Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



жүктеу 4,34 Mb.
Pdf просмотр
бет37/83
Дата14.11.2018
өлшемі4,34 Mb.
#19923
түріБағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   83

88
келген тапсырмасында Сіз олардың көмегімен этикалық нормаларға сәйкестікті қарастыратын 
және бұл үдерістің осы нормаларға сәйкес жүзеге асырылуы үшін шара қабылдайтын әдістерді 
нақты  анықтап  алуыңыз  керек.  Сіз  ережеге  сәйкестігіңізді  және  өзіңіз  ұстанатын  нормалар 
қажет екендігін анықтау керек. Кез келген жазбаша ұсыныстарда не жасағандығыңыз туралы 
түсінік беріп қана қоймай, қолданған құралдардың үлгілерін де қосуға тиіссіз, мысалы: ата-
анаға  баласының сіздің жобаңызға қатысуына рұқсат беруін сұрап жазған хатыңыз. 
Плагиат
Плагиат  басқа  біреудің  жұмысының  мақсаты  мен  қолданыс  көлеміне  қарамастан, 
дереккөзге  сілтеме  жасамай,  өз  жұмысы  ретінде  ұсыну  дегенді  білдіреді.  Бұл  білімсіздікті 
және академиялық адалдық нормалары бұзылғанын көрсетеді. 
Плагиат үлгілері:
•  көшіріп алу (басқа адамның тілін немесе идеясын өз меншігі ретінде қолдану арқылы);
•  дереккөздерге сілтеме жасамай, басқа адамның жұмысынан сөзбе-сөз үзінді алу; 
•  дереккөздерге сілтеме жасамай, басқа адамның жұмысының жекелеген сөздерін неме-
се сөздердің орналасу тәртібін өзгерту арқылы басқаша тілмен жазу
•  түпнұсқаға сілтеме жасамай, басқа құжаттан алынған идеяларды қолдану; 
•  онлайн  дереккөздерді  стильдеу  мақсатында  Интернеттен  ақпараттарды  көшірмелеп 
алу;
•  авторын  көрсетпей,  өз  жұмысының  бөлігі  ретінде  басқа  біреудің  жұмысын  ұсыну. 
Мысалы,  «эссе  банкі» немесе  «қағаз  фабрикасы»  сияқты  кәсіби агенттіктер  арқылы 
жұмысты  сатып  алу  немесе  тапсырыс  беру  не  бірлескен  жобада  зерттеуге  қатысқан 
басқа біреулерді көрсетпеу.
Бірлескен жобаны қоспағанда, басқа тұлғамен келісімде жасалған жұмыс плагиат болып 
танылады (яғни, бірлесіп істеу жасырылған немесе оған тыйым салынған). Кандидат, мыса-
лы, тіл стилінде және жазбаша жұмыс бөлімінде көмекті қайдан алғандығы жөнінде жалпы 
сілтемеде көрсетуге тиіс. 
Плагиат барлық дереккөз түрлері мен бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты туында-
уы  мүмкін:  мәтінде,  суретте,  музыкалық  үзінділерде,  математикалық  туындыда,  компьютер 
ережелерінде және т.б.; веб-сайттардан алынған материалдарда немесе қолжазбаларда және 
басқа бұқаралық ақпарат құралдарында; дәріс және басқа оқушы жұмыстарының үлестіру ма-
териалдарын қоса алғанда, жарияланған және жарияланбаған материалдар. 
Жоғарыда  жазылғанның  негізінде  Сіздің  зерттеулеріңізде  қолданатын  сілтемелерден, 
құжаттардан, мәтіннен және журналдардан, сондай-ақ веб-сайттардан үзінді келтірудің барлық 
нормаларын сақтау, сонымен қатар тапсырманы орындау кезінде сізге ауызша немесе жазбаша 
түрде көрсетілген көмекті атап көрсету маңызды. Басқа біреудің жұмысынан алынған көлемді 
тура үзінділерден аулақ болыңыз. 


89
БАҒДАРЛАМАНЫ ИГЕРУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША 
МҰҒАЛІМДЕРДІ БАҒАЛАУ
1. Кіріспе
Бағдарламаның түйінді идеялары мен мазмұны қазақстандық мұғалімдердің тиісті сапалық 
деңгейге  қол  жеткізуіне  бағытталған.  Ол  сапалық  деңгей  Мұғалім  өзін  кәсіби  тұрғыдан  ой 
толғауға қабілетті, өзінің оқыту және оқу тәжірибесін өзгертуге, сондай-ақ Бағдарламаның иде-
яларын іске асыруға, талдауға және бағалауға дайын маман ретінде таныту үшін қажет. Бірінші 
«Бетпе-бет» кезеңінің өн бойында мұғалімдер Бағдарламаның өзара байланысты жеті модулінің 
идеяларымен танысады. Олар бұл жеті модульді тізбектелген сабақтар топтамасының жоспа-
рына қосу арқылы өзінің тәжірибелік қызметі тұрғысынан жеті модульдің тұжырымдамалық 
идеяларын түсінетіндігін көрсетулері керек. «Мектептегі тәжірибе» кезеңінің төрт аптасында 
мұғалімдер бірінші «Бетпе-бет» кезеңінде жоспарлаған сабақтарын өткізіп, бағалайды. Одан 
кейінгі төрт аптада – екінші «Бетпе-бет» кезеңінде мұғалімдер тізбектелген сабақтар топтама-
сын өткізу және «Мектептегі тәжірибе» кезеңінде орындауға арналған тапсырмаларды орын-
дау нәтижесінде не үйренгені туралы ой толғап, талқылап, оқыған-тоқығаны туралы жазбалар 
жүргізеді. Олар сабақ өткізгенін, бағалау жүргізгенін көрсететін портфолио қалыптастырады. 
Мұғалімнің  Бағдарламаны  табысты  игерудің  төмендегі  үш  критерийіне  сәйкестік  деңгейін 
анықтауда портфолионы бағалау айрықша мәнге ие болады:
•  Бағдарламаның түйінді идеяларын білу және түсіну;
•  Өзінің оқыту және оқу тәжірибесінде Бағдарламаның түйінді идеяларын қолдану;
•  Оқыту  мен  оқудағы  жаңа  тәсілдерді  енгізу  туралы  ойлану  және  одан  әрі  дамытуға 
арналған тәсілдер мен идеяларды белгілеу.
Мұғалімнің белгіленген өлшемдерге сәйкестік дәрежесін анықтау, ең алдымен, портфолио 
материалдарының  негізінде  жүзеге  асырылатын  болады.  Оның  үстіне,  мұғалімдерге  екінші 
«Бетпе-бет»  кезеңінде  дайындалған  таныстырылым  бойынша  да  аталған  критерийлерге 
сәйкес келетіндігін көрсету қажет. Бұл таныстырылым портфолио қалыптастыру жұмысының 
нәтижесі болмақ.
Қорытынды бағалау екі рәсімнен тұрады:
• Мұғалімдердің портфолиосын бағалау;
• Портфолио мазмұны бойынша жасалған таныстырылымды бағалау.
Портфолио  мен  портфолио  мазмұны  бойынша  жасалған  таныстырылымды  бағалау 
рәсіміндегі ең маңыздысы мұғалімнің өзінің оқыту және оқу тәжірибесінде Бағдарламаның 
идеяларын  пайдалана  білу  қабілетін  анықтау  болып  табылады.  Себебі  бұл  көрсеткіштер 
олардың оқыту және оқу тәжірибесі өзгергендігін көрсетеді, Бағдарламаның басты мақсаты 
осы.
2. Портфолионы бағалау
Портфолио
Портфолиоға қойылатын минималды талаптар төменде жазылған. Дегенмен бағаланатын 
деректер тұрғысынан, болмаса өздерінің терең білімі мен кәсіби дамуын дәлелдейтін құжат 
ретінде  мұғалімдер  портфолио  мазмұнына  қосымша  материалдар  қоса  алады.  Мұғалімдер 
ұсынған қосымша материалдар әріптестерімен және топ тренерлерімен пікірталас жүргізуге 
көмектеседі.  Екінші  «Бетпе-бет»  кезеңінде  мұғалімдер  бағалауға  дайындау  үшін  өз 
портфолиосының  жекелеген  деректерін  іріктеп,  пысықтайды.  Тренерлер  портфолионың 
мазмұны,  құрылымы  бойынша,  сондай-ақ  портфолионы  қорытынды  бағалауға  арналған 
деректерді әзірлеуде өз тобының мұғалімдеріне кеңес беріп, қолдау көрсете отырып, ұстаздарға 
барынша көмек беретін болады. 


жүктеу 4,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау