ОСНОВЫ АНТИКОРРУПЦИОННОЙ КУЛЬТУРЫ
–
мемлекеттік органдардың азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің
сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарламасын
қамтитын өтініштерін қарау бойынша қызметінің тиімділігіне тәуелді
болады.
Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
жасау саласындағы қоғамдық бақылау жүйесінің қалыптасуы
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының қазіргі заманғы
кезеңінде сыбайлас жемқорлықты ауыздықтау елдің экономикалық
және саяси дамуының маңызды стартегиялық бағыттарының бірі болып
табылады. Республиканың қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз
ету жеке кәсіпкерлікті дамытуға бөгет болатын, табиғи ресурстарды
талан-тараж етуге әкелетін, ұлттық экономикаға тиімсіз инвестицияларды
жүзеге асыратын және т.с.с. сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетусіз
мүмкін емес. Осылайша, Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен тиімді
күресу үшін қоғамдық, саяси және экономикалық салалардағы барлық
стратегиялық міндеттерді шешу қажет.
Қоғамның қолдауынсыз сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар тек
қана жартылай әсер береді. Сондықтанда сыбайлас жемқорлықтың алдын
алудың маңызды бағыты тиімді қоғамдық бақылау болып табылады.
Тәжірибе көрсеткендей, азаматтардың қоғамдық-саяси белсенділігінің
төмендігіне қарамастан Қазақстанда қоғамдық бақылау жүйесінің
қалыптасуы басталды.
Қазақстанда қоғамдық бақылау жүйесін қалыптастыру процесінің
маңызды кезеңдері «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»
(1998 ж.), «Мемлекеттік қызмет туралы» (1999 ж.), «Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл туралы» (2015 ж.), «Қоғамдық бақылау туралы»
(2015 ж.) заңдарды қабылдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
жөніндегі арнайы мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
агенттігін құру болды.
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган, сондай-ақ оның
аумақтық департаменттері қоғаммен өзара іс-қимыл жасасу, мемлекеттік
қызметтер көрсету сапасын; азаматтардың өтініштерін қарау сапасын
іс жүзінде бақылау бойынша жұмысты бастады.
Осының арқасында Қазақстанда мемлекеттік аппарат жұмысының,
мемлекеттік қызметтер көрсетудің тиімділігі мен айқындылығы артып
келеді, бизнеске әкімшілік жүктеме төмендеуде, сыбайлас жемқорлыққа
қарсы заңнама жетілдірілуде. Азаматтарға сыбайлас жемқорлық
фактілері туралы хабарлау мүмкіндігін беру үшін әртүрлі нысандағы
интернет-қабылдаулар, ресми сайттарда тиісті бөлімдер, шұғыл желілер,
сенім телефондары ұйымдастырылған. «Қазақстан Республикасының
2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы
стратегиясы» қабылданды. Бұл маңызды стратегиялық құжатта сыбайлас
жемқорлыққа саясат тұжырымдамасы бекітілген және сыбайлас
жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге ықпал ететін іс-шаралар кешені
әзірленді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудың маңызды
қадамы Құрылымдық реформаларды іске асырудың 2014-2015 жылдарға
48
Глава 2. Антикоррупционная культура: механизмы
и институты развития
арналған жол картасының ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 24 қазандағы
№ 1012 қаулысымен бекітілуі болды. Осы құжатта таяудағы перспективада
бизнесті дамыту үшін тосқауылдарды жою бойынша, сондай-ақ
сыбайлас жемқорлықты төмендету бойынша кезек күттірмейтін шаралар
белгіленген.
Жол картасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді күрес жүргізу
мақсатында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес бойынша мемлекеттер тобына (ГРЕКО) кіруі және Сыбайлас
жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы конвенцияға және
2020 жылға дейінгі сыбайлас жемқорлық үшін азаматтық құқықтық
жауапкершілік туралы конвенцияға қосылуы бойынша, ҚР Үкіметіне
2017 жылғы 1 қаңтардан бастап халықтың табыстары мен шығыстарын
жалпы декларациялауға көшуін көздейтін заң жобасын енгізу бойынша
мәселе қарастырылды [6].
Қазіргі уақытта мемлекеттік органдардың қызметін бақылауды жүзеге
асыруды реттейтін мынадай үш негіз қалаушы заң қабылданған:
«Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы № 383
–
V
Қазақстан Республикасының Заңы. Осы Заң қоғамдық кеңестердің
құқықтық мәртебесін, халық алдында есеп беретін мемлекет қалыптастыру
жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға, барлық деңгейлердегі
мемлекеттік органдардың шешімдер қабылдауына коммерциялық
емес ұйымдардың, азаматтардың кеңінен қатысуын қамтамасыз
етуге бағытталған қызметін қалыптастыру және ұйымдастыру тәртібін
айқындайды [7];
–
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы
№ 401-V Қазақстан Республикасының Заңы [8]. Заң ақпаратты заңмен
тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін алу және тарату жөніндегі
әркімнің конституциялық құқығын іске асыру нәтижесінде туындайтын
қоғамдық қатынастарды реттейді; 2016 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа
енгізілген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы
18 қарашадағы № 410-V Қазақстан Республикасының Заңы [9]. Бұл
құжатта басымды назар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен жолын
кесуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдем көрсеткен адам-
дардың қауіпсіздігі мен қолсұғылмаушылығының кепілдігін қамтамасыз
ету тетігін енгізуге аударылады.
Қазақстан Республикасында сонымен қатар барлық жеке тұлғалар-
дың табыстары мен мүлкін декларациялау енгізілуде. 2015 жылғы
18 қарашада Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының
кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін
декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына қол қойды [10]. Заң
Мемлекет басшысының «Бес институционалдық реформаларды іске
асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындау, Қазақстан
Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа
қарсы стратегиясының, Қазақстан Республикасының азаматтары мен
тұруға ықтиярхаты бар адамдардың кірістерін және мүлкін жалпыға
бірдей декларациялауға көшіру тұжырымдамасының, сондай-ақ
49
Достарыңызбен бөлісу: |