Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



жүктеу 4,34 Mb.
Pdf просмотр
бет34/83
Дата14.11.2018
өлшемі4,34 Mb.
#19923
түріБағдарламасы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   83

81
САБАҚ
Сабақ  жарнамалық  роликті  түсіндіру  және  жарнамалаушылардың  адамдарды  өз 
өнімдерін сатып алуға қалай көндіретіндері туралы түсінік беруден басталды; бұл сондай-
ақ PowerPoint таныстырылымы мен түрлі жарнамалардың сандық бейнеклиптерін көрсету 
түрінде ұсынылды. Біз аяқтағаннан кейін сыныпты 3–4 оқушыдан тұратын топтарға бөлдік. 
Әр топқа зерттеу үшін түрлі элемент берілді және олар кітаптар мен Интернетті пайдалана 
отырып, оның негізгі сипаттамалары туралы ақпарат жинады. Осыдан кейін, топтардан өз 
элементі туралы жарнаманы қалай ұсынатыны туралы ойлау сұралды. Оқушыларға көмек 
ретінде,  әр  топқа  оқушылар  қосуға  тиіс  ақпарат  туралы  нұсқаулығы  бар  жұмыс  парағы 
берілді. Бірінші сабақ оқушылар өздерінің болашақ жарнамаларының жоба жазбаларын тол-
тырумен және өздеріне қажет болатын қосымша материалдар (мысалы, қосымша слайдтар 
және т.б.) табумен аяқталды. Оқушыларға, сыныптан шыққанға дейін, үзіліске және түскі 
асқа берілген уақытты жарнама түсіру үшін пайдалану ұсынылды. Келесі сабақта видеоны 
жасап, редакциялауға және оны көрсету үшін Microsoft Movie Maker пайдалануға шамамен 
30 минут бөлінді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ
Koehler, M. J., Mishra, P., & Yahya, K., (2007). Tracing the development of teacher knowledge in a de-
sign seminar: Integrating content, pedagogy and technology. [Жобалық семинарда мұғалімнің 
білімін дамытуды қадағалау: Біріктіретін мазмұн, педагогика мен технология]. Computers 
& Education, 49(3), 740–762.
Mishra, P., & Koehler, M. J., (2006). Technological pedagogical content knowledge: A framework 
for teacher knowledge. [Технологиялық, педагогикалық мазмұндық білім: мұғалімнің білімі 
үшін құрылым]. Teachers College Record, 108(6), 1017–1054.
Shulman, L. S., (1986). Those who understand: Knowledge growth in teaching. [Түсінетіндер үшін: 
оқытудағы білімнің өсуі]. Educational Researcher, 15(2), 4–14.


82
ОҚЫТУДЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ КӨШБАСШЫЛЫҚ
Аталған тақырып мұғалімдердің пайдаға асырылмаған зор әлеуеті бар, оны олардың кәсіби 
өсуіне, бірлескен кәсіби білім құруына көмектесетін қолдау көрсетілген жағдайда ғана көруге 
болады деген сенімге негізделеді.
Бұл  көзқарасты  HertsCam  Network  (ХертсКэм  Нетворк)  желісі  және  «Мұғалім 
көшбасшылығы» халықаралық жобасы қолдап отыр. Ол педагогикалық жүйе сәтті болу үшін, 
оқыту барлық деңгейде қатар жүру керек, яғни оқыту оқушыларды, студенттерді, мұғалімдерді 
және де мектеп жүйесінде жұмыс істейтін қосымша қызметкерлерді түгел қамту керек деген 
көзқарасқа негізделген (MacBeath et al., 2006).
Терең кәсіби біліктілік
Педагогикалық  дамуды  қамтамасыз  ету  үшін  кәсібилікті  түсінудің  нақты  тәсілі  талап 
етіледі (Hoyle, 1974). Бізге таза жеке тұлғаға немесе сыныпқа бағытталған тәсілден босауы-
мыз керек. Себебі бұл кезде белгілі бір бекітілген стандартқа сәйкес әрекет етеміз. Оның ор-
нына мұғалім оқу қоғамдастығының бір бөлігі болып табылатын, кәсібилікке бағытталған 
«ұжымдық» және кешенді тәсіл қажет (Bolam, McMahon, Stoll et al., 2005). Бұл тәсілдің аясын-
да көшбасшы-мұғалім ұсынған зерттеулер мен инновацияларға негізделе отырып, мұғалімнің 
тәжірибесі жетілдіріледі (Frost and Durrant, 2003). Мұндай тәсілде кәсіби біліктілік пен білім 
жай қабылданбайды, мұғалімдер оны өз қолымен жасайды. Адамгершілік мақсатты көздейтін 
мұғалімдер  өздерінің  әріптестері  мен  айналасындағыларға  әсер  ету  үшін,  көшбасшылық 
қасиеттерін көрсетеді. Олардың көңілінде үнемі талапқа сай оқыту тұрады (Frost, 2011).
Оқу  сияқты  көшбасшылық  та  адамның  тұрақты  дамуға  жетелейтін  негізгі  қабілеті  бо-
лып табылады. Өзгеріс енгізу үдерісі өз даму жолында қолайсыздық пен келіспеушілік туды-
руы ықтимал. Мұндай кезде өзгеріс үдерісін басқару оңай емес. Мұғалім ретінде, біз кейде 
өзіміздің әрекет ету мүмкіндігіміз бен күш-қайратымызды жоғалтып жатқанымызды сеземіз. 
Бірақ, тәжірибе көрсеткендей, жоғары лауазымы жоқ жақсы мұғалімдер кәсіби шеберліктері 
мен адамгершілік сенімдерін қолданып, адамдарға әсер ете алады. Біз өзіміздің тактикалық 
дағдыларымызды жетілдіріп, стратегиялық тұрғыдан ойлауды үйрене аламыз.
Мұғалім жүргізетін дамыту жұмысы (МЖДЖ)
Мұғалімнің көшбасшылығын дамытуға әсер етудің ерекше түрі жауапты қызметі бар 
немесе жоқ мұғалімдер:
•  іс-тәжірибені жетілдіру жұмыстарын өз қолына алуға;
•  өзгеріс енгізу үшін әріптестерімен стратегиялық шешімдер қабылдауға;
•  бірігіп жұмыс істеуде фактілерді жинауға және қолдануға;
•  кәсіби білімді құруға және таратуға атсалысуға жауапты деп анықталуы мүмкін.
Дамыту жұмыстарын зерттеумен шатастыруға болмайды. МЖДЖ бағдарламасы «мұғалім 
– зерттеуші» түсінігіне емес, «мұғалім – оқыту мен оқу тәжірибесін жетілдіру жұмысының 
көшбасшысы»  түсінігіне  негізделе  құрылған.  Біз  «академиялық  империализм»  деп  ата-
латын мақсаттан – мектептерде оқыту мен оқуды жақсарту мақсатынан алшақтамауымызды 
қадағалап  отыруымыз  керек  (Elliot,  1991).  Мұғалім  жүргізетін  дамыту  жұмысы  белгілі  бір 
құбылыстардың  пайда  болу  себептерін  анықтау  немесе  тәжірибені  талқылаудан  тұрмайды. 
Шын мәнісінде ол мұғалім, ата-ана, оқушылар, жалпы мектеп өз тәжірибелерін жетілдіру үшін 
қатысатын үдерісті басқару мен басшылық етуден тұрады.
Мұғалім  жүргізетін  дамыту  жұмысы  басқаларды  серіктестікке  тартып,  рефлексия  мен 
өзін-өзі бағалауға қатыстыратын тапсырмаларды қамтиды. Мұндай іс-шаралар жиі өткізіліп 


83
тұрады, мысалы: әріптестер арасындағы пікірталастар, желіде орналастырылған есептерді оқу, 
оқушылардың өздерінің іс-тәжірибелері туралы пікірлерін жинау, әріптестерімен іс-тәжірибе 
алмасу мақсатында басқа сыныптардың сабақтарына қатысу. Дәл осы жағдайда зерттеу үдерісті 
аяқтау тәсілі емес, диалог құру мақсатындағы ізденістің негізгі стратегиясы болып табылады.
Бұл  үдерістер  ауқымы  мен  көлемі  бойынша  азғантай  ғана  болуы  мүмкін,  бірақ  олар 
педагогикалық пікірталас қалыпты жағдай деп саналатын ортада мәдениеттің қалыптасуы мен 
жаңаруына үлес қоса алады.
Мұғалiмдер дамыту жұмыстарын жүргізу барысында біртіндеп жүзеге асырылатын реф-
лексия, жоспарлау, кеңес беру тәсілдері арқылы қолдау таба алады. Алғашқы қадам – әрбір 
ұстаз үшін маңызды шешімдерді талап ететін құндылықтар мен мәселелерді анықтау. Келесі 
қадам – өзгеріс енгізуге қатысты әріптестерінің кеңестері. Осы әрекет басымдықтарын ұғыну 
мен келiсу бойынша атқарылған жұмыстардан соң мектептегі мәжiлiсте қаралып, мақұлдануы 
мүмкін. Мақұлданған соң мұғалім өзінің мәселесі бойынша нақты жоспар құра бастайды. Бұл 
жоспар жүзеге асатындай және оның құрамына кіретін әрбір әлеуетті қатысушы оны талқылай 
алатындай болу керек. Егер бұл келісу мен кеңесу үдерісі тиімді өтсе, онда дамыту жұмысы 
да жоспар бойынша жүзеге асырылады. Дегенмен мұндай жұмыс тәжірибелі мұғалімдер тара-
пынан ұйымдастырылып, қолдау көрсетілгені маңызды. Бізге олардың мектеп құрылымы мен 
дамыту басымдықтары туралы пікірі қажет, себебі олардың кеңесі мен жетекшілігі өте құнды.
Бұл үдеріс жалпы түрде төмендегідей кезеңдерде айқындалады.
1-кезең. Құндылықтарды анықтау.
2-кезең. Кәсіби міндеттерді анықтау.
3-кезең. Дамыту бағдарламасын құруға арналған келісім мен кеңестер.
4-кезең. Атқарылатын жұмыстардың жоспарын құру.
5-кезең. Атқарылатын жұмыстардың жоспарын құруға арналған келісім мен кеңестер.
6-кезең. Зерттеуге негiзделген дамыту жұмысындағы көшбасшылық.
7-кезең. Кәсiби бiлiмнiң дамуына ықпал ететін қоғамдастықтағы жұмыс.
Дамытудағы  көшбасшылық  мектепте  жаңа  білімді  қалыптастырады,  дегенмен  мектеп-
тен тыс жерде алынған жаңа білімдерді беру де мұғалімнің өз мектебіне орасан зор пайдасын 
тигізеді.
Тәжірибенің өзгеруі және білімнің жинақталуы
Мұғалiм жүргізетін дамыту жұмысының әсері жоба аяқталған соң емес, оның барысында 
сезiлуі керек. Сапалы даму жұмысына жаңа әдіс-тәсілдерді сынап көру, эвалюация, рефлексия 
және тексеру жатады. Олардың барлығының өзгертушілік әсерi болады. Нәтижелері әрдайым 
тәжірибелік  бағытта  болады,  оқытудың  үздік  тәсілі  және  оқудың  үздік  тәсілі  бола  отырып, 
оқыту мен оқу тәжірибесін жетілдіреді немесе оны өзгертеді. Сонымен қатар ол кәсіби білімнің 
молаюына ықпал ете алады. Осылайша олар осы Мұғалімге арналған нұсқаулықта айтылатын 
оқытудың көп деңгейлі моделінен көрінетін ішкі, сондай-ақ сыртқы өсудің айғақтары болып 
табылады. 
Көптеген мұғалімдер өз тәжірибесін жетілдіру жұмысы жақсы бастама деп санайды, егер 
жоба басынан нәтижелі болып, әріптестерін қызықтыра алса, онда бұл өзгерістер мектепте 
кеңінен қолдау тауып, мектептен өзінің лайықты орнын алуы мүмкін. Басқаша айтқанда, мек-
теп басқаша жұмыс істеуге үйренеді. Сол себепті әріптестерді қызықтырып, оларды бірлесе 
жұмыс істеуге шақыру қажет.
Білім  жинақтаудың  сыртқы  ауқымы  оқыту  мен  оқу  туралы  идеяларды  жай  ғана  тарату 
емес, сонымен бірге ол осы идеяларды өңдеу және оларды ары қарай дамыту болып табыла-
ды. Дәл осы жерде қоғамдастық маңызды рөл атқарады. Осы бағытта қоғамдастық арқылы 
біз идеяларымызбен бөлісіп, оны ары қарай дамыта аламыз. Сонымен бірге біз жаңа идея-
ларды  тауып,  олармен  жұмыс  істей  аламыз.  Бұл  білімді  және  сыни  тұрғыдағы  жұмысты 


жүктеу 4,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау