Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



жүктеу 4,34 Mb.
Pdf просмотр
бет39/83
Дата14.11.2018
өлшемі4,34 Mb.
#19923
түріБағдарламасы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   83

92
•  Оқушыларды қалай оқу керектігін үйрету үшін бағалауды пайдалана алады;
•  Жоспарлау, оқу және бағалау үдерістерін тиімді ықпалдастыра алады.
3.  Оқыту  мен  оқудағы  жаңа  тәсілдерді  енгізу  туралы  ойлану  және  одан  әрі  дамытуға 
арналған тәсілдер мен идеяларды белгілеу.
Кәсіби қасиеттері мен міндеттемелері
Мұғалімдер Бағдарламаны игеру барысында:
•  Әрбір оқушыға үлкен үміт артады және оқушылардың білімдік жетістіктеріне жағымды 
үлес қосады;
•  Оқыту мен оқу барысында әріптестермен ізгі ниетті өзара қарым-қатынас болуының 
маңыздылығын түсінеді;
•  Тиісті  құрылымдық  бөлімшенің,  бүкіл  мектептің  оқыту  және  оқу  тәжірибесін 
жетілдіруге үлес қосады;
•  Педагогикалық  шеберлік  орталығының  порталы  арқылы  виртуалды  оқу  ортасы 
жағдайында  Бағдарламаның  құрылымдалған  қосымша  материалдарын  белсенді  пай-
даланады;
•  Мектептің кәсіби желілік қоғамдастығы жағдайында жұмыс істей алады;
•  Өз тәжірибесі туралы ойлана және оны талдай алады;
•  Ұсынымдарға қатысты лайықты әрекет етеді;
•  Жеке кәсіби даму аспектілері туралы біледі, үнемі өзін-өзі жетілдіруге ұмтылады;
•  Өз  тәжірибесін  жетілдіруге  ықпал  ететін  жергілікті  сипаттағы  сыныптағы  зерттеу 
жұмысын жүргізеді.
2-қосымша. Портфолионың таныстырылымында үш негізгі  
критерийлерді қолдану үлгісі
Тізбектелген сабақтар топтамасын орта мерзімді жоспарлау слайды мұғалімнің оқыту 
мен оқу тәжірибесінде Бағдарламаның жеті модулінің идеяларын тиімді пайдалануға дайын 
екендігін көрсетуге тиіс.
Айталық,  тізбектелген  сабақтар  топтамасының  жоспарында  оқушылармен  пікірталас 
жүргізу  мүмкіндігі  қарастырылуы  мүмкін,  мұғалімнің  сыныптас  оқушылар  бір-бірінің 
жұмыстарын  бағалау  критерийлерін  жасай  алатындығын  көрсете  отырып,  оның  дарынды 
және талантты оқушыларды сыныптағы бірлескен жұмыста жетекші рөлді атқаруға дайындау 
әдістемесін меңгергені көрініс табуы мүмкін. Бұл әдістеме оларға топтың басқа мүшелерінен 
алған ақпаратты талдап, жүйелеуге мүмкіндік береді.
Модульдердің  тізбектелген  сабақтар  топтамасына  қалай  және  неліктен 
ықпалдастырылғаны  туралы  слайд  пайдаланылған  және  ұсынылған  әдебиеттің,  сондай-
ақ  мұғалімнің  кәсіби  қажеттіліктеріне  сәйкес  таңдалып  алынған  қосымша  әдебиеттің 
қолданылғандығының  дәлелдемесі  болуға  тиіс.  Есепте  өзінің  оқыту  және  оқу  тәжірибесіне 
Бағдарламаның нақты модульдері қалай және неліктен ықпалдастырылғаны туралы сенімді 
баяндалуға тиіс.
Айталық, есепке оқушылар сыныптастарымен пікірталас жүргізу әдісінің мүмкіндіктерін 
қолдана  отырып,  математикалық  есептерді  шешпек  болған  сабақтың  немесе  тізбектелген 
сабақтар  топтамасының  талдауы  кіргізілуі  мүмкін.  Бұл  мұғалімге  сыни  бағалауды 
қалыптастыруға,  оқушыларды  есептерді  өз  бетінше  емес,  бірлескен  идеялар  негізінде 
шешулеріне  көмектесу  мақсатында  бұндай  үдерісті  жоспарлаудың  дәлелдемесін  ұсынуға 
мүмкіндік  береді.  Мұғалімдер  бұл  үдерісті  Мерсердің  «бірлескен  ойлау»  туралы  идеясы-
мен  сабақтастырып,  оқушыларды  қарым-қатынас  жасауға,  бір-бірімен  ынтымақтастық 
орнатуға  ынталандыратын  есептерді  беруге  бағытталған  мозаикалық  оқыту  әдістемесінің 


93
пайдаланылғанын түсіндіре алады.
Бір  сабақ  бойынша  рефлексия  Бағдарламаның  идеяларына  сәйкес  оқуды  бағалауды 
көрсетеді.  Атап  айтқанда,  сын  тұрғысынан  ойлауды  қалыптастыру  жөніндегі  жұмыстың 
жүргізілгенін  растау  үшін  есепте  оқыту  мен  оқудың  нақты  стратегияларын  пайдалану 
негіздемесі, олардың әрқайсысының тиімділігін талдаумен қатар, тиімділігі жоқ стратегиялар 
көрсетілуі  тиіс.  Есепке  нақты  оқушының  оқу  дәлелдемелерін  қосу  қажеттілігі  міндетті  бо-
лып табылады, оқу дәлелдемелері ретінде оқушымен «бірлескен әңгіме» жазбаларын неме-
се дарынды және талантты балалар талдау мен жинақтау бойынша алған дағдыларын қалай 
көрсеткендігі туралы жазбаларды алуға болады. Есепте табысты тәжірибенің болуы міндетті 
емес,  бірақ  ол  мұғалімнің  оқыту  мен  оқудағы  жаңа  тәсілдерді  пайдалана  отырып,  оқуды 
бағалауға ұмтылғанын көрсетуге тиіс. 
Мәселен, есепте оқушылардан Мысыр туралы web-сайттарды салыстыру сұралған сабақ 
туралы баяндалуы мүмкін, бұл жағдайда мұғалім оқушылар пікірталасының хабарлаушылық 
сипатта  болғандығы  және  мұғалімнің  оқушыларда  сын  тұрғысынан  ойлауды  көру  туралы 
үміті ақталмағандығы туралы қорытынды жасай алады. Бұның дәлелі ретінде оқушылардың 
пікірталасы туралы мұғалімнің есептерін көрсетуге болады. Сабақтың күтілген нәтижелерді 
мүлде  бермегеніне  қарамастан,  мұғалім  бар  назарын  бағалау  және  талдауға  бағытталған 
сабаққа аударғаны түсінікті болар еді. 
Оқыту  мен  оқу  тәжірибесіне  өзгеріс  енгізу  және  оларды  басқару  жөніндегі  рефлексия 
мұғалімнің алған тәжірибені болашақ практикасында пайдалануға болатындығын дәйектейді. 
Бұл оқыту мен оқу тәжірибесіндегі жаңа тәсілдерді терең зерделегенін және пайдаланғанын ба-
рынша көрсетіп, мұғалімнің өз тәжірибесіне өзгерістерді енгізу тәсілдерін паш етеді. Бұл есеп-
тер мұғалімнің оқыту мен оқу тәжірибесіне жаңа тәсілдерді енгізуге қатысты сыни көзқарасын 
растауға тиіс, сондықтан сипаттама беруден гөрі, пікірталастық сипатта болғаны абзал, оқыту 
мен оқудың нақты әдіс-тәсілдерін пайдалану негіздемесін көрсетіп, бір әдіс-тәсілдердің тиімді 
болғандығының  себептерін  талдап,  басқа  әдіс-тәсілдерде  ондай  қасиеттің  жоқ  екендігін 
айқындауға тиіс. Тізбектелген сабақтар топтамасының есептері мұғалімнің метатаным туралы 
хабардарлығын: оның оқу нәтижелерін ғана емес, оқу үдерісінің өзін де түсінетіндігін растауы 
керек.
Айталық,  мұғалім  бірінші  «Бетпе-бет»  кезеңінде  талқыланған,  қабілеттері  әртүрлі 
оқушылармен бірге оқитын дарынды және талантты балаларды инклюзивтік оқытумен бай-
ланысты идеяларды түсіндіре отырып, дарынды және талантты балаларды оқытуға арналған 
тапсырмаларды  күрделендіру  қарқынын  көрсете  алады.  Мұғалім  оқу  барысында  дарынды 
және талантты балалар оларға қатысты дау туғызған осындай көп қырлы тәсілді қолдана оты-
рып, оқуды қалай іске асырғанын және қорытындысында бұл санаттағы оқушылардың қалай 
дамығанын, олардың ойлары қалай өзгергенін түсіндіре алады.
Сонымен қатар, мұғалімдердің оқыту мен оқу тәжірибесі бойынша ұсынылған есептерінде 
олардың өздерінің болашақ тәжірибесіне қатысты жүргізілген талдау негізінде қалыптасқан, 
ғылыми негізделген шешімдері болуы керек. Мысалы, мұғалім өзінің дарынды және талантты 
балалармен жұмысы туралы есепті жазған соң көпшіліктің талқысына оқушыларды одан әрі 
дамыту үшін топтағы бірлескен жұмысты жоспарлау әдістемесін ұсына алады.


жүктеу 4,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау