Глава 2. Антикоррупционная культура:
механизмы
и
институты развития
3. Қазіргі отбасы не себепті қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті
қалыптастыруға қатыспайды?
4. Отбасы тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеуге қатысуы үшін
не істеуі қажет?
Рефераттардың үлгілік тақырыптары
1. Адамгершілік құндылықтары сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті
қалыптастыру негізі ретінде.
2. Отбасының тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртібін тәрбиелеудегі
рөлі
3. Отбасының қазақстандық патриотизмді тәрбиелеудегі әлеуметтік жауап-
кершілігі.
Әдебиет
1. Назарбаев Н. Ә. Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ
еңбек қоғамына қарай жиырма қадам // Егемен Қазақстан.
–
2012.
–
10 шілде.
37
ОСНОВЫ АНТИКОРРУПЦИОННОЙ КУЛЬТУРЫ
§ 6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің ұлттық негіздері
Ұлттық менталитеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті
қалыптастырудағы ерекшеліктері
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың табысын ғалымдар да,
практиктер де әлеуметтік мәдениет пен азаматтардың ділінен көреді.
З. Туфан әлем картинасын жасайтын және мәдени дәстүрдің бірлігін
бекітетін ойлар мен сенімдердің жиынтығы ретінде ділдік анықтамасын
береді [1, 19-20-бб.].
Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптас-
тырудағы этностық ерекшеліктерді анықтау үшін осы параграфта белгілі
бір этностық топтарды айқын ажыратпай-ақ, азаматтылық тұрғысынан
елдің біртұтас халқының мәдениеті мен ділдігі қарастырылды. Бұл
тәсіл біртұтас ұлт – Қазақстанның біртұтас халқын қалыптастыруға
бағытталған елдің стратегиялық міндеттеріне жауап береді. Алайда,
Қазақстан сияқты көп этносты және көп конфессиялы қоғамда
этносаралық ықпалдасу және саралау ретінде құндылықтар мен
нормалар жүйесі қалыптаса алады. Осы айырмашылықтар бейбітшілік
пен этносаралық келісімнің қазақстандық үлгісінде сақталатын әр
алуандықты айқындайды.
Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев белгілеген «Мәңгілік Ел» жалпы
ұлттық идеясының құндылықтары қазақстандық қоғамды біріктіруші
ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті құруда негізін
қалаушы болып табылады. Бұл – азаматтық теңдік, еңбекқорлық, ғалым
мен білім ғибраты, зайырлы ел – толеранттылық елі сияқты құндылық-
тар [2].
Азаматтық теңдік әркімнің еңбекке, білімге, денсаулықты қорғау,
әлеуметтік теңдікке құқығын бекітетін ел Конституциясымен қамтамасыз
етіледі. Бұл қағидаттар мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық,
әлеуметтік және білім беру саясатын іске асыруға негізделген.
Еңбекқорлық, ғылым мен білім, толеранттылық құндылықтар
ретінде нормативтік құжаттарда ғана емес, халықтың салт-дәстүрінде,
мәдениетінде,
әлеуметтік ойында, ділінде қаланған.
Елдің кең-байтақ аумағында орналасқан халықтың ділі қонақжайлық
пен толеранттылық, өзара түсіністік пен өзара көмек, дәстүрлерді
құрметтеу, әділдік, білімге талпыну мен еңбексүйгіштік сияқты
қасиеттерден қалыптасқан. Аталған қасиеттер сол немесе өзге де
дәрежеде әлемнің басқа да халықтарына тән. Халықтың ділі дәстүрлер,
сенімдер, өмір салты, шаруашылық және материалдық мәдениетіне
негізделген нормалар мен ережелердің қиылысуы болып табылатын
оның күнделікті тәжірибесінде көрініс табады.
Ұлттық негіздер адамдардың рационалды, иррационалды, құн-
дылықты, әлеуметтік тәртібінің санаттары туралы негізгі ұғымдарды
қалыптастырады.
Ұлттық негіздер әртүрлі халықтардың осы белгілері қалай сезілуі
мен іске асырылуынан көрінеді. Бұл айырмашылықтар әр халықтың
сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетіндегі айырмашылықтарды
38
Глава 2. Антикоррупционная культура: механизмы
и институты развития
болжайды, себебі қалыптасқан мінез-құлық нормалары мен дәстүрлері
сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетке ауысады. Л. В. Савинов атап
көрсеткендей, «осында [әртүрлі этностық топтар] өзге нысандары ғана
емес, сонымен қатар өзге түсінік пен сыбайлас жемқорлықты өзгеше
қабылдау бар [3].
Халық дәстүрінде көп уақыт өтуіне және осы практиканың күнделікті
қайталануына байланысты иррационалдық деңгейде жаңғыратын,
ұтымды тәртіп нысандары орныққан. Олардағы рационалды өзекті
анықтауға тырысу қоғамның материалдық және рухани мәдениеті
негіздеріне тереңдеп ену қажеттігіне әкеледі. Әрине, еңбек, білім, теңдік
пен толеранттылық құндылықтары бейәлеуметтік, жағымсыз тәртіп, біз
оған сыбайлас жемқорлықты жатқызатын, нысандарына қарсы тұрады.
Бұрын көмегін көрсеткен адамға көмек көрсету бірқатар дәстүрлі
мінез-құлық нормаларына жатқызылады
–
«асар» және басқалар, олар
достық немесе туысқандық қатынастар негізінде өзара қолдау мен
көмекті көрсетеді. Бұл – жеке бас пайдасы үшін емес, қиын жағдайда
көмектесу негізделген адамның мінез-құлқының әлеуметтік құндылығы.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің ұлттық негіздері
қоғамның жалқаулық, парақорлық, ұрлық, әділетсіздік және басқалар
сияқты кеселдерін айыптау нормаларында көрінеді. Мысалы, әртүрлі
этностардың мақал-мәтелдерінде халықтың алақол адамдарға деген
теріс көзқарасы көрінеді:
«Түйе немесе түйме ұрласа да, ұрының аты ұры»,
«Ұрлық жасасаң, жазадан қашып құтылмайсың»,
«Ұрымен
дос болсаң, ұяласың, өзің де ұрлық жасайсың»,
«Ұры ұрлық жасауын қойса да, «ұры» атауы оның қыр соңынан
қалмайды»,
«Арамдықпен
еңбек ету, тамақты ұрлықпен тапқанға тең»,
«Оңай жолмен келген табыс, құт болмайды»,
«Қайыршының
қарны тоймас, ұры бай болмас» (қазақ мақалдары);
«Арам жолмен келген игілік, пайдалы болмас» (күрд мақалы);
«Қасқырды көк бөрі болғаны үшін емес, қойды жегені үшін соғады»
(орыс мақалы).
Бұл ретте «ұрлық» тура және жанама мағынасында да түсініледі.
«Ұрлық жасау» осы байлықтың шынайы иесіне айтпастан еңбек етпей
баю дегенді білдірмей ме?
Әлеуметтік нормалар, ар-ождан мен абырой ұғымдары. Әлеуметтік
тіршілік иесі мен саналы адам оны айналасындағылар қалай қабылдайды
деп ойланады. Оның тәртібі қоғам белгілейтін және оның тәртібін
бақылау функциясын атқаратын әлеуметтік нормалармен реттеледі.
Қоғам мен адамның мұндай рухани байланысы ар-намыс пен абырой
ұғымдарында білінеді.
Ар-намыс пен абыройды сақтау мәселелері қоғамдық және жеке
сананың әрдайым ерекше бақылауында болды. Ар-намыс пен адами
абыройын сақтау – көптеген халықтың шынайы өмір сүру мәні. Бұл
қағидаттар сақталып және ұрпақтан ұрпаққа беріліп, осы күнге дейін
өзінің әлеуметтік мәнін жоғалтпаған халық нақылдарынан көрінеді.
39