрекеттермен  толықтырылуы 
мүмкін: 
• 
қосалқы  жүйелерді  жəне  жүйенің  жұмыс  істеу  үдерісіне  оң 
немесе  теріс  əсер ететін  қоршаған  орта жағынан  кедергілерді бөліп 
шығару; 
• 
жүйенің  жұмысын  бағалаудың  негізгі  жəне  екінші  дəрежедегі 
критерийлерін белгілеу; 
• 
жүйе  жұмысының  кейбір  жалпы  алгоритмдерін  белгілеу 
талпыныстары. 
Саладағы ААЖ құрылымын əзірлеген кезде: 
• 
жүйе  тораптары  жиынын  жəне  олардың  арасындағы 
байланыстарды анықтау; 
• 
автоматтандырылған 
жүйенің 
техникалық 
құралдары 
көмегімен орындалатын міндеттерді сыныптау
• 
міндеттерді қосалқы жүйелер бойынша үлестіру; 
• 
жүйенің 
тиімді 
жұмыс 
істеуін 
қамтамасыз 
ететін 
бағдарламалық жəне аппараттық құралдарды таңдау  қажет. 
ААЖ  құрған  кезде  технологиялық  үдерістерді  басқару  үдерісін 
қолдау үшін: 
• 
технологиялық  үдерістерді  өндірістік  қосалқы  жүйелер 
бойынша үлестіру схемасын əзірлеу; 
• 
басқару  функцияларын  белгілеу  жəне  өндірістік  қосалқы 
жүйелер бойынша сыныптау
• 
жүйенің  функцияларын  іске  асыру  үшін  алгоритмді  əзірлеу 
немесе таңдап алу   қажет. 
Ұйымдық  жүйенің  құрылымы  адамдар  немесе  ұйымдық  жүйені 
құратын  құрылымдық  бөлімшелері  арасында  жүйе  алдында 
қойылған  мақсаттарға  жетуге  бағытталған  міндеттерді  жəне 
өкілеттктерді үлестіру нысаны ретінде түсініледі.      
Жүйе  құрылымының  негізгі  сипаттамаларын  екі  топқа  бөлуге 
болады.  Бірінші  топқа  жүйелердің  иерархиялығымен  байланысты 
сипаттамалар  кіреді:    қарастырылатын  жүйенің  қосалқы  жүйелері 
саны,  деңгейлер  (қосалқы  жүйелер)  арасындағы  өзара  байланыстар 
сипаты,  басқарудағы  орталықтандыру  жəне  орталықсыздандыру 
дəрежесі.  Екінші  топқа  жүйе    немесе  өзге  құрылым    жұмысының  
тиімділігі жатады. Бұл ретте тиімділік –бұл жүйенің жұмыс істеуіне 
жұмсалатын  шығындар,  оның  сенімділігі,  сыртқы  кедергілерге 
төзімділігі.  Ақпараттық  жүйелер  жұмысының  тиімділігінің 


15 
 
сипаттамалары  байланыс  арналарының  тезəрекеттігі  жəне  өткізу 
қабілеттігі болып табылады.   
Ақпараттық  жүйелердің  негізгі  мақсаты  түпкі  пайдаланушыға 
ақпаратты  беруде  тұрады.  Ақпараттық-іздестіру  жүйелерінде  бұл 
мақсатта  арнайы  сұрау  салу  тілі  қолданылады.  Сондықтан  осындай 
жүйелердің жұмысын талдаған кезде екі талдау түрі ерекше мəнге ие 
болады: функционалдық жəне ақпараттық. 
Ф у н к ц и о н а л д ы қ   т а л д а у       оның  жұмысының  тиімділігін 
бағалауға  мүмкіндік  береді.  Бұл  ретте  мынадай  көрсеткіштер  негізгі 
маңызға ие болады: 
• 
жүйеге  түпкі  пайдаланушыға  ақпараттық  ресурсты  беру  үшін 
қажетті уақыт; 
• 
алынған нəтижелердің пайдаланушының сұрау салуына сəйкестігі 
дəрежесі; 
• 
оларды  пайдалану  пайдаланушының  сұрай  салуын  өңдеу  үшін 
қажетті есептеуіш ресурстар; 
• 
өткізу  қабілеттілігі,  яғни  жүйе  уақыт  шамасы  ішінде  өңдейтін 
құжаттар жəне ақпараттық сұрау салулар саны. 
Жүйенің  ӛнімділігі  пайдаланушылар  санын  жəне  олар  тарапынан 
жүйеге жүгіну жиілігін сипаттайды. 
Сенімділік  —  бұл  жүйенің  берілген  жағдайларда  талап  етілетін 
уақыт ішінде өз функцияларын орындау ықтималдығы. 
Сондай-ақ,  жүйе  қызмет  көрсететін  ақпараттық  сұрай  салулардың 
типтерін есепке алу қажет. 
Алынған  ақпараттың  сапасын  бағалау  əдістемелерінің  бірі    [1] 
пайдаланушыға  құжаттарды  беру  үдерісін  сипаттайтын  жалпыланған 
көрсеткіштер  жинағына  негізделген.  Осындай  тəсілдеме  кезінде 
мынадай құжаттар ауқымы белгіленеді   (1.1 кесте): 
• 
A— берілген релеванттық құжаттар ауқымы
• 
В — берілген релеванттық емес құжаттар ауқымы; 
• 
С — берілмеген релеванттық құжаттар ауқымы; 
• 
D— берілмеген релеванттық емес құжаттар ауқымы. 
 
 
Құжаттар ауқымы 
Құжаттар типі
 
Берілген
 
Берілмеген
 
Релеванттық
 
А
 
С
 
Релеваттық емес
 
В
 
D
 
Келтірілген құжаттар сыныптамасына сүйене 
отырып,  ақпараттық-іздестіру  жүйесінің  жұмысы  сапасының 
мынадай көрсеткіштері енгізіледі: 
• 
а — берілген релеванттық құжаттар саны; 
  1 . 1   к е с т е  


жүктеу 4,15 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау