Жарқайың ауданының білім бөлімі жанындағы Гастелло ауылдық округіндегі «Балдаурен» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық



жүктеу 157,5 Kb.
Дата21.11.2018
өлшемі157,5 Kb.
#23198


Иииии

Жарқайың ауданының білім бөлімі



жанындағы Гастелло ауылдық

округіндегі «Балдаурен»

балабақшасы» мемлекеттік

коммуналдық қазыналық

кәсіпорыны

Тобы: аралас топ.



Өткізген тәрбиеші: Есмаганбетова Д.Е.

Гастелло ауылы.



2015жыл 15 мамыр.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Мүсіндеу.

Тақырыбы: Отбасылық мерекелік дастархан.

Мақсаттары:

Білімділік: Тұзды қамырдан ысу тәсілі арқылы пішіндер жасауға үйрету. 
Дамытушылық: Іс - әрекетке деген қызығушылықтарын дамыту. 
Тәрбиелік: Отбасын сыйлауға құрметтеуге тәрбиелеу.

Бір - біріне кедергі жасамай, бірлесіп, ұқыпты жұмыс істеуге, еңбек нәтижесіне жетуге ұмтылуға тәрбиелеу. 

Саусақ қимылы - қозғалыстарының ептілігін қалыптастыру. 
Әдіс - тәсілі: Көрсету, түсіндіру, тақпақтар оқу айту. 
Көрнекі құралдар: Бауырсақ, печениялардың дайын үлгісі, тұзды қамыр, төсеніш, сүрткіш, оқтау, моншақ түрлері.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық кезең.

Балалар, бүгін бізде мүсіндеу сабағы болады. Ол ерекше өтеді, бізге көптеген апайлар келіп отыр. Қане шеңбер бойынша тұрып, сәлемдесіп алайық. 
Шаттық шеңбері:

Қане, қане тұрайық, 
Үлкен шеңбер құрайық. 
Тұрсақ енді шеңберге, 
Алақанды ұрайық, 
Оң жақтағы балаға, 
Сол жақтағы балаға, 
Шапалақта шапалақ, 
Шапалақта шапалақ. 

Жарайсындар балалар ал қанеки орнымызға жайғасайық.

Балалар біз бүгін Отбасылық мерекелік дастарханды жасауға көмектесейік.

Сәлемесіздер ме!
Балалар өлең шумағын қимылмен көрсетеді.


Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі.

Сұрақтар қою:

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Біздің көп ұлтты мемлекетіміз қалай аталады?

Мемлекет басшысы елбасымыздың аты кім?

Үйде асты кім дайындайды?

Жарайсындар балалар .

Балалар аналар жайлы кім тақпақ айтып береді?

Балалар оқтаумен жұмыс барысында абай болайық.

Оқтауды сермелеуге болмайды әрі балаға қарсы ұстауға болмайтынын есте сақтайық.
Қане балалар енді біз боялған тұзды қамырымызды алып өзіміз отбасылық мерекелік дастарханға арналған тәтті де дәмді астарымызды жасайық

Камила отбасыңда неше адам тұрады?

Анасының көмекшісі кім?

Балалар дайындаған тағамдарымызды моншақтармен әсемдейік.
Сергіту сәті:

«Мамам үшін»

Мамам үшін күнде мен

Отын ағаш жарамын

Су құйамын гүлге де

Дүкенге де барамын
Қане кім жұмысын аяқтады көрсетейік балалар.

Балалар дайындаған печеняларымызды пешке салайық.

Жібек анаңа арналған тақпағыңды оқып берші

Дайын тағамды пештен алып апайларға үлестіру.


Балалар сұрақтарға жауап береді.

Гүлім:

Мені жақсы көреді,

Күндей күліп келеді.

Көп ертегі біледі,

Маған айтып береді.

Мен гүлдерді жұлмаймын,

Торғайларды қумаймын.

Айтқан сөзін тыңдаймын,

Апашымды сыйлаймын.

Балаларға жұмыс барысында көмек көрсету.

Ділназды ертіп Камила отбасы адамдарын тақпақ арқылы санап береді.

Кел санайық.

Үйде нешеу екенбіз,

Кел санайық екеуміз.

Бас бармағым –папам

Балаң үйрек –мамам,

Ортан терек –апам

Шылдыр шүмек –мен

Кішкене бөбек –сен

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз.

Ділназ:

Рано, рано встану я,

В сад пойду гулять.

Яблоки румяные,

Соберу в саду.

Солнце улыбается каждому кусту,

Маминой помощницей

Я в семье расту..

Балалардың моншақтармен жұмысы.

Балалар қимылмен көрсетеді.
Дайын жұмыстарын қарау
Жібек:

Ақыл құйған санама,

Күннен артық расында.

Күн алыста, ал анам,

Ылғи менің қасымда. Балалар апайларға дайын тағамдарды үлестіреді.

Рефлексиялық түзетушілік кезеңі.

Сабақты қортындылау:

Балалар   бүгін біз кімге көмек көрсеттік ?

Қандай мерекеге дайындалдық?


Естелік үшін дайын көрнекілік тағамдарды сыйға апайларға берейік.

Сабақ соңында Ғажайып атты тақпақты балалар оқып береді

Тәрбиеші:

Өмірде көп ақ қой ғажайып,

Қалмайтын ешқашан азайып

Ал қане саусақпен санайық

Дәптерге мәнерлеп жазайық

Тәрбиеші:бүгінгі сабақ тамаша өтті балалар.

Балаларды мақтау.



Балалардың қоштасуы.

Сау болыңыздар.

Балалар жауаптары:

Аналарымызға.
Отбасылық мерекелік дастарханға тәтті –дәмді тағамдар жасадық.
Балалар естелік сыйлықтарын апайларға береді.

Балалардың тақпақ оқуы.

Гүлім:

Атамның ән күйі ғажайып.

Әжемнің әлдиі ғажайып

Анамның мейірі ғажайып

Әкемнің пейілі ғажайып.

Ұлболсын:

Әпкемнің ақылы ғажайып

Ағамның нақылы ғажайып.

Сіңлімнің ізеті ғажайып,

Інімнің ниеті ғажайып.

Камила:

Бөпемнің күлгені ғажайып

Бәрін де білгенім ғажайып.

Бөлмеген іргені ғажайып,

Үлгі алып жүргенім ғажайып.

Бәріміз бірге:

Осындай жақсы әдет ғажайып



Қалмасын ешқашан азайып.


Балалар қонақтармен қоштасып бөлмеден шығады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: ана еңбегі оның бала өмірінде алатын орны отбасының басқа мүшелерін сыйлау қадірлеу.

Игерді: өз бойларына отбасылық мерекенің мағынасын ұқтыру.

Қолдану: оқтау , тақтайша, үлгілер, қол сүртетін шүберек.



жүктеу 157,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау