19
компоненттер кіреді (1.7 сур.): персонал, пайдаланушылар, интерфейс,
деректер ауқымы (деректер жəне метадеректер қоры), процессор.
Персоналдың міндеті жүйеге қызмет көрсету.
Пайдаланушы жүйені өз ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру
үшін пайдаланады.
Интерфейс — бұл пайдаланушының жүйемен өзара əрекеттесу
қағидалары мен əдістері жиынтығы. Жалпы түрінде интерфейс
деректерді енгізу жəне жұмыс нəтижелерін пайдаланушыларға беру
қағидаларын белгілейді. Қазіргі ақпараттық жүйелердің көбінде
графикалық терезелік интерфейс тұжырымдамасы қолданылады.
Деректер ауқымы — жүйенің ақпараттық деректер қоры немесе
білім қоры. Деректер қоймасы құрамында деректер қоры жəне
метадеректер қоры белгіленеді. Деректер қорында жүйенің пəн
саласынан мəліметтер, ал метадеректер қорында — деректер туралы
мəліметтер сақталады. Метадеректерді деректер қорының элетрондық
каталогы ретінде қарастыруға болады.
1.7.
сурет.
Үлгілі
ақпараттық
жүйенің
құрылымы:
ДҚ — деректер қоры; МДҚ — метадеректер қоры
Процессор — жүйенің атқарушы бөлігі, есептеуіш ресурстар.
Жүйенің процессоры құрамына мынадай құрамдас бөліктер кіреді:
бір немесе бірнеше процессор, жүйенің жұмыс нəтижелерін
уақытша сақтауға арналған оперативтік жад жəне деректерді өңдеу
үшін қажетті бағдарламалық қамсыздандыру.
Бағдарламалық қамсыздандыру операциялық жүйені жəне
деректермен жұмыс істеуге арналған қолданбалы бағдарламаларды
қамтиды.
Қазіргі
ақпараттық
жүйелерде
бағдарламалық
қамсыздандыру ретінде ДҚБЖ пайдаланылады.
Деректер қорын басқару жүйесі деректерді өңдеу жөніндегі
негізгі операцияларды іске асырады: сақтау, редакциялау, қосуғ
жою, іздестіру, салып жіберу. Осы операциялар ДҚБЖ ядросымен
іске асырылады, пайдаланушылар оған қолжетімдікті бағдарламалық
код немесе интерфейстік қабықшасы арқылы алады.
20
ААЖ практикалық іске асыру ДҚБЖ-нің екі негізгі
архитектурасы негізінде құрылуы мүмкін: жергілікті жəне клиент-
серверлік. Жергілікті архитектура жүйенің деректеер қорын жəне
ДҚБЖ бір ЭЕМ-де орналастыруын көздейді. Тұтынушы-серверлік
архитектура жағдайында есептеуіш желі пайдаланылады. Желіде
екі торап белгіленеді. Тұтынушылық торапта деректерді ұсыну
компоненті орналастырылады, ал серверлік торапта — деректерді
өңдеу компоненті, деректерге жəне деректер қорына қол жеткізу
компоненті. Деректерді өңдеу компоненті қолданбалы болып
табылады
жəне
деректермен
жүйенің
пайдаланушысына
нəтижелерді беру үшін қажетті əрекеттерді орындайды.
Қазіргі уақытта үш буынды жүйелер кең таралған. Осындай
жүйелер қосымшалар серверлерінің схемасы бойынша құрылады.
Қосымшалар сервері қолданбалы компоненттер жинағын қамтиды.
Деректер қорымен операция түріне байланысты тиісті қолданбалы
компонент таңдалады.
Тұтынушы–серверлік жүйелерде деректер қоры жекелеген
деректер серверлері бойынша үлестірілуі мүмкін. Реляциялық
деректер қоры пайдаланылған жағдайда екі үлестіру түрі туралы
айтып өту қажет: тік жəне көлденең. Тік үлестіру кезінде жекелеген
серверлерде кестелердің бағандары орналасқан, ал кӛлденең
үлестіру кезінде – кестелер жолдар бойынша фрагменттеледі.
ААЖ жұмыс істеуі үшін белгілі бір қамсыздандыру түрінің
болуы қажет. Мынадай қамсыздандыру түрлері белгіленеді:
•
техникалық — ақпараттық жүйенің жұмыс істеуі үшін қажетті
аппараттық құралдар;
•
математикалық — математикалық модельдер мен əдістердің
құрамы жəне қолдану саласы, жүйеде пайдаланылатын үлгілі жəне
əзірленетін алгоритмдер;
•
бағдарламалық — жүйенің жұмыс істеуі үшін қажетті
операциялық жүйе(жүйелер) жəне қолданбалы бағдарламалар
пакеттері;
•
ұйымдық — қызмет көрсетуші персоналдың лауазымдық
міндеттерін белгілейтін нұсқаулықтар жəне пайдаланушы мен
жүйенің өзара іс-қимыл қағидалары;
•
лингвистикалық — бағдарламалау тілі, пайдаланушы мен
жүйенің өзара іс-қимыл тілі, кодтау жүйелері, деректерді енгізу-
шығару тілдері;
•
әдістемелік — нормативтік-техникалық құжаттама құрамы;
•
ақпараттық — жүйеде тұрған жəне оған сақтау үшін түсетін
деректер;
•
метрологиялық — ақпарат көлемдерін өлшеу жəне ақпараттық
байланыс арналарын жүктеу қағидаттары;
21
•
құқықтық — осы жүйенің жұмысының заңдылығын
қамтамасыз ететін норматвитік құжаттар.
1.3.
Автоматтандырылған
ақпараттық
басқару
жүйелерінің синтезі әдістері
Ақпараттық жүйелердің синтезінің жалпы әдістемесі. Онда
берілген ақпараттық жүйе зерттелетін анализбен салыстырғанда
синтез үдерісінде оның оңтайлы қасиеттерін жəне тиісті
көрсеткіштерін анықтау жолымен жаңа жүйені құру қажет. Бұл ретте
синтездікң екі негізгі міндеті туралы айтуға болады: ғылым мен
техниканың соңғы жетістіктері негізінде жаңа жүйені құру;
пайдалану үдерісінде алынған нəтижелер негізінде қолданыстағы
жүйені жетілдіру
Ақпараттық жүйенің синтезінің міндеті оның жұмыс істеу
тиімділігі көрсеткіштерінің мағыналарына қойылатын талаптарға
сүйене отырып оның құрылымын əзірлеуде жəне өлшемдерін
айқындауда тұрады.
Синтездің басты элементі жүйенің құрылымдық синтезі болып
табылады, ол элементтердің жəне олар арасындағы байланыстардың
оңтайлы құрамын белгілеуге мүмкіндік береді.
Ақпараттық жүйелерде ақпаратты беру жəне өңдеу жүйесінің
синтезі маңызды кезең болып табылады. Бұл ретте синтездің
мынадай түрлерін белгілеуге болады: деректерді беру жəне өңдеу
қосалқы жүйесі құрылымының синтезі; деректерді сақтау қосалқы
жүйесі құрылымының синтезі.
Басқару жүйелерінің теориясында синтез — мынадай негізгі
мінддеттерді бірізді шешуді қамтитын көпқадамды қайталама
үдеріс:
•
жүйені құру ойы мен мақсатын қалыптастыру;
•
жаңа жүйе бейнесінің нұсқаларын қалыптастыру;
•
жүйе бейнесі нұсқасының сипаттамасын өзара сəйкестендіру;
•
нұсқалардың тиімділігін бағалау жəне жаңа жүйенің бейнесін
таңдау туралы шешім қабылдау;
•
басқару жүйесіне талаптарды əзірлеу;
•
басқару жүйесіне қойылатын талаптарды іске асыру
бағдарламаларын əзірлеу;
•
басқару жүйесіне қойылатын əзірленген талаптарды іске асыру.
Жаңа жүйені құру жаңа жүйенің түптұлғалары нұсқаларын ойлап
табуды жəне əзірлеуді талап етеді. Ой алынған жобалық тапсырма,
қолданыстағы жүйенің кемшіліктерін айқындау, практикалық
Достарыңызбен бөлісу: |