Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН


Кейс-стади: wiki бетін жаратылыстану ғылымы сабақтарында пайдалану



жүктеу 4,34 Mb.
Pdf просмотр
бет33/83
Дата14.11.2018
өлшемі4,34 Mb.
#19923
түріБағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   83

78
Кейс-стади: wiki бетін жаратылыстану ғылымы сабақтарында пайдалану
Сабақ жоспарына қысқаша шолу
Сабақ басталғанға дейін мен үш оқушыдан тұратын топ құрдым. Мен оқушыларды тек 
олардың  қабілеттерін  ғана  емес,  тұлғалық  ерекшеліктерін  негізге  ала  отырып,  ең  тиімді 
комбинациялар  жасайтындай  етіп  топтастыруға  тырыстым.  Тұтастың  бөлшектерін  қалай 
бөлуге болады деген сияқты нақты тақырып бойынша әртүрлі ақпарат көздерінен тұратын 
жеті түрлі wiki беттерін жасадым. Ақпарат дұрыс, дұрыс емес немесе жартылай аяқталмаған 
болды және де бұл оқушылар үшін бастапқы материал болатын.
Мен  жасаған  wiki  беттерінде  топ  ішінде  талқылауға  түрткі  болатын  «бастапқы 
материалдың» белгілі бір мөлшері болды. Барлық оқушыларға өз деңгейлеріне сай келетін 
тапсырма бергім келгендіктен, әртүрлі топқа түрлі мөлшердегі материал таңдадым. Ал бір 
топқа ең қиын тапсырма берілді, оларға ешқандай материал берілмей, тек таза парақ пен 
атауы берілді.
Оқушыларды wiki-ді пайдалануға тарту 
Бұл  оқушылар  тобы  үшін  сабақта  wiki-ді  пайдалану  жаңалық  болды.  Біз  алдыңғы 
сабақта «Википедия» деген не екенін түсінуге бірнеше минут қана бөлдік, бірақ тақырып 
толық ашылған жоқ. Оқушыларды жұмысқа тартып, әрекеттерге қатыстыру үшін, олардың 
біреудің  жұмысын  өзгертуге  және  оны  өзінің  түсінігімен  ауыстыруға  жеткілікті  деңгейде 
сенімді болғаны керек. Сабақтың басында пайда болатын проблемалардың алдын алу үшін, 
мен  өзімнің  wiki  беттеріме  белгісіз  бір  дереккөз  араласып  кеткендей  етіп  көрсеттім  де, 
тақырыпты қайта қарау кезінде оларды түзетуге сынып оқушыларынан көмек сұрадым.
Менің беттерімді өзгертуде және үй жұмысы ретінде берілген бір-бірінің wiki беттерін 
редакциялау тапсырмасы кезінде де оқушыларда қиындық тудыратындай ешқандай мәселе 
болған жоқ, бұл «өзін-өзі жетілдіру» ретінде қаралды.
Жұмыстың  бұл  түрін  пайдалануға  үйренген  сынып,  кейін  бір-бірінің  жұмысын  емін-
еркін түзете және жақсарта алу мүмкіндігіне ие болды. Менің ойымша бұл олардың wiki-ді 
дұрыс пайдалануын дамытуға көмектесті.
Пән бойынша технологиялық білім (ПБТБ)
Ақпараттық  сауаттылық  –  бұл  сандық  технологияны  пайдалана  отырып,  ақпараттың 
орналасқан  жерін  анықтау,  ақпаратты  ұйымдастыру,  түсіну,  бағалау  және  құру  қабілеті. 
Техникалық жағынан сауатты болу оқушылардың сандық құралдарды пайдалана білуін + сын 
тұрғысынан  ойлауын  +  әлеуметтік  хабардарлығын  +  оқуға  әлеуметтік  тартылуын  білдіреді. 
Төмендегі диаграммада онлайн және смартфондарда қолжетімді web 2.0 құрал-жабдықтарының 
кейбір түрлері көрсетілген (17-сурет).


79
17-сурет. web 2.0 құралдары
Электрондық қауіпсіздік және пән бойынша технологиялық білім
БАҚ-пен жұмыс істеудегі құзырлылық дәстүрлі және жаңа байланыс қызметтері ұсынып 
отырған  мүмкіндіктерді  пайдалану  үшін  адамдарға  да,  қоғамға  да  дағдыларды,  білім  мен 
түсінікті игеруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар БАҚ көздерімен жұмыстағы құзырлылық 
адамдарға  мазмұнды  және  коммуникацияларды  басқаруға,  осы  қызметтерді  пайдаланумен 
байланысты әлеуетті тәуекелдерден өзін және өзінің отбасын қорғауға көмектеседі.
Бірақ мұғалімдердің негізгі рөлі оқушыларға Интернетті қауіпсіз пайдалануды үйретуге 
негізделеді.
Ең үлкен қауіп: жеке ақпаратты ашатын оқушылар
Шын  мәнінде  тыйым  салынған  деректерді  онлайн-режімде  көру  оқушылар  үшін  аса 
қауіпті  емес.  Өзі  туралы  ақпаратты  көрсететін  баланың  аңқаулығын  пайдаланатындардан 
нақты қауіп төнеді. Әсіресе тіл алмайтын жасөспірімдер ата-аналарының ескертулеріне көңіл 
бөлмейтіндіктен болар, соларға көп қауіп төнеді. Бала өзі туралы, мысалы үйдің телефоны 
немесе мекенжайы туралы жеке ақпаратпен онлайн бөлісуінен туатын қатер әдепсіз суреттер 
қараудан әлдеқайда қауіпті.
Интернетті  пайдалану  кезінде  балаларыңызды  жеке  ақпаратты  сақтауды  үйрету  Сіздің 
негізгі міндетіңіз болуы тиіс. Қандай жағдай болмасын Сіздің балаларыңыз Интернетте өзінің 
атын, телефонының нөмірін немесе мекенжайын толық жазбауы тиіс.


80
Технологиялық, педагогикалық және пәндік білім (ТППБ)
5-кесте АКТ-ны енгізу кезінде мұғалімдердің тәсілдеріндегі өзгерістерді көрсетеді.
5-кесте. Мұғалімдердің АКТ-ны қолданудағы тәсілдері
Дәстүрлі педагогика
Жаңа педагогика
Кітапта қанша бар болса, сонша және 
мүғалім қанша айтса, сонша білу 
Нені білуді және нені еске сақтауды шешу 
Мұғалім оқушыға білім береді 
Мұғалім оқушыларға ақпаратты бағалауға, 
таңдауға, ұйымдастыруға және сақтауға 
көмектеседі 
Мұғалім оқу үшін оқушылар қағазға 
жазады  
Оқушылар дискке жазады және желіде 
жариялайды 
Анық, қолмен жазылған есеп
Шеберлікпен орындалған, қағазға басылған 
құжаттар 
Оқушылардың ақпарат көздерін таңдауы 
шектеулі
Оқушылар жеке таңдау жасайды деп күтіледі 
Оқушылар бір-бірінен жазбаны жасырады 
және мұғалімге ғана оқуға болады 
Оқушылар өз жұмыстарын редакциялау және 
тексеру кезінде пікір алмасады
Кейс-стади
Бұл  тапсырма  менің  тәжірибемде  Менделеевтің  периодтық  кестесіндегі  бір  элемент 
туралы  ақпарат  жинау  үшін  оқушылар  жеке  жұмыс  істейтін,  барлығына  аян  «текшені 
қалыптастыру»  қағидатына  негізделген  тапсырмаларды  оқытуды  қолдану  нәтижесінде 
құрылды. Жиналған ақпарат, әдетте, таныстырылым жасау үшін текше түрінде жинақталады. 
Мен бұл идеяны ақпарат жинау үшін лайықтап, оқушылар оны маған ұсына алатын жаңа 
жолдарды  қарауды  ұйғардым.  Мен  істеп  көріп,  қателерімді  анықтай  отырып,  оқушылар 
шағын  топ  болып  (3–4  адам)  жұмыс  істеулері  қажет  деген  қорытындыға  келдім,  онда  әр 
оқушы жеке элементпен жұмыс істейді, кейін олар өздерінің зерттеген ақпаратын хабарлама 
немесе жарнамалық ролик түрінде ұсынуы тиіс.
Жұмыс  сызбасы  өзімнің  жаратылыстану  пәні  бойынша  екі  сабағыма  және  тағы  бір 
сабаққа негізделеді, бірақ бұны үш сабақта істеуге немесе екі сабаққа дейін қысқартуға бо-
лады. Сатып алушыларға әсер ету үшін БАҚ жарнамалық роликті қалай пайдаланатынына 
көп  уақыт  бөлуді  ұйғардым.  Мәселен,  егер  сабақта  уақыт  жеткіліксіз  болса,  оқушыларға 
өздерінің жарнамалық роликтерін ойлап шығаруға және айналысуға қосымша уақыт беруге 
болады. Бірақ мен осы идеяларды қалай болғанда да, қысқаша болса да, көрсетіп түсіндіруді 
ұсынамын,  сонда  оқушыларда  еліктейтін  үлгі  болады,  әрі  жарнама  ролигінің  ең  соңғы 
нұсқасы анағұрлым ықшам әрі ұтымды болуына септігі тиеді.
Тізбектелген  сабақтар  топтамасының  соңғы  сабағын  мен  оқушыларға  жарнамалық 
роликті редакциялауға, оған түрлі әсерлер мен атаулар қосуға, содан кейін оны сыныппен 
көріп, ең жақсы роликке сынып қалай дауыс беретінін бақылауға арнадым. Дегенмен дайын 
немесе мұғалім редакциялаған жарнама ролигін ғана көрсету арқылы уақытты үнемдеуге 
болады.
Мен роликтер түсіру үшін оқушыларды топпен үзіліс кезінде немесе түскі ас уақытында 
жұмыс істеуге шақырған пайдалы екенін анықтадым. Бұл шынында да нәтиже берді, себебі 
оқушылар роликтерінің сыныптан тыс таныстырылымының алдында өздерін сенімді ұстады 
және оларды жазып алу үшін барлығы қайтып келуге тырысты.


жүктеу 4,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау