86
Оқу нәтижелері мұғалім сабақта қойған мақсаттарына қол жеткізе алды ма, жоқ па екенін
білуге мүмкіндік береді.
Оқу нәтижелері:
• оқушыға
бағытталуы керек;
• белгілі бір дағдыны сипаттайтын
етістік болуы керек;
• оқушының оқу үлгерімі тұрғысынан жазылуы керек.
Тізбектелген сабақтар
топтамасын оқыту маңызы
Тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлау, оқыту және ол бойынша рефлексия жүргізу
Бағдарламаның негізгі мәселесі болып табылады.
Бағдарлама мұғалімдердің теориялық білімдерін дамытып қана қоймай, ол идеяларды
қолдана отырып, өз тәжірибесіне енгізілген өзгерістердің әсері туралы ойлану арқылы өз
тәжірибесін дамытуды мақсат етеді.
Тізбектелген сабақтар топтамасы мұғалімдерге болып жатқан өзгерістердің өзінің
тәжірибесіне ықпалын ескере отырып, өзінің оқыту тәжірибесіне Бағдарламада ұсынылған
идеяларды енгізуге мүмкіндік береді.
Осыған байланысты тізбектелген сабақтар топтамасы Бағдарламаны бағалауға арналған
негіз болып табылады.
Тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлау
Бірінші «Бетпе-бет» кезеңінің төртінші аптасының екінші-үшінші күні өтетін сабақтарда
мұғалімдер жоспар жасап үйренеді. Педагогикалық шеберлік орталығының білім беру порта-
лынан мұғалімдерге тізбектелген төрт сабақтан тұратын топтаманы жоспарлауда пайдалануға
болатын көптеген ресурстарды табуға болады.
• Жоспарлау жөніндегі нұсқаулық мұғалімдерге сабақтар топтамасы кім үшін
жоспарланғанын, нені үйрету керек екенін және бағалаудың қандай әдістерін пайдала-
ну қажет екенін түсінуге мүмкіндік береді.
• Толтыруға арналған кесте орта мерзімді жоспарлау кезінде қолданылатын нысан
болып табылады. Оны мұғалімдер оқу мақсаттарын жазуға, оқытудың белсенді стра-
тегияларын, оқу нәтижелерін, жоспарланған бағалауды, оқушылардың барлығының
сабаққа қатысқандығын және әр сабақ үшін қажетті ресурстар тізімін жазу үшін пай-
далана алады.
• Кестені толтыру жөніндегі нұсқаулықта орта мерзімді жоспарлау нысанының қандай
тарауына не жазу керектігі туралы толық мәлімет ұсынылған.
• Орта мерзімді нәтижелерді бағалауға арналған бақылау парағы мұғалімдерге өз
жоспарларына қажетті мәселелердің барлығы кіргізілгендігін тексеруге мүмкіндік
береді.
Бағдарламаның жеті модулі бойынша барлық идеялардың өзінің орта мерзімдік жо-
спарына енгендігіне көз жеткізу үшін мұғалімдер өздері әзірлеген сабақтар топтамаларын
әріптестерімен және тренерлерімен бірлесіп қайта қарай алады.
87
ЭТИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР
Бұл Бағдарлама Сіздің мектебіңіздің шеңберінде немесе басқа кәсіби қызметте өткізілген
тәжірибелік зерттеу болуын көздейді. Мұндай зерттеу сауал және сұхбат сияқты әдістердің
көмегімен оқушылардың, әріптестердің немесе ата-аналардың пікірлерін немесе олардың
тәжірибелерін жинақтауды қамтуы мүмкін. Зерттеу сыныпта немесе мектептің басқа бөлігінде
жүргізілген байқау, бейнежазба немесе фотосуреттерден тұрады. Осылайша деректерді жи-
нау кезінде адамдардың жеке өмір құқығын бұзу немесе оның беделіне, не болмаса кейбір
жағдайына зиян келтіру қаупі туындауы мүмкін. Мұндай тәуекелдер адамдарға, атап айтқанда
балаларға қауіп тудыруы мүмкін.
Жоғарыда аталған себептер бізді мәселелерді мұқият талдап, хаттамалар мен рәсімдерді
іріктегенде саналы таңдау жасауға итермелейді. Төменде қабылдауға қажетті 10 іс-әрекет
тізімі келтірілген:
• Сіз зерттеу өткізуді жоспарлаған нақты мекеме өкілдерінен бұл мекемедегі зерттеу
жүргізу туралы ережеге қатысты кеңес алу және оны ұстану.
• Зерттеу өткізу туралы виртуалды оқу кеңістігінде этикалық мәселелер бойынша кеңес
алу және олардың Сіздің зерттеуіңізге сәйкестігін ескеру. http://www.bera.ac.uk/blog/
category/publications/guidelines/
• Сұхбат, есеп жүргізу, оқушылардың бейне және фото түсірілімі туралы мектепте ереже
әзірленгендігін анықтау. Ережеде оларды өткізуге рұқсат беру туралы мәселелер қалай
баяндалған, құжаттарды қалай сақтауға болады?
• Балаларды экспериментке немесе зерттеуге қатыстыру үшін оқушылардың ата-анала-
рынан немесе қамқоршыларынан алдын ала рұқсат сұраңыз. Ата-аналарға жіберілген
хатта жұмыстың мақсаты мен сипатын толығымен түсіндірілуін қамтамасыз етіңіз
және олардың хаты алынғандығына көз жеткізіңіз. Ата-аналардың келісімін жазбаша
растауын өтініңіз.
• Өз ниеттеріңізді жоспарда жазбаша түрде жазыңыз және әріптестеріңізбен, атап
айтқанда мектеп директорымен өзіңіздің жобаңыздың пайдасы жайлы кеңесіңіз.
• Деректерді жинаудың қандай тәсілін қолдансаңыз да, Сіз жұмыстың мақсаты мен
нәтижелерін пайдалану әдістерін толық түсіндіруіңіз керек. Барлық оқушылардың
келісім бергеніне қайта көз жеткізіңіз.
• Сұхбат немесе пікірталастың кез келген жағдайында, үшінші тараптың (оқушылардың,
әріптестердің) жеке өмірі мен беделін қорғау қалай қамтамасыз етілетіндігі жайында
айқын хаттамалар белгіленеді.
• Жасырындылық қағидатына сәйкестікті ескеріңіз. Кей жағдайларда өз жұмысын таны-
ту мақсатында мектеп немесе мұғалімдер бұл қағиданы бұзуы мүмкін.
• Сұхбат беруші (оқушылар, әріптестер, басшылық) Сіздің зерттеуіңіз туралы пікір ала
алуын қадағалаңыз.
• Зерттеуіңіз оқушылардың қызығушылықтарына мейлінше сай өткізілуін қадағалаңыз.
Бұл ұсыныстарды қоспағанда, Сіз өз зерттеуіңіздің этикасын анағұрлым кең мағынада
қарастыра аласыз. Зерттеу өткізу және бағдарлама талаптарын қанағаттандыру мақсатында,
Сіз әріптестеріңізді және/немесе оқушыларыңызды өзіңізбен ынтымақтастықта жұмыс
істеуге жұмылдыра аласыз, бірақ сіз шақырғыңыз келетіндер үшін де, мектеп үшін де Сіздің
жобаңыз тиімді бола ала ма? Мысалы, шешім қабылдауға қолдау көрсету үшін мектеп пайда-
лы дереккөздермен қамтамасыз етіле ме немесе өз пікірлерін білдіргеннен оқушыларға пайда
бола ма.
Сіздің этикалық ұстанымыңызды есепке алу
Сыпайы жұмыс істеу және «сыпайы болып» көріну – екі түрлі нәрсе. Бағдарламаның кез