Глава 2. Антикоррупционная культура:
механизмы
и
институты развития
сондай-ақ негізгі объектілері – мемлекеттік органдар мен олардың
лауазымдық тұлғалары болып табылады.
Қоғамдық бақылау мемлекеттік органдар мен азаматтардың
коммуникациялары саласында жария саясатта азаматтардың тікелей
қатысуын, азаматтардың әлеуметтік белсенділігінің нысаны ретінде
қатысады. Бұл ретте қоғамдық бақылау проблемаларды анықтауды және
оны шешу үшін ресурстар қалыптастыруды талап етеді.
Мемлекеттік органдар жұмысын қоғамдық бақылау демократияның
базалық элементі болып табылады. Қоғам мемлекетке өкілеттіктер мен
ресурстар бере отырып, олардың мақсатты пайдаланылуын бақылау
үшін барлық негіздерге ие.
Қоғамдық бақылау
–
бұл азаматтардың мемлекеттік органдардың өз
міндеттерін орындауын, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін
сақтауын қадағалауы [3].
Осылайша, қоғамдық бақылау – бұл қоғамдық ұйымдар мен
бастамалық топтардың азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін
бұзушылықты тоқтату және оған жол бермеу мақсатында азаматтардың
құқықтары мен заңды мүдделерінің мекемелер мен мемлекеттік
органдарда және жергілікті басқару органдарында, меншіктің әртүрлі
нысандарындағы кәсіпорындарда сақталуын қадағалауы.
Қоғамдық бақылаудың негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
–
қоғамның жетілуі;
–
тәуелсіздік;
–
адам құқықтарын және заң талаптарын талап етудің қағидаттылығы;
–
мемлекеттік органдар мен жергілікті басқару органдары қызметінің
жариялығы мен ашықтығы;
–
мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сыйластық пен серіктестік
қатынастар.
Қоғамдық бақылау:
1) қоғамның барлық мүшелерінің мүдделері мен қажеттіліктерін
бірыңғай басқарушы еркіне біріктіретін қоғамды және оның жекелеген
институттарын басқару
нысандары ретінде болады;
2) әртүрлі әлеуметтік топтар мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз
ету және осы мүдделердің қайшылықтарына жол бермеудің негізгі
құралдарын білдіреді;
3) кейінге қалдыратын міндеттерді шешу үшін күш-жігерді үйлестіру
мен
біріктіру әдісі болып табылады;
4) бұзушыларды анықтауға және қоғамдық талқылаудан бастап
құқық бұзушыларға мәжбүрлі сипаттағы шараларды қолдануға әсер
етуі мүмкін құқықтық жауапкершілікпен аяқталатын оларды қоғамдық
жауапкершілікке тарту тетігін әзірлеуге мүмкіндік беретін әлеуметтік
нормаларды орындаудың
кепілі ретінде болады;
5) кез келген қоғам мен оның негізгі институттарының бірінің жан
жақты ажырамас өкілеттігі болып табылады [4].
Қазіргі заманғы Қазақстанда мемлекеттік органдар қызметін
қоғамдық бақылау тетігін дамыту мәселесі аса өзекті болып табылады.
Қазіргі уақытта қоғамдық бақылау жүйесін қалыптастыру жүргізілуде,
45